Тақырыбы: «Аяз ата қонақта» спорттық
сайыс ойыны
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының
адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау,
нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын
нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға
тәрбиелеу. Балалардың спортқа деген қызығушылығын
арттыру.
Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, қапшық, шар,
шеңбер, дартс, кедергілер, т.б құрал жабдықтар.
Өту барысы:
1- Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен балалар және ұстаздар!
«Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі
жатқан «Аяз ата қонақта» спорттық сайысына қош
келдіңіздер!
2- Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті ұстаздар,сайысқа қатысушы оқушылар бүгінгі «Аяз ата
қонақта» атты сайысымызға хош келдіңіздер!
1-Жүргізуші: Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға -
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
1.Қыран тобы. 2. Сұңқар тобы командаларды ортаға
шақырамыз.
2 -Жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын
таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топтарыңызды
таныстырып өтіңіздер.
(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)
1-Жүгізуші: Ал, құрметті қонақтар!
Жарысты енді көріңіздер.
Әділ қазы алқалары
Әділ баға беріңіздер,- дей келе бүгінгі біздің
жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға
рұқсат етіңіздер!
1. Меңгеруші: Нурпеисова Мереке
2. Әдіскер: Бахтыбаева Жадра
3. Кәсіподақ мүшесі: Скакова Бағлан
2-Жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. «Гимнсатикалық шеңбермен адам тасу»
сайысы.
1) Гимнастикалық шеңбермен адам тасу;
а) 1 адам, капитандар
2) 2 адам,
3) 3 адам,
4) 4адам
5) 5адам....барлық топ мүшелері
2. «Доп лақтыру» сайысы.
3. «Қаңбақ шар» сайысы.
4. «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы.
5. «Ат жарыс» сайысы.
6. «Қаппен секіру» сайысы
7. "Мергендер" сайысы
1 -конкурс: «Гимнастикалық шеңбермен адам тасу» сайысы.
1 Бала шеңберді беліне салып, кедергілермен жүгіріп келіп 2-ші
баланы шеңберіне салып алып жүгіреді. Сөйтіп 3-ші,4-ші.... кете
береді. (Ойыншылар жарыса бастайды)
1 -Жүргізуші: Спорт- көркі өмірдің.
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып, өсіп, толарсың.
2- конкурс: «Доп лақтыру» сайысы.
Баскетбол добын кедергілер арқылы жерге соғып барып сеткаға
лақтыру, қайтарда тағы соғып келу. (Ойыншылар жарыса
бастайды)
3- конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.
Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан
ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
4 -конкурс: «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
5 - конкурс: «Ат жарыс»сайысы.
Үрілген доппен секіріп, жарысу.
2-Жүргізуші: Оқушылар назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
6- конкурс «Қаппен секіру» сайысы
Оқушылар қапты киіп алып секіру жарысы.
7 -конкурс " Мергендер" сайысы( Дартс)
1-Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тарасса бізге жарады.
2-Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар
Сайыстың да соңы келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ қазы сайысты әділ бағалар.
Енді сайысымыздың жеңімпазарын анықтау үшін сөзді әділ-қазылар
алқасына береміз.
1-Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың
кепілі – салауаттылық. «Аяз ата
қонақта» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік
танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау
болсын, ағайын!