Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тақырыбы: Жасөспірімдердің ерте жыныстық байланыстарының алдын алу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ-4
Тақырыбы: Жасөспірімдердің ерте жыныстық байланыстарының алдын алу
Орындаған:Абдуллаева Сарвиноз
Қабылдаған:
Алматы 2021 ж
Жасөспірімдердің ерте жыныстық байланыстарының алдын алу
Жоспар
І. КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Ерте жыныстық қатынастар
2. Жасөспірім жаста ерте жыныстық қатынасқа түсудің себебі
3. Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі және алдын алу
4. Жасөспірімдердің жыныстық қарым-қатынасының салдары
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І. КІРІСПЕ
Жасөспірімдік кезең – бұл, тәжірибеге әуесқойлылық пен оны қанағаттандырукезеңі. Қажетсіз жүктілік, ЖЖБЖ және АИТВ/ЖИТС – мұның бәрі жасөспірімдегі жыныстық белсенділіктің салдары.
Жасөспірімдік кезең бұл қиын өткінші кезең болып табылады. Физикалық өзгерістек ересектену барысының бір бөлігі ғана. Бір мезгілде жеткіншектер көптеген әлеуметтік және психологиялық мәселелерге ұшырай бастайды, өз құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйренеді, этикалық ұстанымдарды әзірлейді, ақыл-ой жағынан жетіледі, жеке және ұжымдық жауапкершілік сезімдерін сезіне бастайды. Осы кезде жеткіншек қалыптасып келе жатқан жыныстық жағындағы мәселелерді шешуі тиіс, атап айтқанда жаңа жыныстық сезімдерге бейімделеді, жыныстық белсенділіктің әр түрлі үлгілеріне араласады, оянып келе жатқанмахаббатты сезіне бастайды.
- Қазіргі таңда жастарымыздың санасына отбасын құру және ұрпақ тәрбиесі туралы дұрыс пікірлерді сіңіру маңызды болып отыр, себебі адам баласының ұрық тазалығын сақтамауының кесірінен бүгінгі ұрпақ азып барады.
Ата-ана үшін ұлың жақсы, қызың жақсы дегеннен артық баға жоқ. Ол сіздің мерейіңізді асырары сөзсіз. Сондықтан бала тәрбиесіне аса мән бергеніміз жөн. Әсіресе қыз баланың болашағына салғырт қарамауымыз тиіс. Себебі қыз болашақ ана, ұлт келешегі.
1.Ерте жыныстық қатынастар
Жыныстық қатынас дегеніміз не? Ең бірінші - Үлгілі семья құру, өнегелі ұрпақ өсіру үшін халқымыз ерте кезден тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген. Соның ішінде жастарды отау тігуге даярлау, жыныс тәрбиесіне байланысты көп әңгімелер айтылады. Бала негізі семьяда жыныстық тәрбиенің әліппесін үйренуге тиіс. Егер ата-ана жыныстық тәрбиеге көңіл бөлмесе, ол өзінің баласы алдында парызын толық өтеді деп есептеуге болмайды.
Ерте жыныстық қатынастар:
• Жастар жауапты шешімдер қабылдауға дайын болмағандықтан және жеткілікті ақпараттарды білмегендіктен, әсіресе, ЖЖБЖ мен АИТВ/ЖИТС-қа әлсіз болып келеді.Ержету кезеңінде жасөспірімдер көбінесе тез ересектер қатарына қосылуды жыныстық қатынас деп ойлайды;
• Жыныстық қатынас көбінесе алкоголь мен есірткі тұтынуға ұласып жатады, ал бұл өз нәтижесінде мінез-құлық қауіптілігіне және нақты шешімдер қабылдаудың төмендеуіне әкеп соғады;
• Жастар көбінесе өздерін әлсіз деп ойламайды, олардың қатынастарын «бұл жағдай менде болмайды» деген сөздермен анықтауға болады;
• Белгілі бір адамдар тобына жатпай-ақ, қауіпті мінез-құлық нәтижесінде ЖЖБЖ мен АИТВ-ні жұқтыруға болады. Сенің кім екенің маңызды емес, сенің не істейтінің маңызды.
Мамандардың зерттеуі бойынша, соңғы жылдары алғашқы рет жыныстық қатынасқа түсу жасының төмендеу үрдісі байқалатындығы анықталды. Қазіргі заманғ жастарға ерте жыныстық қатынасқа түсу қалыпты жағдайға айналған.
Психологтардың анықтауынша, қазіргі жасөспірімдерде жыныстық мәселелерге деген қызығушылық пайда болған.
Жасөспірімдер теледидарданвидеофильмдерден жыныстық мағынасы бар көптеген көрініске куә болады, көп ақпаратты интернеттен алады. Әлі толық жетілмеген жасөспірімнің санасы ақпаратты дұрыс түсінбейді және оны дұрыс қолдана алмайды, нәтижесінде өмірлік дағдысына айналып кетеді. Жастардың жыныстық қатынасқа деген көзқарастарының жеңілдігін көрсетеді. Жасөспірімдер арасында мүлде бейтаныс адамдармен жыныстық қатынасқа түсе беру кең таралған. Жыныстық өмірді 16 жасқа дейін бастаған бозбалалардың саны, осы жастағы бойжеткендердің санына қарағанда әлдеқайда жоғары. 16 жасқа дейін жыныстық өмірді бастаған оқушылардың саны, жалпы білім беретін мектептерге қарағанда, арнаулы мамандандырылған оқу орындарында оқитын білім алушыларда жоғары.
2. Жасөспірім жаста ерте жыныстық қатынасқа түсудің себебі
Іс-әрекет – адам қасиеттерінің жақсы мен жаман жағы, қоршаған ортадағы адамдарға деген шынайылығы, қарым-қатынасы мәселелері көрінетін адами қарым-қатынастың бас элементі болып табылады. Кез келген ойланбай жасалаған іс-әрекет қашып құтылмайтындай шарасыз нәтижелерге әкеп соғады: адамдарға деген аяусыз қарым-қатынасы, олардың санасын өзгертіп, өзі үшін тығырыққа тірейтін салдарға әкеледі. Іс-әрекет адамның белгілі бір істегі әрқашан жауапкершілігі байланысты болуы тиіс. Қазіргі қоғамдағы жасөспірімдердің құқық бұзушылық мәселесі ең күрделі және қарама-қайшылыққа толы мәселелердің бірі болып табылады. Өкінішке орай, әрбір жеткіншек өзінің іс-әрекетін жете түсіне бермейді, өзі жасаған құқыққа қарсы әрекеттер ауыр әрі түзетуге келмейтін жағдайға әкеледі.
Жыныстық қатынасқа ерте түсудің соңы жалпы жасөспірімнің денсаулығына (физикалық және рухани) және репродуктивті денсаулық жағдайына теріс ықпалын тигізеді. Жасөспірім жаста ерте жыныстық қатынасқа түсудің себебі осы жастағы өмірлік ұстанымының, бағыт-бағдарының, адами құндылықтарға деген көзқарасының дұрыс болмауында жатыр. Жасөспірім қарқынды жыныстық жетілуімен байланысты көбірек физиологиялық қажеттіліктерін басшылыққа алады. Сондықтан жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануы ерте жыныстық байланыстарға бармауының және олармен байланысты барлық салдарын болдырмаудың сенімді кепілі болып табылады. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу, әртүрлі үйірмелерге қатысу, жақсы оқу, толыққанды рухани өмір жыныстық қызығушылықтың басым болуын тежейді, өзінің ой -өрісін жетілдіру, рухани және физикалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді, ал бұл, өз кезегінде, қарама-қарсы жынысты тұлғаларға басқа көзқараспен қаруына әкеледі.
Ерте жыныстық қатынастың себептері:
-
Әлеуметтік қысым
-
Әлеуметтік жағдай
-
Реніштік
-
Жылулық сезімнің жетіспешілігі
Жасөспірімдерде жыныстық қатынастарды ерте бастаудың себептері:
-
Өзін аз жалғыз сезіну немесе танымал болу;
-
Өзін ата-анаға тәуелсіз екенін көрсету;
-
Өзіндік «Менін» жыныстық қатынас арқылы анықтау, себебі, өзін өте сенімсіз сезінеді және осылай өзінің тартымдылығын танытпақшы.
-
Бозбалалар өздерінің ер екендігін, ал қыздар әлемге және өзіне қалаулы екенін дәлелдегісі келеді;
-
Махаббатын сақтап қалу үшін;
-
«Барлығы осыны істейтіндіктен».
3. Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі және алдын алу
Жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең. Бұл кезде жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе түседі. Аңғармай айтылған немесе ретсіз айтылған бір ауыз сөзбен жасөспірімнің ойында тұрған арманы мен қуанышын оп- оңай бұзып жіберуге болады. Жыныс күтімі бала тәрбиесінің бір бөлігі болғандықтан, жыныстық қабілет жетіліп келе жатқан кезде жасөспіріммен айрықша әңгіме өткізу қажет. Мұндай әңгімені баланың көңіл-күйі жақсы кезде бастап, ата-анасына өнегелі түрде сөйлесу керек. Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн. Оған айтайын деген ақылыңызды бір әңгіме арасында, ыңғайын келтіріп айтуды күні бұрын жоспарлаған дұрыс. Баламен әңгімелескенде өсиет айтудың да, беталды ескертудің де, алдын-ала қорқытудың да қажеті жоқ. Мұндай кеңес жасы үлкен апасының сіңлісіне, ағасының інісіне айтқан ақылы тәрізді болуы тиіс.Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн.
13-14 жасқа келген жасөспірім махаббат мәні, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас сияқты бірқатар мәселелерді байқайды. Жыныстық ұстамдылықтың көздейтін мақсаты – ерлі-зайыптылар арасындағы адалдық туралы түсінікті қалыптастыру. Отбасылы болудың түпкілікті екі мақсаты бар, ол бақытты өмір сүріп, бала тәрбиелеу! Сонымен, сайып келгенде, жыныстық ұстамдылықтың мәні де махаббат пен өзара құрметке бөленген бақытты отбасын құру боп шығады. Сондықтан, балиғатқа толған қыз бен ұлды махаббат пен адал неке жоқ жерде өмірдің сәні болмайтынын түсінетіндей етіп тәрбиелеу керек.
Өздері үлгі көрсетпесе, ата-ананың бос сөзі мен әңгімесінен еш пайда жоқ. Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі.
Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі. Жас баланың ерік-күші мен ұялшақтық сезімі, яғни, ары - оның адамгершілігінің сенімді сақтаушысы. Ұялу балиғатқа толмаған жасөспірімнің жабайы түйсіктен тартынып, өзінің мінез құлқына дұрыс бағдар беруіне көмектеседі. Сондықтан, «ұят болады» деген ұғымды адамның жеке басының қадір-қасиеті ретінде баланың бойында сәби кезінен бастап мықтап қалыптастыру қажет. Қазақ «қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» дегенді бекер айтпаған. Яғни, балаңызды патшадай көріп төріңізге шығарсаңыз да, төбеңізге шығармаңыз. Оған істеген ісі дұрыс болмаса, көрші-қолаң, тіпті күң де тыйым салуға хақылы. Қазіргі заман ағымына сай, бәріміз де балалардың алғыр боп өскенін қалаймыз. Алайда, алғырлық пен арсыздықтың жөні екі бөлек. Өзінің іс-әрекетіне толық жауап бере алмайтын жас баланы тек тыйым ғана тоқтатады. «Ата-анасынан тыйым көрмеген бала тағдырдан таяқ жейді» деген тәмсіл де бар.
Балаңызды патшадай көріп төріңізге шығарсаңыз да, төбеңізге шығармаңыз.
Жастар арасындағы бір-бірін жақсы көрушілікті келемеж, қалжыңға айналдыруға, әсіресе алғашқы сезімді құбыжық етуге болмайды. Балаңызбен жай әңгімелесіп отырғанда қыз бен жігіт арасындағы қатынастың физиологиялық емес, моральдық жағына көбірек көңіл бөліңіз.
«Нағыз адал және жарасымды махаббат адамды парасатты етіп, оның рухын көтереді, күш-жігерін арттырып, қайратты, мейірімді, әсем етеді. Өнердің сирек кездесетін шығармалары, толып жатқан жаңалықтар мен ерліктер махаббат жолында жасалған. Махаббат уақыт сынағынан өтеді. Көбіне жас кездегі алғашқы сезім махаббат ретінде қабылданып кетеді. Ал, асығыстық танытып әбден жақындасып кетудің ақыры қатты өкінішке, оның аяғы ауыр қайғыға әкеп соғады». Балаңызға осыны айтыңыз. Баянды махаббаттың үлгісі ретінде өздеріңіз, оның ата-анасы қалай танысқаны, қалай отбасын құрғаны жөнінде әңгімелеп беріңіз.
Нағыз адал және жарасымды махаббат адамды парасатты етіп, оның рухын көтереді, күш-жігерін арттырып, қайратты, мейірімді, әсем етеді.
Бейбастақтық, жеңіл жүріс фактілері жасөспірімдердің кездейсоқ кездесуінен, сандалып бос жүруінен, зерігуінен, бақылаусыздықтан, уақытты қалай болса солай текке өткізуден және арақ-шарап ішкен кездерінде болады.
Баланың кіммен кездесіп, кіммен ДОСТАСЫП жүргенін біліп отырған жөн. Жасөспірім шақта бала ата-анасынан психологиялық тұрғыда ажырап, көп уақытын достарымен бірге өткізеді. Және бұл кезде онда еліктеу сезімі өте күшті. Ол қандай ортада болады, алкогольді ішімдік ішіп жүрген жоқ па? Қандай кітаптар оқиды, қандай сайттарда отырады, қандай телебағдарламалар көреді? Қандай фильмдерге барып жүр? Компьютер ойындарына, ойын автоматтарына әуес емес пе? Мұның бәрін бақылаудан тыс қалдырмаңыз.
Баланың жыныстық жағынан ұстамды болуы үшін оның күнделікті үй шаруасына қолғабыс етуі және оған деген қамқорлықтың орынды болуы маңызды. Мұндай жағдайда оның уақытты бос өткізуге, көп ойнауға, еріншектікке шамасы да қалмайды. Баланы өз-өзін күтуге арналған түрлі міндеттерден босатуға, жұмыс істетпеуге, дырдушыл, ерке етуге болмайды. Бұл баланың келешекте дұрыс адам боп өсуіне зор нұқсан келтіреді. Жастар арасында кездесетін моральға жат кейбір қылықтар ең алдымен, еңбек арқылы тәрбие ісінің болмағандығынан, қара жұмысқа жирене қарайтын жалқаулықтың салдарынан. Ал бұл арамтамақтыққа және басқа да ауыр зардаптарға әкеп соғады.
Жасөспірімдер өздерінің жігер-қайратын арттыратын спортпен, музыкамен, басқа да өнер түрлерімен шұғылдануы керек.
Жатар алдында сұйықты көп ішпегені жөн. Төсеніші онша жұмсақ та, аса жылы да болмауға тиіс. Ол төсегінде кез-келген уақытта аунап жата бермей, мезгілді уағында ұйықтап дағдылануы керек. Ішті, қуықты уақытымен босатып тұрса, бұл жыныс мүшелеріне қанның азырақ баруына себепші болады. Ересек адамдар немесе құрбы-құрдастары жасөспірімді шамадан тыс еркелетіп, мәпелеуден аулақ болғаны абзал. Мұндайда баланың сезім жүйелері қозып, оның өзі мезгілсіз жыныстық қатынас жасауға итермелейді. Бірақ, сәбиім ержетті екен деп, оны мүлдем ересек адам ретінде қабылдап қалмаңыз. Ол әлі де ата-ананың мейіріміне, жылы сөзіне зәру.
Өз балаларын парасатты және денін сау етіп тәрбиелеу әрбір ата-ананың борышы.
4. Жасөспірімдердің жыныстық қарым-қатынасының салдары
Ерте жыныстық қатынастар адам денсаулығына, ең әуелі репродуктивті денсаулығына жағымсыз әсерлерін қалдырады:
-
Қажетсіз жүктілік (аборт немесе жастайынан ана болу);
-
ЖЖБЖ/АИТВ жұқтыру;
-
Көңілін қалдыру;
-
Жаман атақ және т.б
Жасөспірімдер ерте жыныстық қарым-қатынасының алдын алу үшін оларға соның салдарында түсіндіріп өту қажет деп ойлаймын.Жасөспірімдерден жыныстық қарым қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар жайында не білетінін және қандай аурулар түрлерін біледі екен соған экскурсиясы жасалады.
1. Спид дегеніміз не?
2. Спидпен кімдер ауырады?
Бұл індет әсіресе жастар арасында жиі таралатыны ерекше алаңдатады. Жас балалар үшін де қауіп-қатер аз емес. Қазірдің өзінде әлемде миллиондаған балалар АҚТҚ жұқтырған. Африка құрлығының бірқатар елдерінде 15-49 жастағы азаматтардың 39%-ы осы дертке шалдыққан. Қазақстанда 01.04.2010 жылдың дейін 7906 АҚТҚ дертін жұқтырған, оның 498 ЖҚТБ-мен ауырған деп тіркелген. Дертті жұқтырғандардың 57%-ы 15-29 жастағылар. 01.04.2010 дейін дерт жұқтырған 728 жасөспірім тіркелген. Осыдан жасөспірімдер арасында алдын алу шараларын жүргізу қажеттігі туады. Олай болса, бұл індет туралы базалық білім беретін мамандар әрі сауатты, әрі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге дайындалған, оқыған, тәжірибелі азаматтар болуы тиіс. Себебі, бұл індеттің таралуы жастар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін өрескіл мінез-құлықтың салдары болып табылады. Бұл көбінесе оларға ақпараттың, мінез-құлықтың қауіпсіз дағдыларының тапшылығынан болады. Беріліп отырған бағдарлама мен оның бөлімдерінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді өз білімдерін сабақтастыра білуге, мінез-құлық іс-әрекеттері мен қауіп-қатер арасындағы байланысты ұғынуға үйрету.
Тағы бір салдарының бірі -Жүкті болған қыз балалар не істерін білмей күйзеліске беріледі. Жас әкелер әдетте шеттеніп, «өзің шеш» деп кетіп қалады. Өзін кінәлі сезінген қыз шеттенеді. Аборт жылғыз жол болып көрінеді. Ал аборт көптеген гинекологиялық ауруларға тіпті бедеулікке әкеледі. Аборттың алдын-алудың бір жолыконтрацепция.
Жасанды түсік деп – жүктілікті 22-ші аптаға дейін жасанды түрде үзуді
айтамыз. Қазіргі кезде жасанды түсікті әр адам өз қалауы бойынша 12 аптаға дейін жасай алады,ал уақыты одан көп болатын болса түсік жасау қиын және медициналық көрсеткіштер бойынша жасалынады.
Және ол бедеулікке алып келеді;
Бедеулік-Жатыр мен жатыр мойны қабырғасының зақымдануына байланысты жүктілікті көтереалмаушылық дамуы.
Ерте жүктіліктің салдары:
-
Қан кету
-
Түсік тастау қаупі
-
Мезгілінен бұрын босану
-
Плацентарлық жетіспеушілік
Ерте жүктіліктің алдын алу жолдары-ата-аналармен сенімді қарым қатынас орнату, жиірек әңгімелесу, қаламаған жүктілікті болдырмау әдістерімен танысу-жыныстық тәрбие жайлы көбірекәдебиеттер оқу,өзіне сұрақ қою осындай өміргедайын ба? Баланы көтере алам ба? Оған дұрыс тәрбие бере аламын ба?-, деп жасөспірімде өзін-өзі қадағалау керек.Ал ең басты тәрбие ата-ана тарапынан берілуін естен шығармайық.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
Міне, біздің жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтарын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды.
Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдерінің қатарына жетуіміз үшін, осындай жағдайларды болдырмауымыз үшін үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.
Сонымен, қазіргі заманғы өзекті мәселелердің бірі жеткіншектердің ерте жыныстық қтынастарға түсуі отбасылық тәртіптің күшейтілуін және оқушы жастарға психологиялық-педагогикалық көмек беретін педагогтар мен психологтардың жұмылып атқарылатын іс-әрекетін қажет етеді.
Әлі өзі ержетпеген ата – ана баласын бір нәрсеге үйрете қоюы екіталай. Ерте босану салдары әйелдің бүкіл өміріне әсер етеді. Өкінішке орай, жасөспірімдердің жыныстық белсенділігінің артып бара жатқандығын мойындауға тура келеді – бұл шындық. Бұл жыныстық жолмен берілетін аурулардың санының апатты жағдайда артуына; абортқа, жастайынан ана атануына, кейіннен балаларынан бас тартуға және әлеуметтік жетімдікке әкеліп соғатын жасөспірімдік жүктіліктің артуына әкеліп соғады. Жасөспірімдердің отбасылық өмірге дайын еместігі ажырасудың артуына да әсерін тигізеді.
Сондықтан, жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасы олардың жалпы (рухани және физикалық) және репродуктивті денсаулығына Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуінің себебі, дұрыс тәрбие мен өмірлік ұстанымдарының жоқтығы. Жасөспірім жыныстық есеюге байланысты физиологиялық сұраныстарға көп көңіл бөледі.
Ендеше, әрбір жасөспірім, түсініңіз: сіздің жасыңызда өмір біткен жоқ, керісінше, енді басталды. Сондықтан, лайықты өмір сүру үшін оған салмақты дайындалу керек, асығудың қажеті жоқ, барлығының да өз уақыты келеді.
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 2001
2. АҚТҚ инфекциясының алдын алу бойынша педагогтік колледж оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау. Алматы, 2006
3. "Үлгілі елдің ұл-қыздары".
4. Совет-Хан Ғаббасов. Педагогика мен психология негіздері. Оқу құралы.- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008.
5. https://docviewer.yandex.kz/

