Материалдар / Тақырыбы: Әз -Наурыз құтты болсын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Әз -Наурыз құтты болсын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Әз -Наурыз құтты болсын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Первомай ауылы.

Бітік ОЖББМБ КММ



Тәрбиеші: Рахметуллина Нұрайла Әмірғалиқызы


Тақырыбы: Әз -Наурыз құтты болсын.


Мақсаты:
Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Наурыз көже құрамымен, бесікке салу рәсімдерімен таныстыру. Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді.
Тәрбиеші:

Ұлыс күні кәрі – жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағатқан қозыдай
Жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп
Сай салалар гүрілдеп
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп
- Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Тәрбиеші:

- Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)
Наурыз қыз:

Мен наурыз қызбын
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жетті міне асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы
Тәрбиеші:

Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
- Рахмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Тәрбиеші: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық

ӘН: «Көктем келді»
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар:

Алуа.
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің

Ерке.

Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Мансур.
Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Айша Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы .

БИ: Батырлар биі
Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)
-Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Тәрбиеші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)
Тәрбиеші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.
Ойын: (Асық ойыны)
Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)
Тәрбиеші: Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
БИ: «Текемет»
Наурыз қыз: Наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.
Тәрбиеші: Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамның бірі.
Наурыз қыз: Ендеше, мен ауылдарды аралап, қыдырып қайтайын – деп шығып кетеді.
Ән «Наурыз мереке»



Тәрбиеші:

балалар, малдас құрып дөңгелене отырамыз, қолымдағы жіпті көріп отырсыңдар, осы жіпті орай отырып, бір – бір тыйым сөз айту керек.
Дайынбыз ба? Бастаймыз.

Үйде ысқырма
Үлкеннің жолын кеспе
Асты үрлеме
Саусағыңды аузыңа салма
Тіліңді шығарма
Жақты таянба
Тізеңді құшақтама
Табаныңды тартпа
Бір қолмен нанды үзбе
Есікті қатты жаппа
Отқа түкірме
Үйге қарай жүгірме
Есікті керме
Үлкеннің алдын кеспе
Босағаға тұрма
Бос бесікті тербетпе
Бетіңді баспа
Адамға қарап керілме
Көк шөпті жұлма
Құстардың ұясын бұзба
Суға түкірме
Ән.Наурыз . Тәрбиеші:

Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр.Қош келдіңіз! (музыка)
ӘЖЕ:(Қолында тостаған, наурыз көже)
- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі.
- Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
Тақпақтар:

Раниса
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Айзере.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.

Исмайл Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа ауызмыз толады
Бар жақсылық болады.
Мадияр
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!

Ершат Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Әже: Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Балалар хормен: Тышты, тышты

Би: Домбыра.
Ойын: «Орамал тастау» Қызымызды ортаға шақырайық. Ұлдарымыз музыка әуенімен атпен шабады. Музыка тоқтағанда, қызымыз орамалды ортаға тастайды, ал ұлдар жерге түсірмей қағып алу керек. Қағып алған бала қыздың бетінен сүйеді.
Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!