Қазақ тілі
1. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық
тіркесінің антонимін табыңыз.
А) Тентек В) Жайлы С) Баяу D) Нәзік Е) Момын
2. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Кездесу, көріспеу. В) Қорқыныш, үрей. С) Қорқақ,
батыр.
D) Шығыс, кіріс. Е) Шың, шыңырау.
3. Үнді дыбыстардан құралған сөздерді көрсетіңіз.
А) Машина, уақыт. В) Әдемі, ұстаз. С) Ұлан,
маймыл.
D) Аққу, суық. Е) Күзетші, мақсат.
4. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) у, е, о. В) о, и, е. С) ә, о, е. D) о, а, и. Е) ы, і, ү.
5. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Сұлу, жұқа, кіші. В) Кісі, таза, үн. С) Ән, ас,
ал.
D) Мереке, үлгі, аула. Е) дәптер, мектеп, гүл.
6. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді көрсетіңіз.
А) Көлдер, өзендер. В) Қаламдар,
қыздар.
С) Тауды, ұшқыш. D) Жазушы, суретші. Е) Қаламгер, баламен.
7. Достық деген сөз не арқылы жасалынғанын көрсетіңіз.
А) Тәуелдік жалғау. В) Септік жалғау. С) Жіктік
жалғау.
D) Жұрнақ. Е) Көптік жалғау
8. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз.
А) Намыс. В) Еркіндік. С) Абырой. D) Әділ. Е) Арман.
9. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
А) Әкемді. В) Әкемде. С) Әкеммен. D) Әкем. Е) Әкеме.
10. Сын есімді табыңыз.
А) Қара. В) Аурухана. С) Төмен. D) Жиырма. Е) Мен.
11. «Қоңырға» - сын есімді қай септікте тұрғанын
белгілеңіз.
А) Барыс септік. В) Шығыс септік С) Ілік
септік
D) Жатыс септік Е) Табыс септік
12. Жинақтау сан есімнің сұрағын
көрсетіңіз.
А) Нешеу? В) Нешінші? С) Неше? D) Нешеден? Е) Нешеге жуық?
13. «Сан есім» қалай аударылатынын белгілеңіз.
А) Имя сущ. В) Глагол. С) Наречие. D) Имя числительное. Е)
Союз.
14. Тұлғасына қарай есімдіктің түрлерін көрсетіңіз.
А) Дара, күрделі. В) Туынды, негізгі. С)
Сұрау.
D) Жалпылау. Е) Белгісіздік.
15. Біз оқуға түсеміз деген мақсатпен келдік. Сөйлемдегі есімдіктің
түрін анықтаңыз.
А) Жалпылау. В) Сілтеу. С) Өздік. D) Жіктеу. Е) Белгісіздік.
16. Тізілген деген сөз қай категорияға жататынын белгілеңіз.
А) Көсемшеге. В) Үстеуге. С) Есімдікке. D) Есімшеге. Е)
Шылауға.
17. Үстеудің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
А) Частицы. В) Союзы. С) Наречие. D) Глагол. Е) Имя
существительное.
18. Қалау райлы етістікті табыңыз.
А) Ән айтты. В) Оқып отыр. Б) Сабақ
оқыды.
D) Бара жатыр. Е) Айтқысы келді.
19. Есімшенің көпше түрін көрсетіңіз.
А) Суреттеген. В) Беретіндер. С) Айтпақ. D) Жүрер. Е) Беріпті.
20. Шылауларды белгілеңіз.
А) Ал, көк. В) Ал, бер, үй. С) Туралы, қойды,
берді.
D) Заман, ел, бет. Е) Және, әрі, да, де.