Қызылорда обылысы,
Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы Исатай
Әбдікәрімов атындағы
№168 жалпы орта
мектептің
Бейнелеу өнері, сызу
және еңбек пәнінің мұғалімі:
Ыдырысов
Ербол
Дұрыс қанаттанған түзу
ұшар.
Қай заманда болмасын
адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің
ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ
тәрбиелеу.
«Адам ұрпағымен мың
жасайды» деп халқымыз тектен тек айтпаса керек. Адамзат баласы
ұрпақтар сабақтастымен сан мыңдаған жылдарды бастан кешірп келеді.
Ұрпақ тәрбиесі кез-келген ұлттың, кез-келген қоғамның көкейкесті
мәселесі екені даусыз. Ешкім ешкімге өмір сүруді үйретпейді. Біздің
құнды болмысымыз- балаларымыз. Баланың өмір жолын сыз алмаймыз,
бірақ олардың өзі сызуына дұрыс жол көрсете аламыз. Бала дегенде
алдымен, санаңызды гүлді әлем, көңілді кездер, шуақты күндер
сығалайды. Шынында, дүниеде бала күлкісінен шынайы, бала жүрегінен
таза ешқандай керемет құбылыс жоқ шығар. Өткенімізде, бүгінімізде
баламен байланысты. Қай тұсынан алып қарайық, жас ұрпақ ертеңгі
күннің жаршысы болып қала бермек. Бүгінде елімізде бала тәрбиесіне,
ұрпақ біліміне ас назар аударылып бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ
қалыптастыру жолында түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Әлемде ең қиын іс бар, ол – мемлекет басқару және бала тәрбиесі» -
деген аталы сөзге жүйенсек, сол бала тәрбиесі сияқты қиын істе
санасы әлі жетіліп үлгермеген балаға отбасындағы тәрбиенің маңызды
екені белгілі. Осы орайда Елбасының «Әрбір адам бала кезінен
Қазақстан – менің отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де
ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей
болғаны дұрыс.
Яғни, бала болашағы-
бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың
бүгінімен ертеңін жалғайтын алтын көпір. Жас буынның тәрбиелі де
саналы ұрпақ болып өсуіне ең алдымен отбасындағы тәрбиенің маңызы
ерекше. Бала деген жас шыбық тәрізді, жас шыбықты қай жағына исең
сол қалыппен өседі. Балаға да жас кезінен өнегелі тәрбие беріп
өсірсе, оның жақсы азамат болып өсетініне еш күмән жоқ. Өнегелі
тәрбие беретін, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ошақ-ол отбасы.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына
ата-ананың отбасы мүшелерінің қарым қатынасындағы мейірімділік пен
махаббат қажет. Ата-ана жанұяның жүрегі.
Олар өнегелі ісімен, ар
тазалығы мен бала болашағын қалыптастырады. Жас буынды тәрбиелеуді
отбасынан бастап және мектептегі тәрбие мен ұштастыра отырып,
қандай қасиеттердің қажет екенін бала бойына дер кезінде сіңіріміз
керек. Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық шынайы болуы
тиіс. Ұрпақ тәрбиесі-қоғамдық іс. Еліміздің болашағының кепілі деп
білетін әр отбасы, әрбір азамат
«Ел боламын десең,
бесігіңді түзе» деген ұлы жазушы М. Әуезов сөзін санасында
жаңғыртып тұрса игі еді. Қазақстан киелі тәрбиесі мен құдіретті
өнерін тел еміп , қасиетті жерінде бөліп-жармай тек құқықта
өсіп-өніп келе жатқанымыз көрсетіліп келе жатқан мол қамқорлықтың
арқасы. Қазақтың тәрбиесі жан-дүниесі ,рухани негізі, ел еркіндігі
мен ұлтты танытатын басты белгісі , ұлт болмысын ұғындырып
төңірегіне жұртты топтастырушы. Қазақ ұлтының бір ғана Отаны бар.
Ол – Қазақстан. Сонымен бірге онда туып-өскен және оған түрлі
жағдайлар мен қоныс аударып, азаттығын алған жүзден астам басқа
ұлттардың балаларының тәрбиесі де Отаны да Қазақстан . Осылардың
барлығы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір
сүруде.
Пайдаланған
әдебиеттер:Қазақстан әйелдері журналы.
Тәрбие тәлімі.Үсенов
Қ
Ізденіс іздері. Үсенов
Қ
Парасат
журналы.