Материалдар / Тақырыбы: «GOVID-19 ауруының алдын алуы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «GOVID-19 ауруының алдын алуы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады , мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2022
260
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құлыншақ» тобының ата-аналар жиналысының

1 хаттамасы (онлайн)

Өтілу уақыты: 19.10.2021ж

Қатысуға тиісті: 20

Қатысқаны: 20

Күн тәртібінде

Ата – аналар жиналысы: «Балалардың балабақшаға бейімделуі»

  1. Ата- аналар комитетін сайлау және оның жұмысын жоспарлау

  2. Алтын күз ертеңгілігіне дайындық

  3. Әр түрлі мәселе

Сөз сөйледі: Ж.Джубанова

Ж.Джубанова балалардың алғашқы Алтын күз мерекесімен құттықтап, жоспармен, алға қойған мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті. «Балалардың балабақшаға бейімделуі» туралы баяндама оқыды. Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында  және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады , мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді

Тыңдалды: Тәрбиеші Р.Төлепбергенова

Тәрбиеші Р.Төлепбергенова балалардың жаңа оқу жылына ата - аналар камитетін сайлау керектігін, 3-5 адамнан тұратын және бір хатшы болатынын айтып өтті.

Сұрақ: ата аналар комитеті қандай жұмыстар атқарады?

Сұраққа жауап берілді.

Тыңдалды: Ж.Джубанова

Тәрбиеші: Ж.Джубанова топтың жағдайы, күн тәртібі және сабақ кестесі қазан айында «Алтын күз өрнегі» ертеңгілігі өтетінін, оған балалардың киімдері, уақыты туралы айтылып өтті. Келесі күн тәртібінің үшінші мәслесі бойынша тәрбишілер ата аналарға ұсыныс жасады, толғандырып жүрген әр түрлі сұрақтары болса қоюларын болатынын айтты.

Сұрақ: Төлеева К

Жиналысқа қатысып отырған ата аналардың балаларының мінез құлықын айтып өтесіз бе?

Сұраққа жауап берілді.

Тәрбиеші: Ж.Джубанова







Пікір

Ата-ана: Қазиева А

«Алтын күз» ертеңгілігіне киетін киімдерінің бәрі бір жерге тіктіріліп, дене сабағына балалардың бірдей форма болуына ұсыныс білдіремін. Ата – аналар комитетінің төрайымы жас ата-аналар баламен үйде отырған адам болу керек деп есептеймін, ал мүшелері үйінде көліктері бар жұмыстан босай алатын ата-аналар болса деймін.

Шешім:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тәрбиешілер бөбекжайдың ішкі тәртібі, кешікпеу, ата-ана жарнасы, балалардың жеке бас тазалығы, балаға қажетті оқу құралдары жөнінде ата-аналарға ескертті.

Топ тәрбиешілері ата-ана комитетіне ұсынылған ата-аналармен сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.Үміткерлерді барлығы бір ауыздан қолдап, шешім етті.

Ата-аналар комитеті: Ниярова А

Мүшелері: Көпбергенова Г

Нариманова З

Хатшы: Темирбекова М

Осы ата - аналар камитеті бөбекжайда өткізілетін іс шараларға тәрбиешімен бірге ат салыссын.

«Алтын күз өрнегі» ертеңгілігі белгіленген уақытта өткізілсін.

Жауапты: А.Қыйзатова





Жиналыс төрайымы: Ж.Джубанова

Хатшысы: Р.Төлепбергенова

















Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады , мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да , қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді , ойншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ , мысалы қызылша , орамжапырақ , қатты тамақты шайып үйренбеген (құрттайнан) балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек . Көбінесе ата-аналар жқмыс тәртібін айтып , баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Балаңызбен үйде сойлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба , оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері кобінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді . Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде , ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары қатты ата – аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді , өйткені ата - ананың қобалжуын көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата – ана балаға көмек беруі керек.

Ертенгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

- Баламен тез қоштасып үйреніңіз.Қоштасуды созбаңыз.Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа созылады.

- Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп көрінбей қашып кетпеңіз.

- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және оны қатал ұстаңыз.

- Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатыңыз.

Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2 – 3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдай көп өзгеріске түседі.Сондықтан кеңес береміз.

- Үйдегі жағдайда балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз

- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.

- Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну өз бетімен тамақтану тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

- Баланың «социалдық көк жиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с.Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

- Баламен жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.Есіңізде болсын – сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

- Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға.Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

- Жоспарлаңыз:балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғащқы аптада үш төрт сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

- Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет.

Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырмаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.







«Болашақ» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК













Баяндама

Тақырыбы: «GOVID-19 ауруының алдын алуы»

















Дайындаған : Ж.Джубанова





















2021 жыл





«Болашақ» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК

«Құлыншақ» тобының ата-аналар жиналысының

2 хаттамасы (онлайн)

Өтілу уақыты: 03.12.2021ж

Қатысуға тиісті: 20

Қатысқаны: 20

Күн тәртібінде

Ата – аналар жиналысы:

  1. Тұмаудың алдын алу жолдары.

  2. Сауалнама

1.Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша тәрбиеші Р.Төлепбергенова сөз алды. Қазіргі кездегі GOVID-19 ауруы туралы айтып өтті.

Сұрақ ата-ана: Битимова Ф

Бөбекжайда GOVID-19 қандай сақтық-шаралары жүргізіліп жатыр.

Медбике сұраққа жауап берді.

2.Тыңдалды:

Тәрбиеші: Ж.Джубанова дайындалған электрондық сауалнамаға жауап беруді ұсынды.

Сұрақ: Киянова М

Электрондық саулнамаға қалай жауап беруін сұрады.

Сауалнамаға қалай жауап беруін түсіндірді.

Пікір

Ата-ана: Битимова Ф

Ең бастысы осы аурудан аман-есен құтылып , балаларымыз ауырмаса екен.

Ата-ана: Киянова М

Қарантиндегі сақтық шаралары дұрыс сақталса екен.

Шешім:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауруға байланысты барлық іс-шаралар өз деңгейінде жүзеге асырылсын.


Жиналыс төрайымы: Битимова Ф

Хатшысы: Киянова М


























































«Ұлы жеңіс жасасын»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ән: Ән ұран.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.
- Балалар Отан - туған жер туралы тақпақтар.
З. Нұрхан.
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Айзере.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Ислам.
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Диас
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Жарқынай.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.
Дияр.
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
Ажар.
Отаным - кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған шал, алып дән,
Бәрі менім несібем.
Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!
- Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.
Адия.
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды. 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!