Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Ұлттық спорттық ойындар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ұлтық ойындар арқылы денсаулығын нығайту. Балалардың қимыл-қозғалысын, жылдамдық, ширақтық, ептілік, шыдамдылық қабілеттерін дамыту. Ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Авторы: Надирова Айгул Рахимбаевна

Түркістан облысы, Шымкент қаласы

24 «Алма» бөбекжай-бақшасы МКҚК, дене шынықтыру нұсқаушысы


Білім беру саласы: «Денсаулық».

Оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Ұлттық спорттық ойындар»

Мақсаты: Балалардың ұлтық ойындар арқылы денсаулығын нығайту. Балалардың қимыл-қозғалысын, жылдамдық, ширақтық, ептілік, шыдамдылық қабілеттерін дамыту. Ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.

Қажетті құралдар: арқан, жылқы атрибуты, асықтар, үстел, кегли т.б. заттар.


Оқу қызмет кезеңі

Нұсқаушының іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

І. Жалпы сапқа тұру, түзелу, сәлемдесу.

Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Ұлттық спорттық ойындар».

Балалар, енді біз дархан дала жайлауға жаяу жүріп барамыз.

Біз ол жерге тезірек жету үшін аяқ ұшымен жүру, өкшемен жүру, еңкейіп тізені жоғары көтеріп жүру жаттығуларын жасаймыз.

Балалар бойымызды бір сергітіп алайықшы.

ІІ. Қамшымен жалпы дамыту жаттығуы .

  1. Б.қ. Аяқ бірге қамшыны екі қолмен ұстап 1-ші басты оңға иу, 2-ші басты солға иу, б.қ.-қа оралу, 3-4 рет қайталау.

  2. Б.қ. Аяқ бірге қол алдында 1- ші қамшыны жоғары көтеру, 2-ші қолды алға түсіру, 4-5 рет қайталау.

  3. Б.қ. Аяқ арасы ашық қол алдында 1-ші жоғары көтеру, 2-ші оңға созу, 3-ші жоғары көтеру, 4-ші б,қ, оралу, 4-5 рет қайталау.

  4. Б.қ. Аяқ арасы ашық қол алға созу, 2-ші отыру, 3-ші тұру, б.қ., 4-5 рет қайталату.

  5. Б.қ. Аяқ арасын иық кеңдігінде, сол қол белде, оң қолмен қамшыны ұстап жоғары көтеріп 7-8 секунд секіру.

ІІІ. Еркін тыныс алу.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, қараңдар, біз жайлауғада келіп қалыппыз. Жайлауда атамен сәлемдесеміз.

  • Ассалаумағалейкум, ата!

  • Уағалейкум ассалам, балаларым!

  • Сәлеметсіз бе, ата?

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Ой, қандай жақсы балалар!

Жақсылық ата: - Балалар, сендер ұлттық ойындарды білесіңдер ме?

Балалар: - Иә, білеміз.

Нұсқаушы: - Балалар, келіңдер, Атамыз бізге берген қоржында не бар екен, көрейік? Бұл түрлі-түсті асықтар екен. Онда осы асықтармен қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойынын ойнайық.

Ойынның мақсаты: Балалар жартылай шеңбер болып отырады. Ортаға асықтарды тастаймыз. Балалар асықтарды тез жинап алады. Асықтарды тізеді. Хан асығы кімге түссе, сол бала ойынды бірінші бастайды. Асықты дәлдеп атып тигізеді. Тигізе алмаған бала сұрақтарға жауап береді. Кө асық жинаған бала жеңімпаз болады.

Жақсылық атаның батасы:

Нұсқаушы: Балалар, келіңдер, атамызға қандай мықты, әрі епті екенімізді көрсету үшін екі топқа бөлініп жарысайық.

  1. «Ат жарыс» ойыны. Атқа мініп мәреге барып қайту.

  2. «Арқан тарту» ойыны.

  3. «Күш сынаспақ» ойыны. Екі ұл бала орындықта отырып үстел үстіне шынтақтарын тіреп, білекпен күш сынасады.

  4. «Арқаннан секіру» ойыны. \қыздарға арналған ойын/.

  5. «Көтермек» ойыны. Екі ұл бала ортаға шығып, арқаларын тірестіріп, бір-бірін арқалап көтеру керек.

  6. «Бес тас» ойыны. /қыздарға арналған ойыны/.

Жақсылық ата: - Балалар, сендер қандай мықтысыңдар?

Нұсқаушы: - Балалар, қараңдар, күн ұясына батып барады, қазір кеш түседі. Ендеше, біз бүгін жайлауда ұйықтаймыз.

Балалар: - Жақсылық ата , Қайырлы түн!

Жақсылық ата: - Иә, балалар, рақмет. Сендерде жайлы жатып, жақсы тұрыңдар!

Рефлексивті коррекциялаушы

/балалар ұйықтайды/.

Тыныс алу жаттығуы. /релакция/. Таң атты.

Нұсқаушы: - Балалар, бүгінгі түн – Сиқырлы түн болды.

Таңертең оянсақ бақшамызға келіп қалыппыз.

Дене мүшелеріне арналған жаттығулар.

Балалар қатарға тұрады.

Нұсқаушы: - Балалар, бүгінгі оқу қызметінде біз қайда бардық?

Сендерге не ұнады? Қандай қимылдар орындадық?

Балаларды мақтап, мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды

Жүру, жүгіру.

Түсінеді

Ұлттық ойындардың дене шымырлығы үшін маңыздылығын түсінеді.

Қолданады

Ұлтық ойындардың қимылдарын қолданады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
1138
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12