Материалдар / Тақырыбы: Би өнері – әлемнің рухани елшісі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Би өнері – әлемнің рухани елшісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Би өнерінің мәні неде? 2. Би қалай туады? 3. Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі. 4. Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы.
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар сарайы коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Баяндама

Тақырыбы: Би өнері – әлемнің рухани елшісі»












Орындаған: Тоқжігітова Салтанат Ғабитқызы

Қосымша білім беру педагогі, хореограф, балетмейстер







2024ж.


Баяндаманың негізгі мақсаты:

Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің үйірме мектептегі би өнерінің ролі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы қалыптастыру.

1. Би өнерінің мәні неде?

2. Би қалай туады?

3. Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі.

4. Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы.

5. «Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже»

«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері.

Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші өнер болғандықтан, би шығармашылығының тарихи қалыптасуын зерттеу өте күрделі. Өйткені ол өзінен кейін материалдық – заттай ескерткіш қалдырмайды. Биге қатысты сурет, жазба және ілеспелі музыка оның бір қырын ғана қамтып, біржақты түсінік берумен шектелсе, осы заманғы кино түсірілім ғана би өнері жайында толық түсінік бере алады. Ежелгі би шығармашылығы туралы тарихи деректер там-тұм болғандықтан, тым тапшы әрі оның өзі де болжамды.

Хореография (грек.choreia – би, grapho – жазамын)

1) Шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу

2) Би және би спектакльдерін қою деген мағыналарды білдіреді.

Алғаш рет «Хореография» терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе енгізді. Қазақстанда «Хореография» термині 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары қолданыла бастады.

Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені хореография ол – сөзсіз өнер. Оның негізі – би. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Жалпы би – психиканың эмоциялық аясының жемісі.

Аристотель биді «Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі деді, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді» деген екен.

Би өнерінің мәні неде?

Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ – ол классикалық би. Латын тілінен аударғанда «Үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Классикалық биді біз балет деп атаймыз. Балет дегеніміз итальян тілінен аударғанда «Билеймін» деген мағынаны білдіреді. Балет, би, хореографиялық көріністердің авторын – балетмейстер деп атаймыз. Осылайша би өнерінің мәні – классикалық биде деп толығымен айта аламыз.

Би қалай туады?

Бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі әрі алмасуы нәтижесінде жетеді. Бидегі музыкалық, ырғақтық үзілістер би үзілістерінің эмоциялық-динамикалық қалпына сәйкес келеді. Би билеу орындаушыға мамыражай, жан жадыратар рахат бір күй әкеледі. Оның биологиялық немесе табиғи бастаулары ежелгі би шығармашылығының дамуына жағдай жасады. Бидің негізі – адам бойындағы көркемдік талаптардың тууы секілді биге деген психологиялық қажеттілікті анықтайтын шығармашылықтың қоғамдық бастамасы.

Күнделікті өмір-тұрмыстағы шабандозбен ат пластикасының әсемдігін айшықтайтын би қимыл-қозғалыстары мыңдаған жылдар өтсе де, көп өзгерістерге ұшырамай, қазақтар арасында тұрақты дәстүрге айналып, күні бүгінгн дейін сақталып жетті.

Мифтік тұлпардың бидегі бейнесі «Тұлпарша» тұлпар самғауы, «Құс қанат» қанатты секірістер, «Қамдама» қанатты бұрылыс сияқты халықтың дәстүрлі қимыл-қозғалыстарында сақталған. Ал қазақтың «Желдірме» ат желісі, «Шабыс» аттың еркін шабысы, «Тепең жорға» жорға жүріс, «Тебінгі» тебінгі және тағы басқа көптеген дәстүрлі би қимылдары ежелгі әскери бидің салттық жұрнағының бейнелі түрдегі жалғасы.

«Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Осының қалыптасуы қоғамның әр алуан талаптарына, ең алдымен жастарды ұжымдық қарым-қатынастарды талап ететін аңшылық, соғыс кездерінде физикалық, рухани тұрғыда шымырлыққа тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты болды». Тұтас алып қарағанда би шығармашылығын, оның ішінде қазақ биінің қалыптасуы барлық дүние бейнелі түрде қабылданып әрі оның бәрі бейнеге айналдырылған тарихи кезеңге жатады. Сезім де өзін қоршаған өмірлік ортаның суреті, адамның ішкі жан дүниесі ретінде бейнелі түрде түсіндірілді. Бұл қоғамның даму сатыларының ерте кезеңіндегі би шығармашылығына қуатты эмоциялық серпін берді.

«Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі»

Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болуы үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек, бұлар саналы-эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу.

Эмоциялық және логикалық ықпал ету – сабақ жүргізудің дайындық қойылым жұмыстарының негізгі алғы шарттары болып табылады.

Қимылды жаттап алу – ырықсыз рефлекстен сезіну мен түсінісу кезеңін өткен кезде осындайдан бұлшық еттің сезінуі арқылы меңгеріледі. Осындай жолмен жатталған қимыл әрекет естерінде ұзақ сақталады.

Көрнекілік – бұл негізгі оқыту және би өнерінің қозғалыстарын жетілдіру, биге үйрету сабақтары негізінде белсенді ықпал жасайтын көрермендер. Бұлшық ет-есту анализаторлары түсіндіру қайталап көрсетулерді- би өнері сабақтарының педагогикалық процессін негізгі әдісі деп есептеуге болады.

Оқыту жүйелігі – балалармен жұыс жасаудағы әдістердің түрлі формадағы қолданылуы – педагогикалық процесстегі маңызды компаненті.

Оқытудағы сабақтар: классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық, сонымен қатар өзіміздің ұлттық биіміз – қазақ билері оқытылады. Және қосымша модерн, латын-американдық,аэробикалық, қазіргі заман билері оқытылады. Осылайша балаларды жан-жақты болып тәрбиелеуіне үлес қосамыз. Сабақтың логикасы, оның мақсаттылығы мен жүйелігі, машықтық сабақтардың жүргізілуі, қойылым жұмыстарымен дайындық, би өнері туралы қысқаша түсінік – тұтастай алғанда, тек шығармашылық ықпал ету, мүмкіндігі мен қызығушылығын ескерту.

Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы.

Көп білетін және алған білімдерін жұмыста, үйде, демалыс кезінде қолдана алатын адам-рухани бай, мәдениеті жоғары адам. Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше пайдасын тигізу үшін – дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс. Ондай адам қандай жұмыстыда шаршамай шалдықпай істей алады. шаршасада оңай әл жинап, тез тыныға біледі. Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан төзімді, қайратты адам дейміз. Бұған би пәні де негіз бола алады. Бұл пән оқушының салауатты өмір салтын қалыптастыруға бастар бірден-бір жол. Биде тәрбиеленген балалардың жүріс-тұрысы, дауыс ырғағына дейін, ішкі-сезімінің дамуы ерекше келеді. Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.

Бидің денсаулыққа пайдасы:

1. Түрлі жаттығулар жасаған кезде денеден көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл жүректегі қан айналымын жақсартады.

2. Қан айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді.

3. Қан қысымының көтерілуін тежейді.

Би тек қана сырт келбетті емес, соныменқатар ішкі дүниенің, сана сезімін артады және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды.

«Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже»

Би адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Оқушлардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!