Материалдар / Тақырыбы: Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРЫНЫ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРЫНЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРЫНЫ. Ыбырай шығармаларында көзі ашық, көкірегі ояу,тәрбиелі және адамгершілігі мол қазақ балаларының қалыптасуына тыңбай еңбек етсе ғана жететіндегін дәріптеп отырған.Өз әңгімелері мен өлеңдерінде білімге,ғылымға, адамгершілікке, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет көрсетуді тілге тиек еткен. Ыбырайды ақын деп ғана санамай, қазақ балалар əдебиетінің атасы, негізін қалаушы деп те танимыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2021
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары» атты өңіраралық педагогикалық форумы















Тақырыбы: Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРЫНЫ.









Үркімбай Сәуле Мұратжанқызы «Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі, математика және информатика пән бірлестігінің жетекшісі.









Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРЫНЫ.

Ыбырай шығармаларында көзі ашық, көкірегі ояу,тәрбиелі және адамгершілігі мол қазақ балаларының қалыптасуына тыңбай еңбек етсе ғана жететіндегін дәріптеп отырған.Өз әңгімелері мен өлеңдерінде білімге,ғылымға, адамгершілікке, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет көрсетуді тілге тиек еткен. Ыбырайды ақын деп ғана санамай, қазақ балалар əдебиетінің атасы, негізін қалаушы деп те танимыз.Ұлы педагог-қазақ балаларының сауаттыжәне білімді болсуын қалаған ұстаз. Ол ұлттың бала тəрбиесінде өз халқының тұрмысы,өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сəйкес келу идеясын ұсына білген.Ыбырай балалар əдебиетіне арнап, жас өспірімдерді тəрбиелеу жолында көптеген шығармалар жазды және алдына үлкен мақсаттар қойды.Өз сөзінде: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тəрбиелік мəні бар жұмыс деп білемін» – дейді [4, б.225-230].Мынандай шығармалары дəлел болады. Балаларға арналған хрестоматиясындағы жазған əр алуан қысқа сюжетті əңгімелерінде өмірдің сан түрлі қырларын ашуды мақсат ете білген.Автор қазақ балаларының табиғи ерекшеліктерін ескеріп,олардың жан дүниесіне əсер ету [87] арқылы еңбексүйгіш,адамгершілігі мол,зейінді де зерделі, адал да əдепті, білімді азамат болып жетілуін көздеген.Қазақ халқының дарынды перзенті əңгімелерінде түр мен мазмұнның өзара бірлігіне де ерекше мəн бергенін аңғарамыз. Ол соған сəйкес оқиға мазмұнының орамдылығы мен нақтылығын, ойға қонымдылығы мен логикалық дəлдігін сақтай отырып, тілінің қарапайым да көркем, айшықты болуына зер салады.Ол əңгіменің негізгі түйінін бірден ашпай, ойландыратын, толғандыратындай етіп жұмбақтап,сөздерінде (диалог) жиі қолданылуы да көп септігін тигізген. Бұған бастан аяқ сұрақ-жауап түрінде берілген «Шеше мен бала» атты əңгіме айқын дəлел.Тентек баланың қолындағы құсты құтқару үшін қолындағы барлық ақшасын жұмсаған баланы шешесі ұрыспай, қайта қайырымдылығы үшін оған алғыс айтады. Жазушы осындай кішігірім оқиғаны тартымды етіп жеткізе білген. [2, б.129-136] Баланың алғашөы тәрбиесі ананың қолында екенін айтқан. Себебі,бала ананың бауыр еті, соғып тұрған жүрегі деп бағалай алған: Бала тəрбиелеуде бұл ана еңбегін қадірлей білген үздік баға деуге болады. Балаға осындай өлеңдерді оқып ана қадірін теңдесі жоқ қымбат та қадірлі екенін сезіндіру керек. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сияқты ана еңбегін қадірлемеу, сыйламау, кейде тыңдамау болмас та еді. Алғашқы берілетін тәрбие əрдайым ата-анасын, өзінің жақын достарын сыйлауды үйретуден басталуға тиісті. Ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қызмет істей алмайды. Ананың қадірі түсіну,жалпы халықтық қағиданы əрқашан баланың зердесіне салып отыру-əрбір тəрбиешінің борышты міндеті дегенді Ыбырай Алтынсарин көп ескерткен. «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентерліктей əсерлірек жазылған. Ы. Алтынсариннің балаларға арналған қай шығармасын алсақ та, одан да жас өспірімдерге үлгі-өнеге береруі мен үйретері көп. Ыбырай шығармашылығының тағы да көтеретін күрделі мəселесі – үздіксіз еңбек үрдісі. «Дүние қалай етсең табылады», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Таза бұлақ» деген əңгімелері еңбектесең ғана ойлаған мақсатына жетесің деген ойды жан-жақты дəлелдей алған. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» əңгімесінде атасы он жасар баласын жетектеп келе жатып, ұшқан құс, жүгірген аңдар тіршілігімен таныстырады, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ екенін айтқан. «Сəтемір хан» əңгімесінде жеті жасында жетім қалған Сəтемір деген бала ақсақ шегірткенің үйдің төбесіне шығу үшін қаншама əрекет жасағанын көріп, өзінің жұмыссыз босқа ойнап жүргенін ақылсыз деп табадыҚалаға келіп, біреудің қолында жалшылықта жүріп оқап, ірі оқымысты болады. Адамның барлық қабілетімен іскерлігі, таланты мен талабы тек еңбек арқылы ғана көрінетінін айтқан. Ыбырай əңгімелерінің қайсысын алсаңыз да оқушысын нақты сендіретін, соған қызықтыратын шынайы көрнекілік бар. Еңбек процесі тақырыбына жазылған Ыбырай əңгімелері бірін-бірі қайталамайды, əр қайсысында өзіндік қызықты, тəрбиелік күшті жақтары айтылған. Мұны оқыған бала əрқашан пайдалы, өнегелі істерге үйренді, өнегесіз істерден жирене түседі. Ата-анаға болысу борышты міндетіекені айтылады. Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен адамдарды өмір тəжірибесі мол, қандай да жұмысқа икемді, өздері кішіпейіл, мейірімді жəне ешқандай арамдық жоқ, зұлымдық істерді білмейтін, қалың бұқараның жайдары өкілі етіп көрсетеді. Ақыл да, терең ой да, оның əр нəрсеге икемділігі де, қиын-қыстау кезінде жол тапқырлығы да еңбектену арқылы жинақталған өмір тəжірибесінің жемісі екенін білдіреді. [88] Бұған қарама-қарсы еңбекті сүймейтін, ел үстінен күн көретін тоғышарларды, үстем тап өкілдердің күйректігін көрсетеді. «Бай мен жарлы баласы» əңгімесінде жастайынан шаруаға араласқан, еңбек еткен, жас болса да өмір тəжірибесін көп көрген кедей баласы Үсен көбіне тəжірибеге сүйеніп, ақыл-парасатқа салып, көшкен елдің жаңа қонысын тауып алады. Бұл əңгімеде де екі нəрсені бір-біріне қарама-қарсы қойып, салыстыра суреттеген. Балалар мен жас өспірімдерді өнер-білімге шақыру, отырықшылық тұрмыстың, жер кəсібімен айналысудың пайдалы жақтарын түсіндіру, оларға еңбек етудің артықшылығын ұғындырумен қатар, Ыбырай шығармашылығының көтеретін тағы бір мəселесі ұқыптылыққа, мейірімділікке, əдептілікке үйрету. Осы идеяның бəрі баланы оқыту, үйрету, тəрбиелеу процесі арқылы іске асатынын ұлы педагог дұрыс түсіндіріп, дұрыс шешкен. Қорыта келе, ұлы жазушымыздың балаларға арналған шығармаларында қандай тақырыпта жазса да алдымен нені мақсат етіп көрсетуге болар еді деген мəселеге тоқтаған. Жазған əңгімесін өмірде кездесетін, баланың өзі назар аударатындай заттармен, ісрекеттермен байланыстырып отырады. Себебі, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің зейіні тұрақты болмағандықтан, бүлдіршіндерді қызықтырып, назарын аударту педагогтің ең басты міндеттерінің бірі екенін білген қазақ елінің дарынды перзенті əңгімелерінің бəрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды, тартымды, олардың жан дүниесіне əсер етерліктей етіп берілген. Ұлы ағартушымыз артына қалдырған асыл мұрасы сан мыңдаған ғасырлар өтсе де, өз маңызын жойған емес. Жас өспірімдерді өскелең мəдениетке жетелейтіндей өмір оқулығы, отаны үшін алысқан күрес құралы болуы тиіс.



Əдебиеттер тізімі:

1. Ы.Алтынсарин. Қазақ əдебиеті. – Алматы:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!