Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тақырыбы: “Киік – киелі аң”
Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: “Киік – киелі аң”
Мақсаты:
Киік - қазақтың киелі жануары жайлы мағұлмат беру. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Алайда табиғат қорғаушы қоғамдық ұйымдар заңсыз аңшылықтың салдарынан әлемде тек Қазақстанның шөлейт аймақтары мен қалмақ даласында ғана кездесетін киіктер жойылып кету алдында тұрғанын айтады. жануарларды қауіпті аймаққа жолатпау, оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру ісімен танысу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
06 Маусым 2018
1013
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚО Мақтарал ауданы №11 орта мектебі 6 «Ә» сынып оқушысы Каналхан Рамазан НұржанұлыЖетекшісі: Муратова Баян ЖусиповнаТақырыбы: “Киік – киелі аң”Мақсаты:Киік - қазақтың киелі жануары жайлы мағұлмат беру. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Алайда табиғат қорғаушы қоғамдық ұйымдар заңсыз аңшылықтың салдарынан әлемде тек Қазақстанның шөлейт аймақтары мен қалмақ даласында ғана кездесетін киіктер жойылып кету алдында тұрғанын айтады. жануарларды қауіпті аймаққа жолатпау, оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру ісімен танысу. Міндеті: 1.Киік жануары жайлы негізгі түсінік беру2. Қазақстанда күрт кеміп отырған бөкендер санын анықтау3.Киелі жануардың емдік қасиеті4.Бөкендердің жауы — браконьерлер;Өзектілігі: Киік — даланың киесі, символы. Киіктің киелі жануар екенің тереңірек білуКүтілетін нәтиже:Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. КіріспеАқбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – , салм. 37 – , ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – , салм. 22 – 37 кг-дай болады.Негізгі бөлім: Қазақ халқының ауыз әдебиетінде киікке байланысты аңыз – әңгімелер мен теңеулер көп. Асан Қайғы бабамыз жерұйық іздеп жүргенінде әр өңірге өзіндік бағасын жырменен беріп отырған ғой. Сонда оның «Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» деп те айтқаны бар. Шалкиіз ақын болса: «Ақ киіктің шабар жері майдан дүр» деп толғаса, Бұқар жырау: «Киігін қойдай қайырған», - дейді. Сәкен Сейфуллин де «Ақсақ киік» деген өлеңінде: «Жәндіктің киік деген баласы бар», - деп жырлайды. Яғни, ұлттық энциклопедиямызда ақбөкен аталып, ақбөкен деп жазылып жүрген жануар – негізінен киіктер.Киіктер не себепті ақбөкен, сайга, сайғақ аталып жүр?Бұл жөнінде пікірлер де әрқилы. Қазақ киік деп – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануарын айтады. Ол барлық қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларында киік деп танылып, киік деп жазылып келеді.Рас, кейде киікті көпке тараған қосар аттарымен де атап, ақбөкен дейді. «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабының I томының 176 бетінде де киік – ақ бөкен деп жазылған. Мұнда: «Ақ бөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылды. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда ақ бөкеннің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ - Жайық деген топтары мекендейді», - деп баяндалады. Әрбір халық аң – құсты, табиғатты өзінің ұлттық болмысына, рухына сәйкес танып, түсінеді, соған орай олардың әрқайсына өзіндік бағасын береді. Біздің елімізде де солай. Отанымыздағы өзге ұлттардан гөрі қазақтар киікті керемет жақсы көріп, оны киелі жануар санайды. Киікті атауда да сондай жағдай қалыптасқан. Яғни, киікті біраз жұрт « сайга татарика» деп білсе, бірі бөкен, бірі бука, бухин, енді бірі сайгак деп таниды. Естеріңізде болар, Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» дейтін өлеңінде: «Киікті қазақ және дейді бөкен», - деп жырлайтыны. Қазіргі ақбөкен осы бөкеннен туындаған. Жалпы, бөкен көршілес әрі туысқан қарақалпақ тілінен Сыр өңірі арқылы елімізге енген. Бұл аймақ киіктің қыстайтын жерлері болғандықтан, түз тағысы халыққа жақсы таныс. Киік жыл маусымына, жүрген жерінің табиғи реңіне сәйкес түсін өзгертіп отырады. Ақ киік, қызыл киік, сұр киік, сұрша киік, жез киік деп аталуы да сол себепті. Киіктер қысқа қарай ағараң тартады, ол кезде қыстап шығуы үшін оңтүстікке ойысады да, ол жақтың халқы киікті осындай ағарған, күйленіп іріленген қалпында көреді. Көршілес қарақалпақ тәрізді халықтардың түз тағысын бөкен деп атауының ықпалымен қазақтар да киікті бөкен, ақбөкен деп атай береді. Ақбөкен – киік түсінің қыста ағараң, ақшыл тартуына байланысты айтылған атау. Рас, қыста Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа-райы қатал бола тұра жылы жаққа кетпей, қыстап қалатын да киіктер тобы болады. Біз оны Торғай өңірінің Сарыторғай жеріндегі Маятас даласынан кездестіргенбіз. Сонда байқағанымыз: түстері ақшыл, ертегі жануарындай сұп – сұлу. Тіл мамандарының байыптауынша сайга, сайгак, сайғақ – үшеуі де бір-ақ сөз. Нақтырақ айтсақ, бұл (сайғақ, М.С.) – киіктің текесі. Ал, сайғақты киіктің текесі деу бертінде қалыптасқан. Ол көне түркі дәуірінен келе жатқан сөз, мәні көп. Соның кейбірі: сояу бұтақты ағаш, қару есебіндегі үшкіл таяқ. Сөз оралымдарында да «сайғақтап, сайғақтатып, сайғақтай» деген тіркестер мен теңеулер қолданылады. Орыс тілінде киік сайга, сайгак деп аталуына орай қазақтарда бұл сөз киіктің баламасы ретінде ауыз екі тілде айтылып та қалады. Ал, «сайга татарика» сөзі ғылымда латынша жазылғанымен, латын сөзі емес, татар сайгасы, татар даласының сайгасы деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің де негізгі төркіні – қазақтың сайғағы екендігінде дау жоқ. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, киіктен гөрі сайғақ басқа тілге аударуға жеңіл болғандықтан, ол орысша сайгак, сайга болып, ғылымға да сол тіл арқылы қосылған көрінеді. Содан, 1982 жылы шыққан С.И. Ожеговтың «Словарь русского языка» атты еңбегі мен 1983 жылы шыққан «Советский энциклопедический словарь» атты кітапта да киік атауы сайга, сайгак деп, екі сөз жарыспалы түрде қолданылып, қатар көрсетіліпті. Сөйтіп, сайга татарика – киіктің ғылыми атауына, сайгак орысша аталуына айналып, қазақша сайғақ – текесі болып жадымызға сіңген ғой.Әдебиетшілерге жақсы таныс, 1970 – 1980 жылдары бірқатар жас ақындар мен қаламгерлердің шығармаларында газел, гөзел, ғазел сөздері жазылып, олар киік атауы ретінде қолданылды. Бұл қазақ сөзі емес, араб тілінен келген сөз. Әсіресе, қазақ еліне парсы поэзиясы арқылы тарады, десек жаңылыса қоймаспыз. Қазақ ұғымында газел, гөзел, ғазел деп аталған тіршілік иесі – жануар болған жоқ. Тек, Ақылбайдың «Дағыстан» дастанында «Киікше жеңіл басып жүреді деп, Ғазел деп атын қойған оның елі», - деп айтылады да, бұл жерде ғазел киік деген мағынаны білдіреді.Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – , салм. 37 – , ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – , салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.Қазақ елінде ежелден бері аңшылыққа көп көңіл бөлініп келген. Ақсақалдардың айтуынша, ертеректе бір бүркіт үшін аңшылар 5-6 түйеге дейін берген жайттар болған екен. Совет одағы кезінде Қазақстанда әсіресе қасқырға көп аңшылар шығатын, өйткені Қазақстандағы қасқырлар саны әлемдегі ең көбі. Бірақ, қазір олардың да саны азайды.Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын байқаймыз, дейді табиғат қорғаушылар.Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ. Ауылшаруашылық министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің өкілдері осылай деп отыр. Мұны зертхана қорытындысы көрсетіпті. Естеріңізге сала кетейін, Батыс Қазақстанда ақбөкен басы өсіп келеді деп ауыз жиып үлгермедік. Былтыр ғана саны 26 мыңға жеткен киіктер осы айдың ортасынан бастап түсініксіз себептермен қырылып жатыр. Соңғы есеп бойынша, 3 мың екі жүзден астам өлексе табылған. Қазір қынадай қырылған Ақбөкендердің мәйіттері жиналып, аумақ залалсыздандырылып жатқан көрінеді. Ал, жұқпалы аурудың жаппай таралуы мен одан келген зиянды анықтап, дертті жоюмен министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия айналысатын болады.Ол үшін біздің жағдайдағы ең қолайлы шара - киіктер келгенше олар жейтін қауіпті аймақтағы шөпті орып тастау керек. Ал орылған шөпті киіктер жемейді. Олар шабылған шөпке қарағанда, өсіп тұрған шүйгін шөпті іздейді. Қауіптің алдын алудың тағы бір тәсілі - шөпті гербицидтермен залалсыздандырып, басқа шөп егу. Бұл әрине мемлекетке қымбаттау түсуі мүмкін. Ал жануарларды қауіпті аймаққа жолатпау, оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес»,деп ойлаймын Қорытынды«Қазақ жеріндегі киіктерге сан жетпейді. Оралдың төменгі ағысына келіп, теңізге құлаған ақбөкендерден өзен суы көрінбей қалды» П.Рычков. 1772 жылы киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.Пайдаланылған әдебиет↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)