Материалдар / Тақырыбы: "Қазақтың салт-дәстүрлері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: "Қазақтың салт-дәстүрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері Мақсаты: Балаларды халқымыздың салт-дәстүрімен таныстыру. Тілдерін, зейіндерін, есте сақтау, ойлау, түсіну, пікір айту қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді сақтап білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Тамыз 2021
1459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері

Мақсаты: Балаларды халқымыздың салт-дәстүрімен таныстыру. Тілдерін, зейіндерін, есте сақтау, ойлау, түсіну, пікір айту қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді сақтап білуге тәрбиелеу.

Мотивациялық- қозғаушылық

Залға балалар музыкамен билеп кіреді.

Тәрбиеші: Балалар сендірдің көңіл-күйлерің тамаша екен. Осы көңіл-күймен ауылға саяхатқа барсақ қайтеді.

Балалар: Алақай.

Тәрбиеші: Ауылда кімдер тұрады?

Балалар: Ата-әже

Тәрбиеші: Ендеше біздер ауылға бару үшін мына сиқырлы кілемге отырайық. (Кілемге отырады). Кәне бәріміз көзімізді жұмамыз (Музыка ойнайды).

Тәрбиеші: Кәне бәріміз көзімізді ашайық.

Балалар: Біз қайда келдік.

Тәрбиеші: Ауылға.

Тәрбиеші: Ата-әженің үйіне кіру үшін әдемі тілектер айтып кірейікші.

Шатық шеңбер

Дәулет: Шаңырағыңыз биік болсын.

Жансая: Керегеңіз кең болсын.

Хадиша: Аспанымыз ашық болсын.

Жәнерке: Бейбітшілік болсын.

Даяна: Нанымыз көп болсын.

Дарын: Еліміз тыныш болсын.

Алихан: Деніміз сау болсын.

Бақдәулет: Ата-аналар аман болсын.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

(Балалар ата-әжемен амандасады).

Ата-әже: Балалар сендер қайдан келдіңдер?

-Біздер болашақ балабақшасынан келдік.

Ата-әже: Балабақшада сендерге апайлар не үйретеді?

-Балалардың жауабы (ән, би, тақпақ)

Хадиша: Әже мынау бесік пе?

Әже: Иә бұл бесік.

Хадиша: Біздің үйде де бесік бар, оған бөпемді тербетіп ұйықтатам.

Әже: Бөпеңнің аты кім?

Хадиша: Оның аты Асылжан.

Тәрбиеші: Бөпеңді тербеткенде өлең айтып ұйықтатасың ба?

Хадиша: Иә. Қане мына қуыршақ бөпені өлең айтып ұйықтатшы.

Хадиша: (Әлди-әлдиді) айтып береді.

Айғаным: Мынау не?

Әже: Бұл ұршық.

( Әже ұршық туралы түсінік береді).

Қыздар: Әже жүнді біздер түтсек бола ма?

Әже: Әрине. (Қыздар жүн түтеді).

Дәулет: Ата мынау не?

Ата: Ай бұл ер тұрман деп аталады. (Ер тұрман жайлы түсінік береді).

Ұлттық ойын. (Біздер қандай ұлттық ойындар білеміз).

(Балалар ұлттық ойындар түрлерін айтады).

Тәрбиеші: Әже біздің қыздарға киіз басуды үйретсеңіз жақсы болар еді. Кәне қыздар менің қасыма келе ғойыңдар.

Ал ата ұл балаларға атты тұсаулайтын жіпті иіреді.Ал балалар біздер ата-әжемізден көп салт-дәстүрлерге байланысты тәрбие үйрендік. Ата-әжемізге үлкен рахмет айтайық.

Рефлексиялық-түзетушілік

Ән: «Қазақстаным менің»

Балалар балабақшамызға қайтатын уақыт болды. Сиқырлы кілемге отырайық. Балалбақшаға оралу.

Қорытынды:

1.Ұлттық тағам.

2.Ұлттық киім.

3.Киелі сандар.

4.Аптаның бесінші күні қалай өтеді.

5.Қазақтың ырымдары.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балаларды халқымыздың салт-дәстүрілерін;

Игереді: Салт-дәстүрлерді атауды;

Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап беруді.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!