Тақырыбы: “Ағылшын ертегілері-өскелең ұрпақ игілігінде”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: “Ағылшын ертегілері-өскелең ұрпақ игілігінде”

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамда тілдің маңызы арта түсуде. Біздің ойымызша, тіл-адамның өзара әрекеттесуі кезінде бір-бірін түсінуге арнатын құрал. Оқу қарқыны орасан зор ақпараттық қордың формасына айналды, сондықтан мектепте оқытылатын лингвистика шет тілдерін ғана емес, ең алдымен тіл туралы ғылым мен оны модельдеу тәсілдерін де білуді талап етеді. Ертегілерді ағылшын тілінде оқу жобаның зерттеу объектісі болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Абай облысы білім басқармасының

Семей қаласы білім бөлімінің

“№ 32 Жалпы орта білім беретін мектебі” КММ






Секциясы: Тіл білімі (ағылшын тілі)





Тақырыбы: “Ағылшын ертегілері-өскелең ұрпақ игілігінде”














Орындаушы Ниязбеков Алихан, 7- сынып



Жетекшісі: Азимбаева Балжан Нурболатовна

Ағылшын тілі мұғалімі









2024 жыл


Аннотация


Қазіргі қоғамда тілдің маңызы арта түсуде. Біздің ойымызша, тіл-адамның өзара әрекеттесуі кезінде бір-бірін түсінуге арнатын құрал. Оқу қарқыны орасан зор ақпараттық қордың формасына айналды, сондықтан мектепте оқытылатын лингвистика шет тілдерін ғана емес, ең алдымен тіл туралы ғылым мен оны модельдеу тәсілдерін де білуді талап етеді. Ертегілерді ағылшын тілінде оқу жобаның зерттеу объектісі болып табылады.

Зерттеудің негізгі міндеттері —ертегінің тәрбиелік мәні бар сәттерін қабылдау, оқушының адамгершілік құндылықтарын арттыру, тілдің көркемдік-мәндік құралдарын қолдану.

Ғылыми жобада байсалды қақтығысқа немесе оларды шешуге тиіс бірқатар проблемаларға тап болған ертегі кейіпкерлерінің өздері ерекше орын алады.

Ертегілерде мәнді,мағыналы адамгершілік бар: алдамаңыз, сараңдық -жамандықты жақсылық жеңедідеген ой анық көрінеді.

Ертегіні оқу барысында балалар интуитивті және өте оңай қабылдайды.

Ертегілердің мынадай бағыты бар:

- мінез-құлық пен қарым-қатынас негіздерін қалыптастыруға көмектесу.

- үйлесімді сөйлеу мен ойлауды,сол нәрсеге назар аударуды, есте сақтауды дамытады.

- шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы оқушыға келешек туралы ақпарат та бере алады.























Аннотация


Язык-приобретает все большее значение в современном обществе. На наш взгляд, язык был разработан для того, чтобы понимать друг друга во время взаимодействия людей. Темп обучения стал формой огромного информационного фонда, поэтому лингвистика, который занимаются в школе- это не только знание иностранных языков, но прежде всего наука о языке и о способах его моделирования. Чтение сказок на английском языке - объект исследования проекта.

Основными задачами исследования являются получительные моменты в воспитании ребенка, нравственные ценности человека, использование художественно-выразительных средств языка. Особое место в научном проекте занимают сами персонажи сказок, которые сталкиваются с серьёзным конфликтом или серий проблем, где они должны разрешить их.

Сказки всегда содержит скрытую мораль: не обманывай, не жадничай и не предавай. Главное в сказке добро всегда возвращается добром.Дети интуитивно и очень легко воспринимают сказки.

Сказки несут в себе следующее направление:

-помогают формировать основы поведения и общения.

-развивают связную речь и мышление, внимание, память, мимику лица, жесты.

-развивают творческий потенциал.






















Annotation


Language is becoming increasingly important in modern society. In our opinion, the language was designed to understand each other during human interactions. The pace of learning has become a form of a huge information fund, so linguistics, which is studied at school, is not only knowledge of foreign languages, but first of all the science of language and ways of modeling it. Reading fairy tales in English is the object of the project's research.

The main objectives of the study are the receiving moments in the upbringing of a child, the moral values of a person, the use of artistic and expressive means of language.

A special place in the scientific project is occupied by the characters of fairy tales themselves, who face a serious conflict or a series of problems where they must solve them.

Fairy tales always contain a hidden moral: do not deceive, do not be greedy and do not betray. The main thing in a fairy tale is that good always returns good.Children intuitively and very easily perceive fairy tales.

Fairy tales have the following direction:

- help to form the foundations of behavior and communication.

- develop coherent speech and thinking, attention, memory, facial expressions, gestures.

- develop creative potential.


























Семей қаласының «№32 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

7 сынып оқушысы Ниязбеков Алиханның

«Ағылшын ертегілері-өскелең ұрпақ игілігінде»

тақырыбындағы ғылыми жобасына


ПІКІР

Жоба орта буын оқушыларының шет тілінде мәтін оқып, арнайы берілген мағлұматты түсініп, басты идеяны анықтап,ақиқатты пікірден ажырата білуге және өлшеп, салыстыруға бағытталған. Автор шет тілінде бұрын зерттелмеген сұрақтардың біріне талдау жасай отырып, зерттеу мәселесіндегі өзектіліктің теориялық және практикалық негіздемелерін келтірген.

Осы зерттеудің өзектілігі-ағылшын тілін меңгеруде оқу бағдарламасы бойынша берілген “Рахаттанушылықпен оқу” “Reading for plesaure” тарауында берілген ертегілер үзіндісін оқудан бастап туындады. Оқу бағдарламасына тәрбиелік мағынасы бар әлемдік деңгейде танымал болған ертелігер топтамалары енгізілген. Мәтіндерді оқу барысында оқушыларда кездесетін тосқауылды барынша жоюға ықпал ететін және шет тіліне деген сүйіспеншілігін арттыратын оқыту дағдылары қарастылады.

Ниязбеков Алихан шет тілі ертегілеріне жалпы талдау жасап, ертегілердің бала өміріндегі рөлін,тәрбиесіне тигізетін оң әсерін, бала мінезіне жағымды ықпал ететіндігін мысалдар арқылы талдау жасай отырып, зерттеу мәселесінің өзектілігінің теориялық және практикалық негіздемелерімен анық келтірген.

Автор еңбегінде зерттеу құралын құру, ақпаратты жинау мен талдау үдерістері анық көрсетілген. Зерттеу нәтижелері, соның ішінде кестелер мен графиктер нақты ұсынылып, ғылыми тұрғыдан түсіндірілді. Одан әрі нәтижелер сыни тұрғыда бағаланып, зерттеу сұрақтарымен байланыстырылды. Автор өз зерттеулерінің нәтижелерін өмірде қолдану аумағы мен іске асырылу жолдарын көрсете отырып, қауіп-қатері мен шектеулерін талдайды және болашақ зерттеулер үшін ұсыныстарын білдірді.

Жоба академиялық стильге негізделіп, жалпы үйлесімділікпен жазылған. Мәтіндегі сілтемелер, әдебиеттер тізімі мен соңындағы қосымшалар жоба талабына сай тізбектелген. Бастапқы деректер, этика нысандары мен зерттеу құралдары қосымшаларда берілген.

Осы зерттеу жобасы барлық талаптарға сәйкес келеді және ғылыми жобалар сайысының келесі кезеңіне ұсынуға лайықты жұмыс ретінде бағалаймын.

Жетекшісі: Азимбаева Балжан Нурболатовна

Ағылыш тілі мұғалімі


Мазмұны


Аннотация..............................................................................................2-4

Пікір...........................................................................................................5

І.Кіріспе..................................................................................................7-8

ІІ. Негізгі бөлім

1.1 Ағылшын халық ертегілерінің тарихына шолу.....................................................................................................8-10

1.2 Шет тілі ертегілері арқылы орта буын оқушыларына даналықты қалыптастыру жолдары ...................................................................11-14

1.3 “Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы” ертегісіндегі кейіпкерлердің - қайрат,ақыл және әмірші жүрек кейпінде сомдалуы ...........................................................................................15-16

ІІІ.Қорытынды.........................................................................................17

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................18






























Кіріспе

Бүгінгі таңда шет тілін оқыту- өскелең ұрпақтың білім көкжиегіне еркін қанат қағуына мүмкіндік беретін, ғылым әлеміне терең бойлап, әлемдік жаһандануды дамытып, өз қабілеттерін ұштауға септігін тигізері анық.

Соңғы онжылдықта шет тілін үйрену үдерісі қарқын алып дамып келеді. Әлемдік жаһандану мен жаңа технологияның дамуының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық саласында шет тілінің қарым-қатынас құралы ретіндегі және мәдениетаралық байланыстарда тіл білудің артықшылықтары басымдыққа ие. Сонымен бірге тұлғалық және кәсіби дамуда шет тілінің мүмкіндігі өте зор. Сол себепті тіл мамандары шет тілін ертегілері арқылы даналыққа тәрбиелеудің артықшылықтарын алға тартады. Бәсекеге қабілетті және білімді ұрпақты тәрбиелеу әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты болғандықтан, ертегілер арқылы тәрбиелей отырып оқыту ешқашанда өміршеңдігін жоғалтпайды.

Бұл зерттеудің өзектілігі оқушыларға орта буында шет тілінде әртүрлі мәтіндерді түсініп оқуға үйрету қажеттілігінен туындайды, және әрбір оқушыны ағылшын тілі сабағында еркін қарым-қатынасқа түсіп, шет тілінде өзара түсінісуге мүмкіндік беретін мақтаныш, таңданыс және сүйіспеншілік сияқты сезімдерін жетілдіруге көмектеседі.

Ағылшын тілінде оқу қабілетін қалыптастырып, танымал кітаптармен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен әдістерін арттырады. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығының төмендеуі байқалады, және сөздік қорының аздығы алаңдатады, осындай себептерге байланысты жазу, оқу сауаттылықтары бәсеңдеп, оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізе алмай қиналады. Әр оқушы жан-жақты дамуы үшін, күнделікті білім алып, кітап оқуы қажет екендігін білеміз. Ал, оқышының кітап оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады? Бұл сұрақтың жауабы бәрімізді ойландырады.Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырудың ең тиміді жолы- ертегілерді оқыумен бастаған жөн. Ертегі-әр баланың ең сүйікті жанры десек болады. Ертегі оқушының ой-өрісін дамытып қана қоймай, қиял әлеміне саяхаттап, тіл байлығын ұштауға септігін тигізеді. Көбінесе оқушылар жан-жануарлар туралы, фантастикалық сюжеттегі немесе халықтың ауыз әдебиетінен тараған ертегі оқығанды ұнатады. Ал аңыз әңгімелерінің астарында даналық пен надандық, жақсылық пен жамандық,мейірімділік пен опасыздық қатар бейнеленеді. Жақсылық түбінде жамандықты жеңіп, зұлымдар апатқа ұшырайды, арам пиғылдылар жеңіліп, жақсылықтың үнемі жеңіске жетуіне куә боламыз. Әр ертегінің соңында халықтың бейбіт өмірді аңсағанын көрсетеді және жағымды кейіпкерлердің бақытқа кенелгендігін байқаймыз. Ертегіні оқыту барысында кез келген кедергіге қарсы тұра білу, еңбекқор адамдардың еңбегін қадірлеу, жоғарғы адамгершілік қасиеттері бағаланады. Ертегідегі оқиғаларға сендіру емес, қиялын ұштау арқылы жансыздарға жан бітіріп, оқырмандарды тарту мақсатында көңілдендіреді, армандауға елітеді.
Ертегі арқылы кітап оқуға деген қызығушылығы артып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді, сыни ойлауға ықпал етеді,халықтық құндылықтар негізінде өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ертегі оқушының ой-өрісін дамытып қана қоймай, қиял әлеміне саяхаттап, тіл байлығын ұштауға септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Ертегінің тәрбиелік мәні бар сәттерін қабылдау, оқушының адамгершілік құндылықтарын арттыру, тілдің көркемдік-мәндік құралдарын қолдану.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Оқушыларға орта буында шет тілінде әртүрлі мәтіндерді түсініп оқуға үйрету қажеттілігінен туындайды, және әрбір оқушыны ағылшын тілі сабағында еркін қарым-қатынасқа түсіп, шет тілінде өзара түсінісуге мүмкіндік беретін мақтаныш, таңданыс және сүйіспеншілік сияқты сезімдерін жетілдіруге көмектеседі.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Ағылшын тілінде оқу қабілетін қалыптастырып, танымал туындылармен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен әдістерін арттырады.

Зерттеу әдістері: Әдебиеттермен танысу, дерек жинау, сараптама жасау, сипаттау, талдау. Зерттеу жұмысы кіріспе, 3 негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері көрсетілген.

1 бөлім –Ағылшын халық ертегілерінің тарихына шолу

2 бөлім–Шет тілі ертегілері арқылы орта буын оқушыларына даналықты қалыптастыру жолдары

3 бөлім–“Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы” ертегісіндегі кейіпкерлердің - қайрат,ақыл және әмірші жүрек кейпінде сомдалуы, деп аталады.


  1. Ағылшын халық ертегілерінің тарихына шолу.

Ағылшын ертегілерін талдау арқылы оқушылар Ресей, Англия, Германия және Франция халқының ертегілерінен жинақталған топтамаларымен жақындаса отырып, әртүрлі мемлекеттің мәденеитімен ерте жастан танысып, әр ұлттың өзіндік ерекшелігін таниды.XIX ғасырдың аяғында ағылшын ертегілерінің көне жинағы оқулықтарда басылып шыға бастады. Шет тілінде жазылған ағылшын әңгімелер жинағының екі томы Джозеф Джейкобске 1854-1916жж тиесілі болды. Джозеф Джейкобс ағылшын фольклор үйірмесінің президенті қызметін атқарды. Негізінен Джозеф ағылшын ертегілерін сол кезеңдерде ауыр тілмен жеткізген болатын, көбісі тіпті ұмыт болған. Кейіннен біршамасы қысқартылып, оқырманның деңгейге байланысты жеңілдетілді. [2]

Ертегілердің танымалдылығы және олардың өміршеңдігі ең алдымен олардың әмбебаптылығында. Ертегілер белгілі бір мақсатта, немесе беймәлім нәрселерді насихаттау арқылы құрастырылады. Негізінен ертегілер бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар төмендегі тақырыптарды қамтиды: жануарлар туралы ертегілер, адамдар туралы ертегілер және тұрмыстық ертегілер. Барлық ертегілердің бір ортақ қасиеті бар: олар көркем әдебиетке негізделген және сипаттық немесе баяндамалық бағытты ұстанады. Әр ертегінің мазмұнына толығырақ тоқсалсақ:

Жануарлар туралы ертегілер ерте замандағы ертелгілер санатына жатады. Себебі, зерттеушілердің тұжырымдамасы бойынша, баяғы заманда адамдардың барлығы аңшылықпен айналысып, негізгі кәсібі аң аулау болғандықтан жан-жанурларды ертегіге қосып, оқиға туындатып баяндау-көне заманның көрініс болып табылады. Алғашқы сатысында жан-жанулар ерекше қасиеті бар, тылсым күшке ие болған жаратылыс иесі ретінде таныстырылса, кейіннен жан-жануларға тіл бітіріп, адамдардың санасы өскен сайын ертегінің мазмұн-мағынасы да жоғарылады. Сол кездегі сараң адамдардың мінез-құлқын сомдайтын жануларды қызғаншақ, өзімшіл немесе тәкаппар етіп көрсетті. Мысалы: Доңыз- сараң адамның қасиетін ашатындай, Қарға-ақымақ немесе аңғал адамның бейнесінде,Түлкі-өте қу немесе айлакер адамды сомдады.Ал мінезі жуасан жандарды өте қарапайым, мейірімді және жомарт етіп көрсетті. Мысалы: Үкі- ақыл иесі, Қоян-қорқақ болғанымен өте мейірімді дегендей, Аққу құсы-қарапайым әрі адал ниетті адамның бейнесін сомдайтын. Батырлық пен батылдықты аң патшасы арыстаннан байқасақ, жолбарыстан қайсарлықты, ал шырылдауық шымшықтан қамқолықты оңай аңғаруға болады.

Адамдар жайлы ертегілерде аңыз әңгімелерге өте жақын болған. Олар жануарлар ертегісі сияқты көне заманды баяндаған және адамдардың арман-тілектерін жеткізу мақсатында жолданған. Көбенесе жаман және жаман зұлым рухтар түрінде бейнеленіп, алдыңғы ұрпақтарды болашақ туралы ойын, әлем және табиғат жайлы толғанауға шақырған. Яғни, табиғат күштері, оның ішінде табиғат апаттары, адам және оның мекен еткен ортасы, жаулары мен қарсыластары туралы түсініктерін кеңейтіп, әлемде болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар жайындар хабардар етіп, оң мен солын танытуға тырысқан. Уақыт өткен сайын ертегілердің мазмұны өзгеріп, біршама толығысып, адамдардың эстетикалық және адамгершілік идеалдары басымдық ала бастады. Тұрмыстық тіршілікті ғана көздемей, жоғары ұғымды насихаттайтын сюжеттер кіріктілді. Ерте заманда әділдік іздеп, жан сулулығы үшін бақаға немесе құбыжыққа ғашық болып, өз өмірін тәрк етіп, немесе барлық қиындықты жеңіп, отқа жанбай, суға батпай қаһарман атанса,елін, жерін құтқарып, таққа лайықты болыпты-мыс дегендерді оқып өстік.

Ал тұрмыстық ертегілер шынай өмірді суреттейді, кейіпкерлерді көбінесе әлеуметтік жағдайына қарай бейнелейді. Адамдардың жағымды және жағымсыз қасиеттерін алдыға тартып, кемшілігін көрсетіп, келемеж етеді.

Мысалы: бай мен кедей дауы, жер мен су мәселері, ар-ождан мен пен намыс жайында оқиғалар сипатталып, жұмбақ немесе жыр-шумақ тәртібінде берілген.

Ертегілердің жеткізілу процессі әлі күнге дейін толықтырылып, күнделікті жетілдірілуде. Ертегіні бала кезімізде ата-апамыздың аузынан естіп жүрсек, кейін өсе келе өзіміз оқып, ой түйіп, санмызға тоқи алатындай дәрежеге жеттік. [1]

Ағайынды Гримм ертегілерінің рөліндегі неміс ағалары сюжетті сондай шебрелікпен жеткізді, ал Чарльз Перрольт — француз немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді ешбір өңдеуден өткізбей, негізгі тұпнұсқасын сақтай отырып, әңгіме ретіндегі жеткізуге тырысты. Жұршылықтың алдында көне ертегілерімен, тұпнұсқа арқылы құрастылған жолымен, ерте замандағы адами қарым-қатынасын санатын сақтап, патриот ақындар мен драматургтердің танымалдылығы Англия мемлекетінің ертегілерінде өте ауқымды көрініс тапты. Туындылар ағылшын фольклорында жоғары бағаланып, XIX-XX ғасырдың таңдаулы шығармалар топтамасына енген поэтикалық жанры ретінде таныта білген бірнеше ақын жазушылардың еңбегін танимыз: Чарльз Диккенс, Тэтчери Уильям Макепейс, Льюис Кэрролл, Эдуард Леар, Оскар Уайлд, Джозеп Рудьярд Киплинг, Хеллен Беатрикс Поттер Трэверс және Памела Линдон Трэверс, Джеймс Мэтью Барри, Алан Александар Милн, Джон Рональд Руэл Толкин, Дональд Биссеттің еңбегін бүкіл әлем таниды. Сондай-ақ Мэри Поппинс, Питер және Пенн, Бақытты ханзада, Винни Пух тедди аюды және ізгі ниетті бейнелейтін айнаның артқы жағындағы тылсым дүниенің хикаясы сияқты ертегілердің келуіне себеп болған және ораздура халқының әдемі фантазиясы болған. Англияда романтизм заманынан бастап, ертегілерге деген қызығушылық артып, әртүрлі елдердің өзіндік ерекшелігіне сай көрініс тапты.[3]

Көптеген жазушылар қарапайым халықтықтың мұң мен зарын, жан айқайын жеткізетін, қарсылықтың алдын алатын кейіпкерлерді ойнайтын бейнелері туындатты. Оқырманға жеңіл жеткізу үшін тіл мамандарымен ұжымдасып, бірнеше филологтардан ұсыныс пен нұсқаулықтар алып, кейін фильм ретінде сценарилер де жазылды. Ертегілерді оқи отырып, фильмді салыстыра қарастырған сенімді көзқарас қалыптастырып, тұпнұсқамен салғастыруға, ой елегінен өткізуге көмектеседі. Фольклордың көптеген шығармалары мен кейіпкерлердің дүниеге келген уақыты Британ халықының байырғы естеліктерін қайта жаңғырту мақсатында орындалады, және олар диалектикалық және этнографиялық ерекшеліктерді зерттау арқылы жүзеге асты.

Бірақ фольклор, бір шектеулі форманың ортасында қалып қоя берді, яғни әр ұлттың туып-өскен ортасы мен негізгі стилистикасына бағынады. Ескі нұсқасы сақталып, баяндалу тәртібі бойынша ертегілер түрінде қайтадан орындалады. Бұл аудармашылардың жұмысына жаңа дем беріп, шығармашылықты шыңдай түсуге түрткі болды. Халық арасында аудармашылардың жұмысы артып, жалақысы да көтерілді. Өйткені ертегілерді қабылдау аудармашының оқырманға жеткізу шеберлігіне байланысты болғандықтан, аудармашыларға қойылатын талап та арта түсті. Аудармашылар әдеби стилде жазып, ағылшын тілін жеңілдету мақсатында жеңіл аурмаларды қолданды. Британия Аралдары сол замандарға сай даму, жинақтақталу кезеңдерің басынан кешіріп жатқан болатын. Сәйкесінше ертегілер сол кезеңмен тығыз байланысты болып, жан-жақты дамып, діни көзқарастың да қайта жандануына себеп болды. Содан кейін батырлардың, қарапайым адамдардың, өмірі жайлы аңыз ертегілерінде, ертеде танымал болған адамдар, ұста шеберлер, періштелер мен рухтар туралы жайлы сюжеттер пайда болды. Су перілерін сомдайтын кейіпкерлер, жабайы аңдарды сомдайтын кейіпкерлер,тірі табиғатқа жан бітіріп, адамзаттың иесіндей сомдайтын кейіпкерлер пайда болды. Жапырақты, ағашты, тіпті тау-тасқа жан бітіріп, табиғатқа үн бітіргендей, шексіз өмір сүруін жалғастыратындай сендірді.[7]

Ағылшын халықының ертегілері алуан түрлі тақырыптарды қамытаған және кейіпкерлер барлық кезде өз рөлдерін ойдағыдай сомдай білген. Шет еллдерде жалпы сахна мәдениеті ерте кезден дамығандығын білеміз. Тіпті сахналық қойылым сабағыда мектеп бағдарламасына сонау заманнан бері енгізілген екен. Сахналық қойылым сабақтары тек сахна мәдениетін ғана дәріптемей, өмірдегі әрбір қиындықты жеңуіге де ықпалын тигізген. Сол заманда арнайы батырлық сабақтары ретінде қабылданып, тәрбиелік мағынасы да зор болған. Негізгі идеясы өскелең ұрпақты намысшыл, батыр және еркіндікті қалайтын нағыз қаһарман бейнесінде танылуына итермелеген. Мысалы: Molly Whuppie” ертегісіндегі адам жегіш жауыз үнемі қарапайым адамдарды алдаған. Ал Молли есімді қыз және Jack and the Beanstalk ертегісіндегі Джек есімді жігіт өздерінің жақындарына, туған-туыстарына және халқына өлшеусіз ерлігімен танылып, үлкен бақыт сыйлайды. [8]

Ағылшын халқына тән көңілді кейіпкерлерді яғни, қалжынды да көне ертегілерден кездестіруге болады. Ағылшын тілінің ертегісі қай кезде болмасын, өте қуанышыт әрі көңілді аяқталады. Ертегілердегі кейіпкерлердің көпшілі жағымды рөлдерді сөмдайды, және ертегі соңында бақытқа кенеліп, қайғыдан арылады. Ертегінің соңында ешқашан қайғылы жағдаяттар орын алмайды. Сындай көріністердің барлығы оқушыларының тәрбиесіне жақсы әсер етеді, сабылыққа шақырады.Ертегідегі кейіпкерлер сияқты арман мақсаттарына жетуді көздейді. [4]


  1. Шет тілі ертегілері арқылы орта буын оқушыларына даналықты қалыптастыру жолдары.


Негізінен көптеген оқырмандар қай елдің ертігін оқыса да өз халқының ертегісін оқығандай әсер алатыны анық. Қай елдің ертегісін оқысақ та, өмірде болатын және болмайтын нәрселерді араласып отыруы бар. Бір қарағанда кіші-гірім әңгіме сияқты көрінгенімен, шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімділік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Кейде өмірде қиын сәттер кездеседі. Қиын кезеңдерде не істерімізді білмей, қатты толғандыратын кезеңдерде іштей ізденіс үстінде жүреміз. Әр сұрақтың жауабын іздеп жүргенде ертегілердің негізгі мотивтері есімізге түседі. Әрбір қиындықтың артынан міндетті түрде жеңілдігі болатына сенеміз. Сол сәтте көкейде жүрген сұрақтарға жауап табу үшін ертегі бізге асығады. [5]

Шет тілінде ертегі оқымас бұрын шет тілі пәні мұғалімі бізге алдын-ала мағлұмат беріп, ертегі туралы мәліметтерді жинастырып келуге тапсырма жолдайды. Бұл әдіс ертегілермен жұмыс жасаудың алдында оқушылардың зейінін ашып, дайындық жасау кезеңі сияқты. Әрине бұл әдіс-дәстүрлі әдісі екендігі анық. Ал келесі әдіс-дәстүрлі емес. Оқушыларға ешқандай жұмыс алдын-ала берілмейді, тек ертегіден үзінді беріледі. Ертегінің соңы аяқталмаған болуы мүмкін, оқушылар ертегіні оқып, сәл уақыттан кейін ертегінің соңын өз ойларынан құрастырып, әркімнің қиялына қарай аяқтайды. Яғни ертегінің мазмұнын бұрмалап, бірнеше көріністерді енгізіп, тіпті кейбір іс-әрекеттерді өзгертуі әбден мүмкін. Тағы бір дәстүрге айналған әдіс- ол сұрақ-жауап арқылы оқиғаны өрбіту. Осындай әдістер арқылы оқушылардың білімі жетіліп, тәлімі мен тағылымы мол рухани азық алады, ертегілердің маңыздылығын ұғынады. Шет тілі сабағында білім мен даналықты ұштастырып, ішкі мәдениетін қалыптастыру-оқушыны қоғамға бейімдеп, саналы іс-әрекетті жасауға машықтандырады. [6]

Мысалы «Robin Hood» Робин Гуд атты ағылшын ертегісіндегі «Robin Hood is a hero to the people. He is cleaver, honest and loyal to the real king. He is also a brilliant archer», деген жолдарға назар аударайық. Бұл ертегіде Робин Гудтың басынан кешкен хикаясын оқып, кейіпкердің ерлігі жайлы белуге болады. Арам пиғылды адамдардың өз мақсатына жету үшін кінәсіз жандарды жазалауы және көптеген заңсыз әрекеттер мен әділетсіз шешімдер туралы баяндалады. Өзін-өзі лайықты көрсетіп, ерлік танытқан Гобин Губ, халықтың ықыласына бөленіп, Гринудтың қожайыны болып тағайындалуымен аяқталады. Бұл жерден шыққан қорытынды, халыққа адал қызмет ететін, нағыз қолбасшы бола білетін, ержүрек батыр азаматтың ерлігі қашанда жоғары бағаланатыны. Тек біртуар батыр ерлер ғана, туған елінің қамын ойлайтын, өзгелерге үлгі болатын тұлға екендігін аңғаруға болады.[10]

Ал «Escape to Narnia» Нарния еліне қашу ертегісіндегі мистикаға толы жануарлар әлеміне саяхат жасап, шытырман оқиғаның куәсі боласыз. Мысалы: «One of Aslan’s loyal followers is Reepicheep, the talking mouse. He may look small, furry and cute but he is brave knight who can fight very well with sword», деген жолдарға назар аударайық. Аслан, өте ақылды, әрі жомарт жолбарыс. Асланның сенімді серігі Рипичип атты сұр тышқан. Рипичип сөйлей алады, дене бітімі кішкене болғанымен, келбеті тартымды, өте мықты деп суреттелген. Себебі қылыштасуды меңгерген, әрі жылдам қимылдай алады. Шайқаста жауыздарға қарсы күреске түсіп, жауларын жеңіп, соңында нағыз батырға айналады. Аслан үлкен құрметке ие болып, Нарния елінің патшасы атанады. Ертегіні оқыған оқушылар бас кейіпкер жайлы көп білген сайын, кейіпкерлердің әрекеттерін жан-жақты талқылап, қиял- ғажайып әлеміне бойлап, өз бағасын беріп, сыни көзқарастарын қалыптастырады. [10]

Ертегідегі келесі қарап шығуды қажет ететін тағы бір қасиет - ол ізгі сезім тәрбиесі. Мысалы: «Cinderella» Күлше қыз ертегісінде өгей ананың қатыгездігін көріп өскен жетім қыздың тағдыры оқыманды ешқашан бей-жай қалдырмайды. «She was a kind, gentle, and a beautiful child with the most radiant smile. Cinderella had a heart full of love, but unfortunately, fate hadn’t been kind to Cinderella», деген жолдарға назар аударайық. Ішкі нәзік жан дүниесімен күресе жүріп, барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, әлсізбін демей, қиындықтарға мойынсынбай, түбінде үлкен бақытқа кенелген ақылды қыздың тағдыры әр адам баласын ойландырады.

Сол себепті осы ертегіні оқыған оқушы жағымды кейпкерлерді өздерінің туыстарындай сезініп, іштей аяушылық сезімі оянады. Өздеріне жақын жандарды қадірлеуді үйреніп, қамқоршылыққа жақын болады. [11]

«The wonderful Wizard of Oz» Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы атты ертегісінде Дороти есімді жетім қыздың басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Жетім қыздың үйін құйын көтеріп кетеді. Кейін жолында кездескен қиыншылықтарға мойымай, өз еліне қайта оралуды армандайды. Үлкен арманына жету үшін Оз әлемінің сиқыршысынан көмек сұрап, жолға шығады. «The girl in red took them into a big room.The Good Witch Glinda was waiting for them on her throne. She was young and beautiful. She was dressed in white and she had red hair and blue eyes. She smiled kindly at Dorothy. What can I do for you, my dear? she said», деген жолдарға назар аударайық. Дороти сиқыршының адал ниетті екендігін көреді.Сиқыршыға барар жолда сенімді достар табады. Әр досының жақсы қасиеттерін байқайды. Сиқыршы барлығына көмектесіп, Доротидің арманын орындайды. Ұлы іске даналық қажет екендігін және әр нәрседен қорықа бермей батылдықты шыңдау керектігін түсінеді. Қиын сәттерде аяушылық танытып, жүрек жылулығын көрсете білу керектігін ұғынады.

«Peter Pen» Питер Пэн ертегісінде ешқашан есейгісі келмеген, бала кейпінде қалғысы келген Питер атты ұлмен танысамыз. Ата-анасына айтпай, Нэверлэндтегі Кенсингтон бағына қашып кетіп, балалық шақтың қызығымен жүргісі келген Питер Пэн басынан кешкен оқиғаларымен оқырманды қызықтырып, әркімді сөзсіз еліктіреді. Бір үйдің балаларымен достасып, Нэверлэндке ұшып кетіп, сол жерде үй тұрғызып, қарақшылармен күресіп, Капитан Хукпен шайқасады. Ер жүрек, епті Питер Пэн барлық тосқауылдарды жеңіп, өзімен ұшқан балаларды отбасымен қайта қауыштырады. Ал Питер Пэн Дарлингтер отбасымен қоштасып, Нэверлэндке ұшып оралады. Бұл ертегіден достарға деген адалдықты, батылдықты байқауға болады. «Peter is entranced by Wendy and tells her that he had run away the day he was born because he heard his parents talking about all the things he would do when he was man, he went to live with the fairies so that he would never grow up», деген жолдарға назар аударайық. Ең негізгі идеясы ата-ананың тілін алып, ешқашан рұқсатсыз ешбір өрескел іс-әрекетке баруға болмайтындығын аңғарамыз.[11]

«Harry Potter» Гарри Поттердің оқиғасын бірнеше мәрте оқысам да, тағы да оқудан жалықпаймын. Бұл оқиғаның сюжетін, ертегісін тіпті мультфильм түріндегі нұсқалары бар. Гарри Поттер жайлы білмейтін оқушы жоқ шығар. Маған қатты ұнаған жері ағайынды жігіттердің ажалдан сый алуы, аспандағы шайқас және сыйқыр әлемінің кереметтері. Басты кейіпкерлердің сыйпатталуына назар аударайық. Lord Voldemort (aggressive-he is unkind and violent). Волдеморт әміршісі (ашушаң-ол сондай зұлым және қатызер), деп суреттеледі. Harry Potter (brave-he dosen’t show fear in difficult situation). Гарри Поттер жайлы (батыл-ол қорқынышын ешқашан көрсетпейді), деп баяндалады. Оқулықта берілген үзінді бойынша кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттеріне шолу жасалды, мазмұнына талдау жасалды және қосымша тапсырмалар берілді. [12]

«Snow White» Ақшақар және жеті ергежейлі ертегісі де бәрімізге мәлім. Себебі бала кезімізден теледидардан көріп өстік. Негізгі сюжетін де білеміз. Осы ертегіде көңілі ақ, жүрегі таза Ақшақардың өгей анасы-патшайымнан көрген қорлығы жайлы баяндалады. Басты кейіпкерлердің сыйпатталуына назар аударайық. Snow White (sensitive-she gets hurt easily). Ақшақар (сезімтал-өте нәзік жанды), деп суреттеледі. The Queen (arrogant-she thinks she is better than everyone else). Өгей анасы-патшайым жайлы (тәкәппар-ол өзін бәрінен сулумын деп ойлайды), деген жолдары бар. Оқулықта бойынша кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін тізбектеп, оқиғаның жалпы мазмұнын баяндадық және шағын жазылым жұмыстары жасалды.[12]

 


3.“Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы” ертегісіндегі кейіпкерлердің - қайрат, ақыл және әмірші жүрек кейпінде сомдалуы.

«Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы» ертегісі 1900 жылы жазылған, балалар әдебиетінің озық туындылыраның бірі болып саналады. Авторы- Лаймен Фрэнк Лаум. Ағылшынша атауы – «The Wizard of Oz». Бұл ертегіде Дороти есімді қыздың басынан өткен оқиғалары баяндалады. Дороти жетім қыз, бірақ Генри көкесі мен Эм тәтесімен және оның сүйікті күшігі Тотомен бірге өмір сүреді. Бір күні Дороти тұрып жатқан үйді құйын көтеріп кетеді. Ұшып кеткен үй мейірімді мыстанның үстіне келіп құлап, манчкиндер елін жауыздардан құтқарды. Осы сәттен бастап мейірімді мыстаны Доротиге көмектесіп, алғысы ретінде сиқырлы етік беріп және бұл етік арқылы қалаған жеріне бара алатындығын айтады. Манчкиндер елінің билеушісі Доротидің сол елде қалуын өтінеді. Бірақ Дороти өз еліне қайтқысы келетіндігін айтып,өз арманын жеткізеді. Мейірімді мыстан Доротиге жол сілтеп, Оз әлемінің сиқыршысы көмектесе алатындығын айтады. Ал, Оз әлемінің сиқыршысына тек сары кірпіштер төселген жолмен жүру керектігін ескертіп, жол ңұсқайды. Дороти Оз әлемінің сиқыршысына бабар жолда бірнеше достар табады. Ең алдымен талға ілініп тұрған тұлыбты кездестіреді. Тұлыб сондай көңілсіз еді, себебі өзінде ми болғандығын қалайтын. Өзін ақылсыз санайтын, сондықтан үнемі мұңайып жүретін. Дороти тұлыбқа өзімен баруды өтінеді. Оз әлемінің сиқыршысы тұлыбқа да көмегін беретіндігін айтып, ақылды тұлыбқа айналатындығына сендіреді. Сапарын әрі жалғастырып келе жатқанада темір адамды кездестіреді. Темір адамның да қалауы бар еді. Темір адамға айналғаннан бері жүрегінің соғысын естімей, ешқандай сезімді сезіне алмай жүргендігін айтады. Жүрегім болса деп армандайтын. Дороти сиқыршы туралы айтып, темір адамға да көмек беретіндігіне сендіреді. Темір адам қуанып, алғысын аттып, жаңа достарының қатарына қосылады. Тағы жол тартып келе жатұанада қорқақ арыстанды кездестіреді. Арыстанның да арманы бар екен. Әбден қорықып қалаған арыстан батылдыққа ие болуды армандапты. Дороти арыстанды өздеріне қосылуды өтініп, сиқыршыға қарай жол тартады. Қатты шаршаған Дороти аяқастынан есінен талып қалады. Доротидің жағдайын ойлап, Темір адам жылап қалады. Сол кезде, тұлыб Доротиге көмектесуге белу буып, әрекет ете бастайды. Арыстан биік жотадан өтуге дайындалып, Дороти, темір адамды және тұлыбты арқасына мінгізіп. Биіктіктен лезде асып түседі. Барлығы дерлік аман-есен жетіп, сиқыршығы армандарын айтады. Оз әлемінің сиқыршысы өте жомарт еді.Олардың армандарының ендігі орындалып қойғандығын айтып, бір қуантады. Тұлыб, сен Дороти есінен танып жатқанда оның жағдайын ойлап, жанын құтқару үшін амал еттің. Егерде миың болмаса осындай әрекет етер ме едің? Бұл қасиетіңді ақылдылықтың белгісі деп білемін. Темір адам, сен Доротидің жағдайын көріп жылап жіберіп едің. Егерде жүрегің болмаса осылай жаның ашып, жүрегің елжірер ме еді? Аяушылық сезімін оянғанын байқадым.Бұл сезімдердің пайда болғандығының белгісі. Арыстан, сен биік асудан қорықпай өтіп едің. Егерде қайрат-жігерің болмаса биік асудан қалай өтер едің?, деп үшеуіне қарап түсіндіреді. Тұлыб, темір адам және арыстан қатты қуанып, сиқыршыға дереу алғыстарын айтады. Бәрінің арманы орындалғанымен, тек Доротидің ғана арманы орындалмай қалады. Доротидің көңілін мұң басып тұрғанда, сиқыршы Доротиге аяғындығы етік жайлы есіне салады. Дороти етіктің көмегімен Канзасқа оралатындығына шаттанып, достарымен қоштасып, өз еліне оралады. Канзастағы туған-туыстары, тәтесі, көкесі қатты қуанып, дастархан жайып, Доротиді қарсы алады. [9]

«Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы» атты ертегі кейіпкерлеріне пікір айтқан сиқыршының сөзін мен Абай атамыздың 17-ші сөзіндегі пайымдаулармен байланыстыра отырып қарастыруды жөн көрдім. Кемеңгер ойшыл Ақыл, Қайрат, Жүрекке ғылым сөзімен тоқтау айтпай ма?! [13] Осы тоқтау сөздің үлгісін ағылшын ертегісінде кездестірдім. Төмендегі 1-сызбада ғалымның сөздерінің қысқаша сипаттамасын орналастырдым. Қосымша 2



Сызба 1

Ғалымның айтқан сөздері:

Ей, ақыл,сенің айтқандарыңның бәрі рас. Жаралған екі дүниенің жайын да сен білесін. Бірақ жақсының,жаманның іздегенін тауып беріп жүресін,содан аулақ бол,депті.

Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бәрі рас. Бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол,жақсылық пен жамандықты тең ұста, депті.

Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім.Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің бір кісідей болсаң, ала болмасаң депті. Жүрек, қалпыңды таза сақта!



  1. сызбада сиқыршының Тұлыб, арыстан және темір адамға айтқан сөздернің сипаттамасын орналастырдым. Қосымша 1

Сызба 2


Сиқыршының

айтқан сөздері:

Тұлыб, сен Дороти есінен танып жатқанда оның жағдайын ойлап, жанын құтқару үшін амал еттің. Егерде миың болмаса осындай әрекет етер ме едің? Бұл қасиетіңді ақылдылықтың белгісі деп білемін

Арыстан, сен биік асудан қорықпай өтіп едің. Егерде қайрат-жігерің болмаса биік асудан қалай өтер едің?

Темір адам, сен Доротидің жағдайын көріп жылап жіберіп едің. Егерде жүрегің болмаса осылай жаның ашып, жүрегің елжірер ме еді? Аяушылық сезімін оянғанын байқадым

























Қорытынды


Қорыта айтқанда, ертегілердегі ескі өмірдің ескірмейтін даналығы мол демекпін. Шағын көлемді ертегілерде қаншама даналық жатыр?! Кейіпкерлер-бізді ізгілікке, мейірім мен ынтымаққа, еңбексүйгіштікке, адамға қажет барлық құндылықтарға баулиды.

Өз тілінде оқыған ертегі кейіпкерлерін ағылшын елінің ертегі кейіпкерлерімен салыстыра оқыса, кез келген оқушы ұланғайыр рухани азық алатыныа сенемін.

«Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы» атты ертегі кейіпкерлеріне пікір айтқан сиқыршының сөзін мен Абай атамыздың 17-ші сөзіндегі пайымдауларымен байланыстыра отырып қарастырдым. Кемеңгер ойшыл Ақыл, Қайрат, Жүрекке ғылым сөзімен тоқтау айтпай ма?! Осы тоқтау сөздің үлгісін ағылшын ертегісінде кездестірдім.

Бүгінгі таңда халықтар мен мәдениетті жалғастырып, барша шәкірттің рухани игілігіне айналған осындай ертегілерді оқу арқылы, біз елдік тәрбиенің ұқсастығын көреміз, ұлттық құндылықтарын құрметтейміз деп ойлаймын.

Зерттеу жұмысым бойынша келесідей ұсыныстар жасағым келеді:

  • Ертегілерді ата-аналармен ата-әжелермен бірлесіп оқу бойынша шаралар ұйымдастырылса;

  • Кітапханадағы оқулықтар қоры толықтырылса, шет тілінде ертегілерге тапсырыс берілсе;

  • Ертегілер оқу бойынша оқушылармен насихаттау жұмыстарын жүргізетін танымдық клубтарды ашылса;

-Сыныптар бойынша ай сайын жарыстар ұйымдастырылып, үнемі ынталандырылып отырса.

Айта кететін жайт, осы зерттеу жұмысы барысында шет тілінің ертегісін орта буындар арасында зерттеген авторлардың кемде-кем екенін анықтадым. Деректер жинақтау барысында мектеп кітапханасынан мағлұматтар іздеп, оқулықтарды қарастырдым. Интернет ресурстарын пайдаланып, түрлі сайттардан тың деректер жинақтадым, ақпараттарды өңдеп, қажеттісін іріктедім. Айтар ұсынысым шет тілінің ертегілерін оқудан қала арасындағы мектептерде арнайы челлендждер ұйымдастырылса, сайыстар жүргізілсе, біз сияқты ізденістегі оқушыларға, жалпы мектептің оқушыларына үлкен серпіліс болар еді.

Қорыта келсем, болашақта шет тілінің ертегілері туралы зерттеуімді әрі қарай жалғастырып, мағлұматтар жинақтап, зерттеу жұмысын жүргіземін.






Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Гордон Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим посредством зеркала. - СПб.: Белый кролик, 1999, - 252б.

  2. Джекобс Д. English fairy-tales. – UK,- 1999, – 208б.

  3. Интернер ресурс: Ағайынды Гримм ертегілерінің кейіпкерлері туралы жұмбақтар. Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар (kerchtt.ru)

  4. Интернер ресурс:Ертегі оқуға ынтаны арттырады – Учительская плюс (uchitelskaya.kz)

  5. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М.: Просвещение, 1999, - 222б.

  6. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. - М.: Академия, 2004, - 264б.

  7. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. - М.: Русский язык, 1997, - 216б.

  8. Щерба Л.В. Преподавание языков в школе. - М.: Академия, 2003,- 160б

  9. Интернер ресурс:Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы — Уикипедия (wikipedia.org)

  10. «EXEL» BY VIRGINIA EVANS, JENNY DOOLEY, bOB OBEE 5 GRADE, 78-90б

  11. «EXCEL» BY VIRGINIA EVANS, JENNY DOOLEY, bOB OBEE 6 GRADE, 77-80б

  12. «EXCEL» BY VIRGINIA EVANS, JENNY DOOLEY, bOB OBEE 7 GRADE, 53-60б

  13. Абай Қара сөздері, Алматы өнер баспасы, 2015-32Б










18


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.05.2025
144
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі