Тақырыбы: «Сиқырлы сандар».

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: «Сиқырлы сандар».

Материал туралы қысқаша түсінік
Реттік сандарды жалғастыру. 5 саны көлемінде сандық және реттік санауды ажырата алуды цифрларды сандық карточкасымен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Болашақ» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК-нің тәрбиешісі

Копбергенова Гүлнар Селбаевна










Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану», «Құрастыру», «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру».

Тақырыбы: «Ғажайып математика».

Мақсаты: Реттік сандарды жалғастыру. 5 саны көлемінде сандық және реттік санауды ажырата алуды цифрларды сандық карточкасымен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау.

Билингвалды компонент: Бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыре, бес-пять.

Қажетті құралдар: Тақырыпқа сай суреттер, слайд, 1-5 дейінгі сандар, геометриялық фигуралар.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау ойыны.

Мотивациялық қозғаушылық:

(Музыка әуенімен кіреді.)

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі күніміз ерекше болмақ, өткені бізге қонақтар келіп отыр. Амандасып алайықшы қонақтармен.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік:

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем.

Тәрбиеші: Көктем айының неше айы бар? Айларын атап берідерші.

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші: Сендер балабақшаға неше күн келесіңдер? Неше күн демаласыңдар?

Балалар: 5 күн. 2 күн демаламыз.

Тәрбиеші: Менің қолымда екі түрлі пішінді карточка бар, сендерге мен сол карточкаларды таратып беремін. Сол пішіндерге қарап орындарымызға орналасамыз.

Мысалы: Үш бұрышы бар бала мына үстелге отырады. (Балалалар орындарына отырады.)

Балаларға 1-5 дейін тура және кері санату.

Балалардың жауаптары.

Қызықты сәт.

Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы бар.

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, қоян!

Тәрбиеші: Көңілдісің ғой?!

Қоян: Ия, балалар, бүгін менің туған күнім, маған қасқыр сыйлық берді.

Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?

Қоян: Білмедім?

Тәрбиеші: Ендеше сыйлықты бірге ашып көрейік.

Қоян: Ой, балалар, мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны ма?

Тәрбиеші: Қоян, тоқта, ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік. Қоян, қасқыр, саған тапсырмалар беріпті, сол тапсырманы орындасаң, сыйлығыңды табасың депті.

Қоян: Қандай тапсырма?

Тәрбиеші: Тапсырма математика оқу қызметіне байланысты екен.

Қоян: Оооооой, балалар, тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

1-тапсырма.

«Пішіндерді орналастыр» дидактикалық ойын.

«Үшбұрыш» тобының тапсырмасы

Ойынның шарты: Балалардың алдарында әртүрлі пішіндер болады. Сол пішіндерді түтікшенің көмегімен өз орындарына салу керек.

«Төрт бұрыш» тобының тапсырмасы

Ойынның шарты: Балалар шарды стаканның ішіне салып үрлеу арқылы ( стаканның сыртында әр түрлі пішіннің бейнесі бейнеленген.) суреттеріне қарап стакандарды кигізу.

Шеңбер

Мен шеңбермін,шеңбермін,

Осындаймын дөңгеле.

Айналамын күн сайын,

Барлыгы үшін біз керек. Алтын


Үшбұрыш

Мен үшбұрыш

Үш жағым бар

Үш төбеден жасалған

Үй төбесіне қарасаң

Мен ғой сонда отырған Аршат

2- тапсырма.

«Жұмбақ есептер»

  1. Талда отыр 3 торғай, ұшып кетті 1 торғай. Талда қалды неше торғай? (2 торғай).

  2. Көлде жүзді 2 үйрек,ұшып келіп 3үйрек қонды. Көлде болды неше үйрек?

3- тапсырма.

Сергіту сәті. ( Музыка әуенімен балалар секіріп жүріп, екі топқа бөлініп, қоянды тамақтандырады.)

4- тапсырма.

«Қоянға сыйлық жасау»

*Әртүрлі материалдарды пайдаланып, қоянға сыйлық құрастыру.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды.

Тәрбиеші: Міне, балалар, оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Қасқырдың тапсырмаларын орындап, қоянның сыйлығын тауып бердіңдер. Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар, балалар!

-Сау бол, қоян! (Қоянмен қоштасады.)

Балаларды мадақтап, бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Реттік сандарды, геометриялық фигураларды;

Нені игеру керек: Сандарды тара және кері санауды, тақпақтар айтуды;

Нені меңгерді: Логикалық есептерді.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.08.2021
669
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі