Қазақ тілінен қысқа
мерзімді жоспар
Сабақтың
тақырыбы: Алғаш ғарышқа
ұшқандар
Бөлім:
|
3-бөлім: Кәсіп және еңбек.Болашақ
мамандықтар
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Мамытбекова Ж.Б
|
Күні:
|
04.12.2023
|
Сыныбы:
8а
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Алғаш
ғарышқа ұшқандар
|
Оқу
бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.1.6.1-
коммуникативтік жағдайға сай ғылыми және халықаралық терминдерді,
ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз
ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Коммуникативтік жағдайға сай ғылыми және халықаралық
терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог,
полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізе алады..
|
Сабақтың
барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
Қызығушылық
ты
ояту.
7 мин.
|
Ұйымдастыру
кезеңі
«Миға
шабуыл»
-Жұлдыз деген
не?
- Ғарыш деген
не?
-Бұлтсыз ашық күнде
аспаннан нелер көрінеді?
-Олар неліктен бізге
жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді?
-Жұлдызды
немен көруге болады?
|
Оқушылар
өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Оқушылар бір-біріне
тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және
бауырмалдығын оятады.
|
Оқулық, жұмыс
дәптер
лері
|
Жаңа сабаққа
кіріспе
3мин
|
«Тұлғаны
таны»

-Алғаш
ғарышқа ұшқандар туралы не білесің?
|
Қазақстанның ғарышкерлері туралы өздері білетін мәліметпен
бөліседі.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға
«Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|

|
Сабақтың
ортасы
Мағынаны
ашу.
7мин
|
Тілдік
бағдар
Қиысу туралы мәлімет
беру

Бейнеролик көреді. Бейноролик бойынша берілген алғашқы
ғарышқа ұшқан жануарлар, адамдар туралы қызықты мәліметтермен
танысады.
|
Қиысу туралы толық
мәлімет алады.
Бейнеролик көредіү Ғарышқа ұшқан жануар туралы қызықті
мәліметтермен танысады.
|
Дескриптор: Жалпы
– 2 балл.
-Қиысу туралы мәлімет
алады;
-Мысал
келтіреді
-Бейнеролик көреді, өз пікірлерімен
бөліседі;
|
Ұялы
телефон
|
7мин
|
Тыңдалым
мәтінімен танысады. Мәтінде кездескен сан есімдерді сөзбен жазып
шығады. Мағыналық түріне қарай ажыратады.
|
1961 жылы, 12 сәуір
реттік сан есімдер
55 жыл есептік сан
есім.
550 шақтысы
–болжау
Бір-
есептік сан есім
|
Дескриптор: Жалпы
–2 балл
-сан есімдерді тауып
жазады
-мағыналық түрлеріне ажыратады.
|
|
5
мин
|
2-тапсырма. Сөздіктің көмегімен
берілген сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын
ашыңдар.
|
Берілген сөздерге
түсіндірме сөздіктен немесе ғаламтордан қарап түсініктеме
береді.
Зымыран-
Контейнер-
Парашют-
Капсула-
|
Дескриптор: Жалпы
– 2 балл.
-Есімді сөз тіркесіне
мысал келтіреді;
-етістікті сөз
тіркесіне мысал келтіреді.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
|
|

|

|
Әр
дұрыс тапсырма сайын фишка беріліп
отырады.
|
|
Сабақтың
соңы
Ой
толғаныс.
Рефлексия
7
мин.
|
«Бір ауыз сөз»
әдісі.
Мұғалім сабақты
қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын,
рефлексиясын тыңдайды.
Үйге тапсырма: 3-тапсырма, 75-бет.
|
Жеке
жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп
береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді
айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым,
ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын.
т.б.
|
Мұғалім оқушылардың
сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр
оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.
|

|

1 –тапсырма. «Оқиық та,
тоқиық» әдісі.
1961 жылы 12 сәуірде Жер
шарының алғашқы адамы – Кеңес Одағының ұшқышы Юрий Гагарин ғарышқа
аттанды. Ғаламды бағындырудың ұшқыр да жеңісті ұмтылысы қазақ
жерінен бастау алды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің ең алғашқы
ғарышкері, ал Байқоңыр ғарыш айлағы ғарышкерліктің отанына
айналды.
Елу бес жылдың ішінде адамзат
баласының шамамен бес жүз елу шақтысы ғарышта болып
қайтты.
Олардың ішінде Қазақстанның үш
өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар
Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтер де
бар.
Әр ғарышкердің ғарышты
бағындыруының өзіндік жолы бар. Осы атаулы оқиға олардың өмірін
ғарышқа ұшқанға «дейін» және «кейін» деп екіге бөлді. Бірақ
бастысы, бұл ерекше адамдарды, жалпы барлық ғарышкерлерді
біріктіретін бір күш бар – ол орасан зор патриоттық сезім,
Жер-Анаға деген сүйіспеншілік, жаһанның жер кіндігі Байқоңырға,
оларды ғарышкер қылған қонақжай қазақ жеріне деген
құрмет.
Осы үш қазақ ғарышкерінің
ғарыштық тағдырының қалыптасуына себепкер болған қамқоршы адам
бар. Оны Қазақстан ғарышына жол салушы деп атауға толық құқымыз
бар. Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев пен А. Айымбетовтердің ғарыштық
талпыныстарын тек қолдап қана қоймай, сонымен бірге олардың өз
елінде ғарышқа самғауына жол ашты. Ол – Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Кеңес Одағы
басшылығының алдына қазақ ұлтының өкілін ғарышқа ұшырудың
қажеттілігі туралы мәселені қоя білді. Алғашқы боп сапар шеккен
қазақ ғарышкері – Кеңес Одағының батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген
ұшқыш-сынақшысы Тоқтар Әубәкіров еді. Бұл тарихи оқиға 1991 жылдың
қазанында болды.
Егемендік алған Қазақстанның
бірінші ғарышкері Талғат Мұсабаев Н.Ә. Назарбаевтың қамқорлығының
арқасында ғарышқа үш рет ұшты. Оның 1994 жылғы шілдедегі алғашқы
сапарының алдын да, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің бірлескен
шешімімен оған Қазақстан Республикасының азаматы, Ресей
Федерациясы ның әскери қызметшісі деген мәртебе берілді. Бұрынғы
одақтас республикалардың егемендік шеруі кезеңінде бұл арнайы
көтерілген мәселе болатын.
Жоғарғы кәсіби тәжірибесі мен
ұмтылысы Т. Мұсабаевқа халықаралық ғарыш экипаждарының командирі
ретінде ғарышқа тағы екі мәрте сапар жасауға мүмкіндік берді. Оның
1994, 1998 және 2001 жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы
ұзақты ғы күнтізбелік бір жылға жуық уақытты
құрады.
2015 жылдың қыркүйек айында
Қазақстанның үшінші ғарыш кері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты.
Экономикалық дағдарыс қиындықтарына қарамастан, Мемлекет басшысы
Н.Ә. Назарбаев ғарышқа кезекті Қазақстан азаматын ұшыру жөнінде
шешім қабылдады.