Тақырыбы:Тапқыр болсаң, озып көр!
Мақсаты:Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан-жақты болуға, логикалық ойлауларын қалыптастыру, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, тапқыр, озық болуға тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші:
- Балалар, бүгін біздің 1-2 сынып оқушыларының арасында Тапқыр болсаң, озып көр! атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа екі сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысымыздың қатысушыларына қошемет көрсетіп қойсақ.
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,
-дей отыра әділ-қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
Мектебіміздің директоры: Н.Артықбаева
Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Рашева
ӘБ жетекшісі: Г.Меркебаева
Мектеп психологы:Б.Абарова
Жүргізуші: Сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін:
1-айналым: Білгенге маржандеп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады. Қатысушалар кезекпен жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
2- айналым: Кішкентай математикдеп аталады. Қатысушылар ақылдасып математикалық амалдарды дұрыс орындай отырып есептерді дұрыс шығаруы керек. Дұрыс шығарған есепке 1 ұпай беріледі.
3-айналым: Құрастырма сурет.
Бұл айналымда топтарға тақтадан суреттер көрсетіледі. Сол суреттерді қима суреттермен құрастырады. Дұрыс құрастырылған суретке 5 ұпай беріледі.
4-айналым: Кім тапқыр?деп аталады. Сөзжұмбақтың шешуін тауып, жазады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
5-айналым: Ойлы болсаң, озып көр! айналымында топ басшылары ортаға шығып әріп таңдайды. Оқылған сұрақтарға тек осы әріптен басталатын сөздермен үш секунд ішінде жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап берген сайын алдыға бір қадам жасап отырады. Жауап бере алмаса сол орында қалады.
Жүргізуші: Ал енді балалар, сайысты бастамас бұрын бүгінгі қатысушылар тобымен танысып алайық.
1-топ: Зерде тобы
Ұраны:
Қалың қауым амансың ба?
Зерде тобы алдыңызда.
Білімімізді көрсетеміз,
Бүгінгі білім жарысында.
2-топ: Зейін тобы
Ұраны:
Көрген, білген, түйгенін
Көкірегінде сақтайтын.
Зейін тобы біздерміз,
Сайыстардан қалыспайтын.
1-айналым: Білгенге маржан.Сұрақтарға жауап беру
Зерде тобына:
1. Ән айтатын адам.Әнші
2. Дүниедегі ең қадірлі адам. Ана
3. Сиырдың төлі. Бұзау
4.Аптаның бірінші күні.Дүйсенбі
5.Оқушының сабақ кестесі,үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы. Күнделік
6. Арыстан сөзінде неше буын бар?Үш
7.Барлық қабырғалары тең төртбұрышты қалай атаймыз?Шаршы
8. Өсімдік қандай бөліктерден тұрады? Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс
9. Өсімдіктердің өсуі үшін қандай жағдайлар қажет?Жарық, жылу
10. Мектепке әкелуге болмайтын заттар. Сіріңке, пышақ, ұялы телефон
Зейін тобына:
1. Өлең жазатын адамды кім дейміз?Ақын
2. Ас атасы не? нан
3. Табиғат түрлерін ата. Жанды және жансыз
4. Аптаның соңғы күні. Жексенбі
5. Қазақтың ұлы ақыны.Абай
6. Үш қабырғасы,үш төбесі,үш бұрышы бар геометриялық фигура қалай аталады? Үшбұрыш
7. Қазақтың ұлттық аспабы.Домбыра
8. Қоғамның бір мүшесі.Адам
9. Қазақстанның әр азаматына берілетін заңды мүмкіндік қалай аталады? Құқық
10. Мектептегі негізгі тұлға кім? Мұғалім
2-айналым: Кішкентай математик
Зерде тобына
1) 4 пен 5-тің қосындысы нешеге тең? 9
2)7 мен 3-тің айырмасы нешеге тең? 4
3) Бақта 4 алма ағашымен, 5 алмұрт ағашы бар. Бақта барлығы неше ағаш бар?9
4) Геометриялық пішіндерді ата.Үшбұрыш, тік төртбұрыш, дөңгелек, шаршы
5) Ұзындықтың өлшем бірлігін ата. См
6) 7 саныны алдында санды ата. 6
7) 1-10 дейін тура және кері сана.
8) Мына сандарды салыстыр 6 * 9. <
Зейін тобына:
1)Бірінші қосылғыш-21,екінші қосылғыш-40, қосындының мәні нешеге тең?61
2)Азайғыш-49,азайтқыш-30. Айырманың мәні нешеге тең?19
3)Бақтан 70 кг алма жиналды.Алманың 40 килограмы сатылып кетті. Неше килограм алма қалды? 30
4) 1 тәулікте неше сағат бар? 24
5) Кеңістік фигураларын ата. Конус, цилиндр,пирамида, шар, текше
6) Массаның өлшем бірліктерін ата.г,кг
7) Ондықтармен тура және кері сана.
8) Мына сандарды салыстыр: 87 * 98 <
3-айналым: Құрастырма сурет
Бұл айналымда топтарға тақтадан суреттер көрсетіледі. Сол суреттерді қима суреттермен құрастырасыңдар.
4-айналым: Тапқыр болсаң,тауып көр
Топтарға сөзжұмбақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа1 ұпайдан беріледі.
1-топқа:
1) Сұйық тамақ ішетін ыдыс. Қасық
2) Біздің ұлт. Қазақ
3) 4 ондықтан құралған сан.Қырық
4) Сүттен жасалған тамақ. Қаймақ
5) Бас киім. Қалпақ
6) Балық аулайтын құрал. Қармақ
2-топқа:
1) Кептірілген жеміс (қақ)
2) Баста орналасқан дене мүшесі. Құлақ
3) Су алатын терең қазылған жер.Құдық
4) Пышақ қайрауға арналған құрал.Қайрақ
5) Көкөніс атауы. Қызанақ
6) Қыз баланың сүйікті ойыншығы. Қуыршақ
Жүргізуші:-Ал балалар біздің сайыскерлеріміз бұл тапсырманы орындап болғанша көрермендерге мынандай логикалық сұрақтар қойылады.
Көрермендерге сұрақ қою:
1.Екі бұзаудың біреуі оңға, ал екіншісі солға қарап тұр. Олар бір-бірін көре ме?Көреді
2. Көзді жұмғанда не көресің?Ештеңе
3. Қай сөз артық? Бөлмеге күннің күн сәулесі түсіп тұр?
4. Атын атамай аптаның бес күнін атап шық.Бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші
5.Адамды тамақтандырады, бірақ өзі ештеңе жемейді. Ол не?Қол
6. Екі тілі болса да бірақ сөйлемейді.Сағат
7. Бір қайшының неше сақинасы бар?2
8.Сұйық-су емес,ақ-қар емес. Сүт
9. 1 кг темір мен жүннің қайсысы ауыр? Тең
10.Марат екі бөлмелі пәтердің бір бөлмесін бөліп екі бөлме жасады. Мараттың үйі енді неше бөлме?Үш
11. Нөлге аяқталатын екі таңбалы сан нешеу? тоғыз
12. Бөлке нанды үшке бөлу үшін пышақпен неше рет турау керек?Екі рет
14. Үш тышқанның неше құлағы бар?Алты
15. Бос ыдыста неше құлпынай бар?0
5-айналым: Ойлы болсаң, озып көр!
Топ басшылары әріптердің бірін таңдайды. Берілген сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен үш секунд ішінде жауап беруі тиіс. Дұрыс жауап берген сайын алдыға қадам жасап отырады. Дұрыс әрі тез жауап бере алмаса сол орнында қала береді.
А С
Атың кім?
Тегің ше?
Жасың нешеде?
Әкеңнің аты кім?
Анаңның аты кім?
Әкең кім болып жұмыс істейді?
Анаң ше?
Қай қалада тұрасың?
Досыңның аты кім?
Досыңның туған күніне не сыйлайсың?
Қорытынды:- Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін берейік.