жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Ежелгі Түркістан
Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы Исатай Әбдікәрімов атындағы
№168 жалпы орта мектептің
Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі:
Ыдырысов Ербол
Ежелгі Түркістан
Сыр бойының ескі қаласының бірі Түркістан (Яссы). Мұның атағы Әзірет Сұлтанның көгілдір күмбезі арқылы көбірек жайылған. Яссауилік Қ.Ахмет түрік тілінде «Диуани хикмет» кітабын жазған сопы.
Яссы Саул
Жатыр жүрек парасы
-дейтін көрінеді. Ескі Түркістанды «Қарғылық» деп атапты деушілер бар. Түркістан 200 жыл қазақ хандығының астанасы болған жер. «Хан жайлаған Қаратау, би жайлаған Алатау» дейтін сөз содан қалған.
Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы Түркістан
02.ҮІІ.1992 ж. «Тарихи – мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жарлыққа шықты. Бұл заң еліміздің тәуелсіздік жағдайында тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды және оны қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырудың құқықтық негізін қалады. Қазақстанның білімі мен мәдениеті саласында алғаш инветиция салған Түрік Республикасы болды. 1992 жылдың 23-желтоқсанында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жөндеу және қалпына келтіруге байланысты. Қазақстан және Түркия Республикасы арасында ынтымақтастық пен міндет бөлісу хаттамасына қол қойылды.
1993 -1995 жылдары Түркиялық мамандар бұл міндетті ойдағыдай атқарды. Кесенедегі қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы Түркістан жайының қарсаңында толық бітті. Елімізде қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы да Елбасының есімімен байланысты.
Әлқожа ата ХҮІ –ғасырда Рәбия Сұлтан Бегім ХҮІ ғасыр кесенелері музейдің өз қаржысымен қайта жаңғыртылды. Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ашылды. Түркістан қаласы «Руханият» астанасы болады. Бүкіл дүниежүзілік қазақтардың Құрылтайы өтті.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы туралы
Ақсақ Темір 1381 жылы Герат қаласын алып, көңілі толқып, шалқып отырған кезде оның бір кеңесшісі: «Артымызда , сонау Қаратау мен Алатаудан бастап жатқан қалың елімізді , көршілер, көшпелілер басып алуы мүмкін» ,- деп ескерткен екен.Кеңесшінің бұл айтқаны Темірді көп ойландырады, айла іздейді. Сондай айланың бірі Сыр бойында әйгілі ата-бабаларының әруағына бағыштап зәулім, сымбатты ғимараттар , қасиеті мол таңбалар салу арқылы оларды айналадағы көшпелілер келіп табынатын ,бас иетін жерге айналдыру қажеттігін түсінеді. Әмір Темір әулие Қожа Ахмет жатқан Иассы қаласынан зәулім сағана ғимарат салуға бұйырады. Қожа Ахмет жерленген қорымда бұл өңірді Темірден бұрын билеген сұлтан Сұлтан Ахмет үшіншісі Құбылай ханбалықты алғанда, оның әскерінің оң қанатын басқарған батыр Ахмет жататын. Солармен қатар, Ақсақ Темірдің анасы Сақыпжамал жерленген . Әмірдің кіндік қаны тамған жер болатын. Сонымен Қожа Ахмет кесенесін салдыру үшін Әмір Темір тұтқынға алынған , үй салатын шеберлерді , қыш құятын мамандарды Сыр дарияның бойына айдап әкелді. Отқа күйдірілген әдемі әрі кішкене қызыл қыш Сауран қаласының тұрғындарының қолымен жасалынды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылысын Әмір Темірдің сенімді адамы Мәулен Убайдулла Садыр мен ирандық Хасалбасқарады. Сағана құрылысына керекті ағаш Сыр бойынан «Үш қайық» деп аталатын жерде әзірленді. Ал мәрмәр тастар Самарқаннан түйемен жеткізілді. Бұрын еш жерде болмаған бояулар, сырлы құпиялы өрнектер пайда болды. Ешбір жеріне не темірмен не ағаш жалғау жасалмай , тек қызыл қыштан көтерілген зәулім сағана Сыр бойындағы көшпелілерді таң қалдырды. Сонымен Шираз, Герат, Табриз, Мауараннахр, Отырар, Шаш, Исфаханнан айдалып келген шеберлер тұрғызған зәулім ғимарат көк күмбезді Қожа Ахмет Иассуидің кесенесі бой көтерді. Қырық құлақты , қырық ту биенің еті сиятын қазанға керекті қорғасынды , мысты, жезді Қаратау жерінен қазылып оны қорытып құйған, сонау Табризден келген ұста Сәруар – ад- диннің баласы Әбд әл-Әзиз ибн Шарафиддин болатын. Қазанның диаметрі -12,5 метр, биіктігі -1,7 метр, салмағы -2 тонна. Сыртқы жақтауына Құранның тоғыз сүресінің 19 аяты, төменгі жағына Әбд әл – Әзиздің өз аты жазылған. Сондай-ақ 1399 жылы 25-шілдеде құйылғаны бедерленген .
Құрылыс ескерткіштері
ХІҮ –ХҮ ғасырларда сәулет өнерінің жаңа үлгілері қалыптаса бастады. Ғимарат сәнді болу үшін шебер, кірпіш сапасының жоғары болуына және оның көлеміне өте қатты кңіл бөлді. Екіншіден кірпіштердің бір жағына түрлі-түсті әйнек сыр жалатуына назар аударды. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің сырты әйнек сырлы, құйма кірпіштермен қапталған. Көрхананың үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған. Күмбездің барабандары айналдыра араб жазуымен өрнектері қаланған. Бұл өнердің өзіне тән құпиясы осы уақытқа дейін ашылмай отыр. Ол әйнек сыр жалатылған кірпіштердегі сырдың жер астында қанша уақыт жатса да күн көзінде қанша ғасырлар тұрса да өшпей, оңбай өз қалпының сақталуы. Құрылыс материалының жоғары сапалы болуы жеріміздегі сәулет өнерінің ортағасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдейді.
Араб жазбаларының аудармалары
Түркі халықтарының тарихында ұлы тұлғалардың бірі Әмір Темір туралы түрлі пікірлер айтылып жүр. «Әмір Темір кесенесінде қаһарлы қолбасшы ма, әлдежалған қауесет пе?»-деп күдіктенушілер болды. Ақсақалдың қолындағы араб әрпімен жазылған «Темірдің қабіріне тиюге болмайды, әруағы мазаланса ұрыс рухы сыртқа шығып, қияметті күндер басталады» деген сөздер жазылған. Көрегендігі айтқан өсиеттер мен жазбаларында «Менің қабірімді ашса, соғыс болады» деуі ерте ме, кеш пе қабірін ашатындығын болжаған. «О, жарылқаушы» , «Билік Аллада» , «Құдай менің әміршім» тағы басқа.
Қожа Ахмет Иассауи туралы (1103-1167жж)
Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибрагим атақты ғұлама ғалым болды. Шешесі Мұса Шайқының қызы Айша Ахмет жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалған. Ол өзінің әпкесі Гауһар-Шаһназдың қолында өседі. Алғаш әкесінен оқып, сауатын ашып, кейінірек ислам дінінің шариғат-қағидаларын үйренген. Бала кезінен Иасы (қазіргі Түркістан) қаласын мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен Ахмет Иассауи атанады. Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алып, Иасыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихаттаушысына айналады. Арыстан бабты пір тұтады. Қожа Ахмет Иассауидан қалған мұра оның «Даналық кітабы» - «Диуан-и- хикмет» болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған. Бұл еңбек даналыққа , адалдыққа, кішіпейілділікке , имандылыққа шақырады.
Қожа Ахмет Иассауи хикметтерінің тәрбиелік мәні
Надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние-байлыққа қызықпа оның бәрі өткінші , мәңгілік ештеңе жоқ. Дүние жалған , ешкімге де опа болған емес, дүниеқоңыздықпен мәңгілік өмір сүргісі келген перғауындар, атақты падишалар мен байлар қайда кетті. «Алланың қаһары түссе бір сәтте жермен жексен болады»,- дей отырып, жұпыны өмір , қанағатшылдыққа , кедейлікке арланбауға , басқа түскен ауыртпалықты мойымай көтеруге шақырады.
Ислам діні тарихы
Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Бір орталықтандырылған мемлекеті құрылып , ислам діні қалыптасқаннан кейін арабтар 633 жылы «Дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастады. Арабтар аз уақытта Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік аумағына енеді.
Х-ХІ ғасырлар арасындағы қала мәдениетінің дамуында ислам маңызды рол атқарды. Х-ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады. Ал оның баласы Боғра хан 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялайды. Х-ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастайды. Сайрам, Отырар, Түркістан тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым мен білімге кең жол ашылады. Әдебижәне ғылыми шығармалар араб тілінде жазылады. Ислам діні орныға бастағанын осы кездегі тұрғындардың жерлеу салтынан байқауға болады. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білімнің дамуына ықпал етті.
Сопылық ілім жайлы мағлұматтар
Қазақстан аумағында ислам ханафиттік деп аталатын діни-құқықтық мектеп пен сопылықты насихаттайтын идеологияның негізінде қалыптасты.
Н.Назарбаев
Көптеген дін зерттеушілері сопы (суфи) , сопылық (суфизм) арабтың суф- жүн, суфи-жүн-шекпен киген адам, сафа-тазалық, сафуа-таңдаулы болу деген сөздердің бірінен шыққан болса десе, Д.Еремеев оны гректің софия – дана, софос-даналық деген сөзінен ауысқан деп есептейді.
Сопылардың өмір сүру заңын ұлы ұстаз шейх Абдоллах Ансари мына алты қағидадан тұрады деп есептейді:
Жасқа- мейірім;
Кедейге- қайырым;
Дұшпанға –кешірім;
Ақымақты-елемеу;
Білімдарды-құрметтеу.
Сопылардың көпшілігі – Алла сыйлаған ерекше қасиеттері бар адамдар. Суфизм – өмірге нәр беруші, оны тек сопылық жолмен ғана тануға болады. Ғалымдар сопылық (суфизм) төрт сатыдан тұрады, әр сатыда оннан мақам болады. (мақам – аялдайтын мекен дегенді білдіреді)
1-ші саты- шариғат , яғни ислам дінінің шарттарын қатаң сақтау, Құран уағыздарын бұлжытпай орындау;
2-ші саты- тариқат- адам өзін-өзі ұмытып, құдай жолына түсу, ұстаз – пір тауып сопылық бауырластыққа кіру.
3-ші саты- мағрифат- Құдайды ақылмен емес, жүрекпен тану, Аллаға шын ғашық болу.
4-ші саты- хақиқат- алаңсыз дін жолына түсіп, ақырғы мұратқа жету, хақпен дидарласып, өз өмірін осы жолда сарп ету.
Түркістан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы
Қожа Ахмет Иассауидің кесенесімен қатар әр кездерде салынғанбір бөлмелі кесенелер тұр, олардың ішіндегі ең қызықтысы Рабиға Сұлтан белгілі кесенесі. (ХҮ -ғасыр) Кесене сегіз қырлы, күмбездетіп салынған, кіре беріс қақпасы шығыңқы етіп жасалған. Отырарда , Сауранда, Жентте, Баршыкентте жән басқа қалаларда мешіт, медресе, мазарлар сияқты діни құрылыстар салынды. Осылардың арасындағы Көк кесенеде Әблқайыр хан жерленген деп есептеледі.
Сырлытам кесенесі (ХІҮ-ХҮғ) бір ғана залдан тұратын, оған кіретін екі есігі бар шығыңқы қақпалы- күмбезді құрылыс. Қожа Ахмет Иассауидің Есім мен Жәңгірдің кесенелері ерекше көзге түседі.
Сауран мұнарасы Ташкент темір жолының бойында дуалдары әлі күнге сақталған. Жеті қабат дуалмен қоршалған. Хақназар хан (1560-1580жж) заманында елді қала екен. Сауран мұнарасы «Мір» деп атаған. Кейбір парсы тарихшыларының сөзіне қарағанда Шейбани ханның (1510 жылы өлген) ұрпағы Ғұбайдолла хан Саураннан үлкен медресе салдырған деседі. Сауранды 1219 жылы Жошы шауып алды. Сауран жайында айтылатын ертегілер әлі жиналмаған.
Отырар. Сырдың ескі қаласының бірі-Отырар. Біздің жыл санауымыздан бұрын Ү—Ү ғасырлар шамасында өмір сүрген. Бұл қамауды 1219 жылы Шыңғыс (Жошы) әскері өртеп, қиратқан . ХІҮ-ХҮ ғасырларды Отырар сұлу, бау-бақшалы үлкен қала болған. Хижраның 807 жылы шағбан айының 17-не Отырар маңында Ақсақ Темір қайтыс болған.
Қарнақ. Қарнақта үлкен медресе болған. Онда қазақтың ең көрнекті азаматтары білім алған. Мұхтар Әуезовтың атасы Бердіқожа дәріс алған.
Әмір Темір дәуірінен сақталған көне жәдігерлер
Алыстан мен мұндалаған кесененің сырт бейнесі ерекше. Оның қабырғаларының көркемделуін үш жікке бөлуге болады. Кесененің маңдайшаларына ескі арабәріптерімен сөздер жазылған.
Комплекстің ішкі өрнегі қандай ерекше болса, сыртқы келбеті де соған сай. Оның есігінің тұтқаларына дейін мән берілген . Оған алтын, күміс жалатқан. Шырағдарлар да сондай. Ескі жазбаларға сүйенсек осындағы үлкен қазанның жанында сәнін келтіргендей болып жылқы құйрығы тағылған он ту тұрады екен. Солардың кейбірінде жарты ай бейнесі мен жазулар түсірілген. Қасиетті тұмарлар да болған. Сол қасиетті тұмарлардың ортасында «Хазірет Сұлтан Қожа Ахмет» деген жазуы бар дөңгелек мөр басылып отырыпты.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалар
Түркістанда әлі күнге дейін нақты саны белгісіз , кезінде еліміз бен жерімізді қасық қаны қалғанша қорғаған аты шулы аталарымыз бен бабаларымыздың сүйегі жерленген. Олардың көбісі ақтық сапарға аттанар кезінде өсиет етіп, аманат етіп айтқан өтініші- осы Әзірет Сұлтан. Кесенеде қазақ хандары мен билері, елі мен жерін қорғаған батырлары жерленген. Бұның атақты Жәңгір, Тәуке, Есім, Сәмеке, Әбілмәмбет , Абылай хан, Бөгенбай , Қаз дауысты Қазыбек сияқты қолбасылар, қабырғалы билер бар. Ұлықбектің қызы Рабиға (1745-1525жж) жерленген.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген