Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасын пайдалана отырып
бала тілін дамыту.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін - өзі
сезінуінің алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Мектеп
жасына дейінгі балалар түсінгенін, қиялын, ойын тіл арқылы
білдіреді. Сондықтан бала тілінің дұрыс дамуына баса назар
аударған жөн. Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын
қоғамдық орындар болмасада өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап
- ақ өлең - жырмен, әңгіме, тақпақ, санамақ т. б арқылы тәрбиелеп
отырған.
Тәрбие басы біріншіден
әдептілікке үйретуден басталады. Екіншіден баланы қайырымды, иманды
болуға баулыған. Үшіншіден тіл алғыш елгезек адал, шыншыл, ата -
ананы үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге, сонымен қатар ел қорғаған
батыр болып, халық алдында қызмет етуге тәрбиелеген. Ұлы педагог А.
С. Макаренконың «Адам мінезін қалыптастыруда тәрбиелеуде отбасы
қоғамдық рөл атқарады.»- деген пікір орынды айтылған. Өкінішке орай
бала тәрбиесіне ата-аналардың қолы тие бермейді. Бала тәрбиесіне
ата - анадан кейінгі жауапты адам - тәрбиеші. Қазақтың көрнекті
қайраткері Жүсіпбек Аймауытов «Дәрігерден де тәрбиешінің көп
болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтырса, тәрбиеші адамның
ақылын, мінезін, жынын сауықтырады»,- деген. Баланың алдындағы өз
борышын жауапкершілікпен атқару тәрбиешіге тән қасиет, ол үшін
білімін күнделікті тәжірибемен ұштастыруы керек.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымыз, әдет -
ғұрыптар салт - дәстүрлеріміз, халық ауыз әдебиеті үлгілері
ертегілер, аңыз әңгімелер, өлеңдер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар,
санамақтар, жаңылтпаштар балаларға лайықты көркемсөз жанрларының
ежелден-ақ бала тәрбиесінде зор көмекші екені белгілі. Халық
мұрасының маңызы туралы кең түрде зерттеп, бала тәрбиесіндегі
маңызын анықтауда көптеген ғалымдарымыз өз үлестерін қосуда. Қ.
Жарықбаев, С. Қалиев, Б. Төтенаев т. б ғалымдарымыздың еңбектері
баршылық. Бүгінгі таңда балалар ауыз әдебиеті үлгілері
балабақшаларда кеңінен қолданылып келеді. Мұндай шығармаларды
балалар қызығып тыңдайды да, жылдам жаттап алады. Мысалы»Әлди -
әлди», «Торғай», «Бақа бақа балпақ», «Қуыр - қуыр қуырмаш»,
«Санамақ»т. б сияқты халық өлеңдері ойнақы тілмен, қайталама
сөзімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды.
Жаттау арқылы баланың тілі жетілді. Ал тілінің дамуы баланың
бойында қабылдау ести білу сияқты процестердің бірте - бірте
қалыптасуына негіз болады.
Жұмбақ шешу арқылы айналадағы өмір тылсымын,
күнделікті тұрмыс салтын, сипаттап айту арқылы баланың қиялын
қанағаттандырып, ойын өрістетіп отырған. Жұмбақтарды әртүрлі іс -
әрекет арқылы жаттауға болады.
Әсіресе халық баланың тілін ширату үшін оған сөз үйретіп, дүние
танымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Тіл мүкісін
болдырмау үшін, дұрыс анық сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды
бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып жаңылмай, өз ойын
толық жеткізетін болады. Жас жеткіншектерге жан-жақты тәрбие беруде
халықтың асыл қазынасы мақал-мәтелдің де мәні зор. Мақал-мәтелдер
ғасырлар шежіресі. Онда өмірдің сан–алуан құбылыстарына баға
беріліп, үлкен түйін жасалады. Мысалы:»Кісі елінде сұлтан болғанша
өз еліңде ұлтан бол», «Елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы»,
«Туған жер алтын бесік», Мұндай мақалдар балаға туған жері ыстық
оны қадірлеп, аялай білу керектігін ұқтырады. Балаларға мақал
мәтелдердің мағынасын түсіндіру үшін мақалдағы әрбір сөзге мән бере
отырып, әр сөздің мағынасын ашып түсіндіру керек.
Сәби өмірінде санамақтың маңызы зор. Атау ұйқастырып санау арқылы
бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға ұйқасқан заттарды танып
біледі, әрі дүниетанымын өсіреді.
Бүгінгі күні балаларды өз ана тілінде еркін сөйлеуі мемлекеттік
тілді меңгеруі маңызды мәселеге айналып отыр. Балалар көп сөздің
мағынасын түсінбейді, сөздік қорлары өте аз. Сол себепті балалардың
тілін дамыту үшін әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын қарастыру әрбір
тәрбиешінің міндеті болмақ.
Кішкене сәбимен сөйлесе білгенде үлкен өнер. Олар дауысты құбылта
айтып берген ертегіні сүйтіп тыңдайды. Ертегі кейіпкерлерінің өмір
сүру жолындағы күресі, қарым-қатынасы, айла тәсілдері баланы таң
қалдырады. Ертедегі кейіпкерлер арқылы шыншылдыққа, сүйіспеншілікті
мадақтап, өтірік, жалқаулық, қулық т. б адам бойындағы
кемшіліктерді сынайды, сонымен қатар мейірімділікке тәрбиелейді,
әрі ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі.
Балалар тілін ширықтырып, белсенділіктерін арттыра түсу үшін
сабақтарды түрлендіріп, өткізген өз нәтижесін берері сөзсіз. Осы
негізде балалардың тілін дамыту үшін қазақ этнопедагогикасын енгізе
отырып сабақтар ойын түрінде жиі ұйымдастырылып отырады.
Уақыт өткен сайын қойылар талаптың да биіктей беретіні заңды
құбылыс. Олай болса балалардың бойына халқымыздың ең асыл мұралары
арқылы ұлттық сана сезімін қалыптастыру. арқылы тілдерін дамыту
бүгінгі заманның өзі талап етіп отырған бірінші кезектегі өзекті
мәселелерінің бірі деп білуіміз керек.
Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Егеменді еліміздің талабына
сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді
де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын
ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу
мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына
баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын
өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны
ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала
қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы
жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып,
ойлау қабілетін ұштауға болады.
Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні,
тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға
әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар
олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.
Біздің топтағы балаларға суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын
айтып беру қолайлы.
Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы
сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.
Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық»
сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып
сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.
Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің
дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.
Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің
мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн.
Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше.
Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу
арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау
қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын
орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты,
жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар,
желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға
болады.Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге
дағдыландыру керек.
Өзімнің ІІ кіші тобымда ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетімде
«Қатынас» білім саласы бойынша өткізген «Алтын жұмыртқа» ертегісі
арқылы балаларға ертегіні үстел үстінде кейіпкерлендіре отырып
түсіндірдім. Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар
екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу,
сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге
үйреттім.
Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту
тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге,
түсініп, мәнерлеп айтуға
дағдыландырамын.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі – ұсақ моториканың маңызы
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
1. Бала тілінің дамуына әсер ететін жетекші фактор - ойын.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ұсақ мотроиканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру.
2. Саусақ ойын – жаттығулары.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық.
2. Пайдаланылған әдебиеттер
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,
оның шығармашылық қабілетін дамытады
ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін
емес».
І. Кіріспе бөлімі.
Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген
сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-
әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру
ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу
ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-
түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы
түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып,
белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты
міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда
ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын-
баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен
өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше
қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын
тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын
ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.
Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал
еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген
талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі
ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында
озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек,
мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-
қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы
береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің
сүйікті әңгімелері мен
кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық
әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-
қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы
пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін
бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші
әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын
ашады.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер
барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді
туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым-
қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге
көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын
күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері
қарастырылады.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани
жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін,
әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,
байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті
арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай,
құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,
қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол
ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін
байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар
көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да
бір өнердің бастауы деп білеміз.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың
сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным
белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі
адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар
мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып,
балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-
жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей
алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның
ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол
саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста
болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті-
тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған
дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен
байланысқан
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста
және
мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен,
тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен
қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі
салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін
ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған
жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің
маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында
саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын
орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып,
көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта
аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ
моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы
қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді
ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы
орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз
мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы
керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының
құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын
басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге
болмайды.
Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге
болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой,
сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін
нәрсе, осының бәрі не үшін керек?
Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады
екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың
ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата-
анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20
жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп
нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал
қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының
аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға
дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі
анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер
тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың
мәселесі.
Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын
басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау
байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша
жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс
болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму
деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл
балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге
келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың
мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның
әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз
немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз
дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін
бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте
тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас
жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың
бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала
сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре
отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре
отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,
Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа
жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу
қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп,
себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.
Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте
пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне
баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны
тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан
алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі
бар.
Баяндама:"Балабақшада
ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы
"
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту,
қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар
еншісінде.

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген
сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті
іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын,
түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы

белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты

басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың
шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне
қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті
сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп,
таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен
өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын
үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік
дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы
мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын
үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең
негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау,
жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру
барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы
ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып,
балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната
отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде
сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын
дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен
қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады.
Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың
жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)
үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану
арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да,
атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы
көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет
тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер»,
«Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап
айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы:
«Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр»,
«Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды
қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын
жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар»
тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін
берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын
дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін
дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу,
ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал,
заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып
табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың
белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды,
тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы
балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным
белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі
адамгершілік қасиеттер бойына
сіңіреді.
Білім беру
саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс -
әрекетінің түрі: «Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің сыры»
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балалардың мысық пен күшік
жөнінде түсініктерін кеңейту, олардың тіршілігімен таныстыру. Тілін
дамыту, антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын
тереңдету.
Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, бақылау.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, слайд, маркерлер
1. Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу.
Жылулық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!
- Балалар үй жануарлары деп нелерді айтамыз?
- Кім оларды атап береді?
Бүгін біз сабақта мысық пен иттер туралы айтамыз.
Тәрбиешінің
әңгімесі.
Мысық өте сүйкімді үй жануары. Ол көп үйде болады. Мысықтар өте
мейрімді, бауырмал болады. Адам мысықты қолға үйреткеніне
қарамастан, ол жабайы үй жануары болып қалады. Мысық еркіндікті
жақсы көреді, сондықтан түнде қыдырады, ол адамсыз өмір сүре алады.
Мысықтар ет пен балық жегенді жақсы көреді. Тағы олар сүт
тағамдарын: айран, сүт, қаймақты жақсы көреді. Мысықтарға құрғақ
тамақтар да береді. Үлкен мысықтар тышқан, егеуқұйрықтарды аулайды
және кейбір мысықтар шөппен қоректенеді. Мысықтар өте таза
жануарлар, олар уақытында жуынады, үстерін тазалап тұрады.
Уақытында далаға шығады.
Мысықтар ұйықтағанды өте жақсы көреді. Мысықты сен ренжітсең ол
сені тырнағымен тырнап алады. Сондықтан мысықпен абай болу керек.
Құйрығынан тартуға болмайды.
Ит иесін көргенде қуанады, құйрығын бұлғаңдатып, артқы аяғына
тұрады. Адам итті жібінен ұстап далаға қыдыртады. Даладан келгеннен
кейін аяқтарын жуады.
Ауырып қалса мал дәрігеріне көрсетеді.
Ит ет, балық, құс етін және құрғақ жем жейді.
Иттің сүйікті тамағы, ол сүйек. Ит ет, балық, құс етін және құрғақ
жем жейді.
Иттің сүйікті тамағы, ол сүйек. ИТ – адамның досы.
Мысық пен ит бір – бірімен дос емес.
Ұрысып жатқан адамдарға “Мысық
пен ит сияқтысыңдар дейді” Ит пен мысық бір үйде тұрып кей уақытта
дос болады, ол бірақ сирек кездеседі. Мейлі үйіңде мысық ия болмаса
ит болса оларды күтіп баптау керек. Уақытында тамақ беріп, қыдыртып
далаға, жуындырып, дәрігерге көрсетіп.
Төрт аяқты досыңды жақсы көр,
ренжітпе.
Жұмбақ
жасыру.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады. (Мысық)
Лағымның құлағы селтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады. (күшік)
Сергіту сәті.
«Ит пен мысық адамға қалай дос болды?» ертегісін оқу
Сурет салу Ұжымдық жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
Нені білді: Үй жануарлары туралы білді..
Қандай түсініктерді игерді: үй жануарларының тіршілігімен
танысты.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әңгімелеуге, сол тақырыпқа
сурет салуға, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Ортаңғы
топ
Білім беру саласы:
"Қатынас"
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Мақсаты: Жыл мезгілі қыс туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән
ерекшеліктерін ажырата білуін, сурет көріністерін бейнелей білуге
үйрету, өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету,
бұған дейін алған білімдерін тиянақтау. Балалардың сөйлеу әрекетін,
тілін, есте сақтау қабілетін, көркемдік талғамын, ой - қиялын
дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге
тәрбиелеу.
Әдіс -
тәсілі: Әңгімелесу, түсіндіру,
көрсету, сұрақ - жауап, әңгімелету, ғажайып сәт, ойын, сергіту
әні.
Көрнекілігі: Орман көрінісі, қыс туралы, бейнелі суреттер, магнитті
тақта, тіс пастасы, сүрткіш, аққала, шырша, ағаштар, аю, қоян,
түлкі кейіпкерлері.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, қоршаған орта, математика, сурет,
ән.
Алдын - ала жүргізілген жұмыстар: Серуен, қыс туралы өлеңдер
жаттату.
«Бұл жылдың қай мезгілі?» өлеңін оқу.
Шанамен зырғып желетін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Қыс мезгілі
- Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
- Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
(Қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
- Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады)
- Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
- Жарайсыңдар, осындай тамаша көңіл - күймен орманға барғыларың
келе ме?
- Ия, барғымыз келеді.
- Ендеше, менің сиқырлы қалпағымның көмегімен біз орманға барамыз.
Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз.
(Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде орман көрінісі көрінеді)
- Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан нелерді көріп
тұрмыз?
- Қар басқан шыршалар, ағаштар, аққала, үйілген қарлар.
- Қар туралы сендер не білесіңдер?
- Аппақ, аппақ қар аппақ
Айналаның бәрі аппақ
- Шыршаның түсі қандай? Бойлары бірдей ме?
- Түсі жасыл, бойлары биік және аласа
- Орманда тағы нелер бар екен? (Қоян, түлкі шығады)
- Аңдар бар.
- Аңдар туралы не білесіңдер?
(Балалар тақпақтар айтады, қоян мен түлкі келеді)
- Ой, қандай тамаша! Біз де сендермен бірге жүрейікші.
- Балалар, мына ағашқа қараңдаршы, жапырақтары бар ма?
- Жоқ
- Мынау ақ болып тұрған не?
- Ақ қарлар
- Балалар, мына жерде біреу бар сияқты, бұл кім болды екен?
- Аю ғой
- Балалар, аю қыста ұйықтап жатады, шуласақ оянып кетеді.(Аюдың
апанының қасында қорапша тұрады). Мына қорапшаны біреу жоғалтып
алған сияқты, өзімізбен бірге ала кетейік, сұраса берерміз. Ал,
мынау не нәрсе?
- Бұл аққала
- Ия, біздің алдымызда да, балалар келіп, аққала жасап кеткен
сияқты. Аққала неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен тұрады
- Пішіні қандай?
- Пішіні дөңгелек.
- Ал түсі қандай?
- Түсі ақ.
- Аққаланы неден жасайды?
- Ақ қардан жасайды.
- Балалар, біз тоңып қалдық, аңдармен бірге сергіту ойынын ойнасақ
қалай болады?
Сергіту
Аяз болса секіреміз. (Балалар секіреді)
Шуақ болса тоқтаймыз. (Балалар тоқтайды)
- Балалар, біздің қайтатын уақытымыз болды, сиқырлы қалпақтың
көмегімен балабақшамызға қайтайық. (Балалар көздерін жұмады)
- Міне, балалар, біз балабақшамызға да келдік. Қысқы орманнан не
көрдік?(Балалардың жауабы)
- Балалар, орманнан тауып алған қорапшаны ашып көрейік. Міне,
қызық! Бұл жерде қыс мезгілін бейнелейтін суреттер бар екен.
Бұларды құрастырып, әңгіме құрап айтайық. (Балалар суретке қарап
әңгімелейді)
- Балалар, біздің қысқы көрінісіміз бұдан да әдемі болу үшін, қар
жауғызсақ қайтеді? Ендеше, бәріміз кезекпен оң қолымыздың саусақ
ұшымен ақ қардың суретін бейнелеп салайық. (Балалар дәстүрлі емес
әдіспен, тіс пастасын пайдалана отырып, қардың бейнесін салады)
- Ой, қандай керемет! Енді бәріміз «Көңілді қыс» әнін
орындайық.
Күтілетін
нәтиже: Білуі: Қыс мезгілінің
ерекшеліктерін ажыратып, атай біледі
Меңгеруі: Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды, сұраққа толық
жауап беруді үйренеді.
Жасай алуы: Бейнелі суреттерді құрастырып, қардың бейнесін
саусақпен салады.
Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, Мағжан аталары айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзі- нен ересек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, бала- бақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан- жақты жетіледі. Енді жеке-жеке тоқталып өтелік:
Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын бөлме жұмыс істеп тұр. Ән, би өнеріне баулимыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр да зерек. Балабақшамызда толықтай жағдай жасалып отыр.
- Балабақша ұжымы барлық балабақ- шалар секілді келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. Бүлдіршіндерге тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны сәбидің санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып әрі баланы қызықтыратын тақпақтар үйретеміз. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» — деген тамаша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шынында да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп келген алғашқы сәттен басталуы керек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ендеше, жас сәбиді алғашқы күннен бастап тәрбиелеу керек. Әрине, баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Дегенмен, тәрбие ретінде балабақшаның да алатын орны ерекше. Қазақтың проблемасы балабақшадан басталады. Балабақшаның санын көбейту керек.
2010
жылы «Балапан» бағдарламасы аясында бірнеше жекеменшік
балабақша ашылған
болаты.Мектеп жасындағы баланың жеке тұлғалығын
қалыптастыру мен дамытудың негіздері
Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі
стра тегиялық даму бағдарламасында білім беруді
инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін
ақпараттандыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы
талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, өзіндік
көзқарасы бар баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау
қажеттігі айқын.
Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы
оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей
байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылығы болашақта қазақ елінің
көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен тұлғалығы бар
шығармашыл балаларға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы
орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға
мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай,
оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық
қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Мектеп жасындағы баланың тұлғалығын қалыптастыруда неге баса
аударуымыз керек. Соған тоқталайық.
Мектеп жасындағы балалардың тұлғалығын дамытуда және олардың
шығармашылығын қалыптастыруда алдымен:
1) Мотивтерін;
2) Қажеттіліктерін;
3) Қызығуларын ескеру керек екені түсінікті болды.
Бұлар мектеп жасындағы дамуының негіздері болып табылады.
1 - кесте. Мектеп жасындағы баланың дамуының негіздері.
Мотивтер
↓
Мектеп жасындағы баланың дамуының негіздері
↓----------------------------------------------↓
Қызығулар ------------------------- Қажеттіліктер
Себебі әр баланы – дара деп қарасақ олардың «даралығы» немесе
өзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам,
мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы
байқалады.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір
түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп
атайды.
Мотивтер дегеніміз – іс - әрекет пен мінез - құлықтың саналы түрде
жасалынуы. Сөйтіп мотив ретінде алуан түрлі жайлар көрініс береді.
Тұлғаны қандай да болмасын іс - әрекетке итермелейтін негізгі
қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы.
Өмір сүру үшін адамдар тамаққа, киімге, және т. б. толып жатқан
қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті.
Мектеп жасындағы баланың мотиві – оның бір нәрсені керек етуі,
мұқтаж болуы. Педагог ең бірінші баланың осы «мотивін» табуы
керек.
Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында
адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік
адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар өмір сүру үшін
қоғамдық өндірісті дамытады. Қажеттілік те өндірістің өсуімен бірге
дамып отырады.
Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның
күйініш - сүйінішіне, ойлауына және ерік - жігеріне әсер етеді.
Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне қарай, қажеттіліктің орындалу
немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе
тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады.
Мектеп жасындағы баланың қажеттілігі – оның белсенділігін дамытады,
ерік - жігерін оятады. Педагог педагогикалық іс - әрекетінде үнемі
осыны ескеруі керек.
Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі.
Оларды топтарға бөле отырып, материалдық, рухани және қоғамдық
қажеттіліктер деп көрсетуге болады.
Материалдық қажеттіліктер баланың өмір тіршілігінің (бұл тамаққа,
киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т. б. заттарға
қажеттіліктер) негізіне байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың рухани және әлеуметтік қажеттіліктері
дұрыс қалыптасқан жағдайда материалдық қажеттіліктерін орынды
қанағаттандырылады.
БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР ТОПТАМАСЫ
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.
Ойынның маңызы: Тәрбиеленуші үшін
1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы,
артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.
2. Тәрбиеші үшін: Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.
3. Ата-ана үшін: Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді
Мен мектептегі шағын орталықтың меңгерушісі болып жұмыс атқарамын. Тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін,қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде төмендегі ойындар топтамасын ұсынып отырмын.
1) Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
Көңілді шеңбер: Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
Орныңды тап: Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
Ойыншықты сипатта: Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Сөзді есіңде сақта: Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
көктем – жаңбыр
жаз – күн шықты
аспан – бұлт
жер – шөп
2) Қиялды дамытуға арналған ойындар
Менің көңіл-күйім қандай? Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.
Жаңа ертегі: Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.
Сиқырлы дөңгелектер: Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.
Қиял жалғасы: Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды
3) Ойлауды дамытуға арналған ойындар
Матадағы менің орным Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.
Ойлан да аяқта
- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)
- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...
- екі, бірден көп, ал бір...
-пышақ та, әйнек те...(өткір)
Ойлан да аяқта
- Ат шабады, ал қарлығаш...
- Ит үреді, ал қарға...
- Жылан жорғалайды, балық...
Қарама-қарсы сөзді ата: Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.
Қара –
Күн –
Аласа –
4) Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Ине мен жіп Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
Бұл қашан болады? Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс.
Айлардың аттарын ата
Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата
Әр мезгілде неше ай бар?
Бір айда неше апта бар?
Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
Не үлкен Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
Сиқырлы қапшық Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
5) Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар: Мен жеңімпазбын Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, «мен жеңімпазбын» деп айтуы керек.
Құлақ-мұрын Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.
Өз орныңды тап Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
Дайын бол Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.
Зейінді бол Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.
6) Шапшаңдық дамытуға арналған ойындар
Көпір . Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып, қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады.Екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса, солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың ойыншылары көпірдің астынан кезектесіп өтулері тиіс.
Шырмауық Ойнаушылардын санына шек қойылмайды. Балалар өзара қол ұстасып шеңбер бойына қатарға тұрады. Олар оңға, не солға шеңбер бойымен айнала қозғала бастайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: Ойын басқарушы: Аш қасқырым, ап, деп айналдыру бағытын өзгертеді
Асау мәстек. Ойынды өткізу үшін күні бұрын арасы 1,5-2 метр, биіктігі бір метр екі бөрене жерге қағылады. Енді екі бөренені үш-төрт рет айналдыра тартып арқан керіледі. Жерге бір-екі тақия тасталады. Осы жасалған құрал «асау мәстек» деп аталады. Арқан үстіне көрпешік төселеді. Ойнаушылардьщ санына шек қойылмайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: Ойынды басқарушы ойыншыларды шақырып:
Ер екенінді білейін,
Ешкі сойып берейін. Тақия алсаң еңкейіп, Кұламасаң теңкейіп, Ерлігіңе сенейін,
- деп қайталайды. Енді, ойын басқарушының белгісінен соң, кез-келген ойыншыға асау мәстекке мінуге рұқсат етіледі. Ойын басқарушы асау мәстекке мінетін ойыншыға ойын шартын түсіндіреді. Ол асау мәстекке атша мініп отырып, рұқсат берілгеннен кейін, енді жерден тақияны алуға бағын сынайды. Басқарушы ойын қорытындысын шығарғанда, қай ойыншы ережені бұзбай, үш кайталымнын қорытындысында тақияны жерден көп рет көтеріп алса, сол ойыншы жеңімлаз атанады. Және одан кейінгі ойыншылардың жүлделі орын-дарын анықтап береді.
Тапшы кімнің дауысы? . Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойнаушылардың санына шек койылмайды. Ойын басқарушы бір баланы шеңбер бойымен қатарда тұрған балалардың ортасына алып шығып, оның көзін байлайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: Осы кезде барлық ойыншылар хормен:
Секір-секір деген кім,
Білгіш болсаң таба ғой,
Тауып ал да, өзінкеп, Сол орынға тұра ғой,
- деп, өлеңдетіп шеңберді айнала козғалып тұрады.Хор айтылып біткен соң, ойын басқарушы белгілеген оқушы «секір-секір»- дейді. Айтылып болған сон, басқарушы ортадағы тұрған баланың көзін шешеді. Ол «секір» деп айтқан баланы іздеуге кіріседі. Тапса, айтқан бала ортаға шығып, ойын баскарушы көзін байлайды. Егер таба алмаса, өзінін көзі кайта байланады. Осылайша ойын жалғаса береді.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың
шығармашылық әлеуетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму
стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас
бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – баланың ғана емес, еліміздің
де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы
деңгейі. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты
сондықтан баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып
отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге
көшуіне байланысты жаңа мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке
дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерістерін жаңа бағдарламалармен,
оны жүргізудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды (5 - 6 жас)
тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау уақыт сұранысына
айналды. Ұсынылып отырған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы
мектепке дейінгі 5 - 6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың
психологиялық - педагогикалық және мазмұндық аспектілерін ашады
және негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге
асырады.
Бағдарламаның мазмұны баланың
жеке жас ерекшелігінің мүмкіншіліктерін ашуға, бала тұлғасын жан -
жақты дамытуға, жалпы адамдық, ұлттық құндылықтарға негізделген
білім жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік ортада оң қатынастарға
қабілетті шығармашыл тұлғаны дайындауға бағытталған мектепке
дейінгі ересек жас балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттарын
шешуді көздейді.

айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын,
қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.

жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік
береді.
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын
дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу
мәдениетін қалыптастыруға болады.Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты
жауап бере білуге дағдыландыру керек.

түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландырамын.
Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі
«Балабақшаның заттық
дамытушылық ортасы баланың, педагогтың, ата-ананың қызығушылығын
оятып қажеттілігін қанағаттандыра отырып, мүмкіндігін жүзеге
асырушы кеңістік».
1 Кіріспе бөлім
1Мектепке дейінгі бала тәрбиесі.
11 Негізгі бөлім
Баланың жас ерекшелігіне
сай даму деңгейі.
Баланың бойында адамгершілік
қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны
туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде
қалады. Отбасындағы адамдармен қарым –қатынаста бала мәдениетті
үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл –ой адамгершілік қасиеттерде
қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының бірі –
дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, яғни қандай
тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын
атқарады.
Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін бала бақша тәрбиесі
ата-анадан тәлім –тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары
сөзсіз. Дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін
үшін маңызы зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік білім
беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің
жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Кішкентай
бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру жұмысы
жан-жақты болуы заман талабы.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз – қоғамның
идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке,ана тілге
еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие
мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық
үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану
арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын
әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған
дұрыс.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады
екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына
дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре
білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан
өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты
дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен
ата-анасы міндетті.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда
ұстанатын принциптер:
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену.
Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу.
Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін
жағдай туғызу.
Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру.
Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен
жүзеге асырылады. Балабақшадағы тәрбие –қазақы ұлттық сана, ұлттық
психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір-қасиеті мол,
физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып
шығару процесі болып табылады.
Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл –ой адамгершілік физикалық
және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде
белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған
ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет-дағдыларын
игеруге бейімделеді.
Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру
міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға
мүмкіндік туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала
дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі көрсетсе
ойын, оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы
біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Біз
іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана
баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Осыларды
негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде
ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың ролінің айрықша екенін
ұмытпау керек.
Сөйлесу қызметі – белсенді әрі мақсатты үрдіс.Бұл қызмет түрі
серіктестіктің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі
жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты –
бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз
құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар
өзімен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы
қалыптасады. Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты
назар аудардым. трафарет арқылы сөз құрамының байлығын, диалогты
дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің
көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды
түрлі-түсті бояумен бояйды. Дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл
жерде баланың шығармашылық ойлау қаблеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс
жасау кезінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі.
Мысалы: жүгіріп келе жатқан қоян бейнесі .Дайындық кезеңі аяқталған
соң сөйлеу кезеңін өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі
кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Әрбір бала өзіне жұп
таңдайды. Яғни жұмыс жұптасу түрінде жүреді. Бұл кезеңде мен кімнің
ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын білемін .Ертегілер
құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара
сөйлеседі. Бұл жерде автор сөзі деген болмайды. Балалардың
тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетімен ой-өрісін, дүние танымын
жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Ролді ойнап тұрған
бала өзін сол кейіпкерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін
бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби
сөйлеуге дағдыланып сөз қоры молаяды. Халқымыздың асыл маржанын
меңгереді.
Сондай-ақ ойын әдісі мен әрекеттерінің қолдануы балада жағымды
эмоция, жоғары қызығушылық туғызады. Атап айтқанда балабақшада
тәрбиемен оқытудың негізгі және жетекші формасы бұл жалпы топпен,
шағын топпен және арнайы ұйымдастырылатын сабақтар, экскурсиялар,
серуендер, ертеңгіліктер, ойындар. Балабақшамыз биылғы оқу жылынан
бастап ҚР мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын
басшылыққа ала отырып: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына
байланысты мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай оқу
–шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асырудамыз.
Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтыны белгілі, сондықтан
тексті оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру
жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге
негізделеді. Ол принциптер – айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен,
табиғатпен таныстыру, дүниетанымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін,
қабылдауын, бағдарлай білу, қаблеттерін дамыту болып табылады.
Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында естиярлар мен ересектер тобында
шығарманы тыңдай отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге,
кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсініп, өзінше талдап ойын
қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай
әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен
салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
Баяндама:
Қазақ этнопедагогикасын пайдалана отырып бала тілін дамыту.
Баяндама:"Балабақшада ойын
арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы
"
Баланы сөйлеу мәдениетіне
тәрбиелеу

Мектепке дейінгі бала
тәрбиесі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасын пайдалана отырып бала тілін дамыту.

шағым қалдыра аласыз