Материалдар / Тақырыптық оқу қызметі "Жомарт кұз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыптық оқу қызметі "Жомарт кұз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу қызметі арқылы балалардың күз туралы білімдерін айқындау,күзгі жемістер туралыбілімдері қалыптасады.Күз мезгілінің белгілерін тауып айта алады.мезгіл
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Қарағанды қаласы

КМҚК «Батыр»санаторлық бөбекжайы

Жоғарғы санатты тәрбиеші

Нукушова.Балкен.Слямкановна




«Жомарт күз» ұйымдастырылған оқу қызметі

Ересектер тобы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» «Таным» «Шығармашылық»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру,Жаратылыстану,Аппликация

Тақырыбы: «Жомарт күз»

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылау, күз мезгіліне тән белгілерді білу және таба алуға үйрету. 
Міндеттері:

Білімділік: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына пайдасы туралы ұғымдарын бекіту.

Дамытушылық: Ойын арқылы түстерді, жемістер мен көкөністерді ажыратуға және атай білуге, зерттеу жүргізу, іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғап, аялауға және әсемдігін бағалай білуге тазалыққа тәрбиелеу. 
Керекті құралдар: Күз мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер, жемістер мен көкөністердің суреттері,желім,муляждар,ноутбук.
Қостілдік компонент: Көкөністер –овощи, жемістер – фрукты, дәрумендер – витамины. 
Тәрбиеші, балаларды ортаға шақырып шаттық шеңберін бірге айтуды ұсынады.

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң достарым!

Сендерді көріп қуанам!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,жұмбақтың жауабы, бүгінгі біздің оқу қызметіне байланысты.

Бозарып дала,тоңады бала.

Астығы піскен жапырағы түскен. Бұл қай мезгіл?

-Күз мезгілі.(балалар жауабы)

-Өте жақсы,ал,енді көзімізді жұмып күз мезгілін елестетіп көрейікші.

(осы кезде әуен қосылады)

Ой қозғау.Балалардан көз алдарына нені елестеткендерін сұрайды.

Балалар ойларын айтады.Мысалы мен күзгі желді елестеттім,жапырақтар шуылын,құстардың ұшып бара жатқанын.

-Балалар,қанша күн суық болса да,әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы,кереметтері болады екен.

-Мен сендерге тағы жұмбақ жасырайын деп тұрмын.

Жазда жасыл,күзде сары. Ол не?

-Жапырақ (балалар жауабы)

(осы кезде желдің дыбысы естіледі)

-Бұл ненің дыбысы?

Балалар: желдің дыбысы.

-Жел соққанда жапырақтар қандай күйде болатынын білесіңдер ме?

-Балалар:Жапырақтар ұшып жерге түседі,қалқиды,домалайды.

-Қане,олай болса жапырақтардың қандай күйде болатынын тыныс алу жаттығуы арқылы жасап көрейік.

Тыныс алу жаттығуы.

Бөтелке ішіндегі қағаз қиындысына түтікше салып,қатты үрлеуді ұсынады.

(балалар үрлейді)

-Қараңдар балалар,жел қатты соғып,мынандай жапырақшаларды ұшырып әкепті.Бұл жапырақтар сиқырлы екен,әр біреуінде тапсырмалары бар екен.

Тапсырма №1

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы жапырақ»

-Кім мына жапырақты алса,сол күз мезгілінің бір ерекшелігін айтады.

Әр бала қолына жапырақты алып күз мезгілінің белгілерін айтады.

-Күзде күн суық.

-Күзде жаңбыр жауады.

-Күзде жемістер піседі.

-Күзде адамдар жылы киінеді.

-Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.

-Неге біз күз мезгілін «Алтын күз»дейміз?

-Өйткені,күзде жапырақтардың бәрі сарғайып,алтынға ұқсайды.

-Неге «Жомарт күз»дейміз?

-Өйткені,күзде жемістер,көкеністер,астық,саңырауқұлақтар піседі.

Тапсырма:№2

Дидактикалық ойын «Сиқырлы қорап»

Қолдарын қорапқа салып,сезу арқылы ішінде не бар екенін айтуды ұсынады.

Қолдарын қорапқа салып,ішіндегі затты айтады,мысалы;пішіні домалақ,ол алма.

Балалар қораптағы көкеністер мен жемістерді атап,алып шығып екі ыдысқа салады.

Сергіту сәті.

Жел соқты,жел қатты-қатты соқты

Жаңбыр жауды,жаңбыр қатты-қатты жауды.

Күн шықты,күн шықты

Жел тына қалды.

-Көкеністер мен жемістердің адамға тигізер пайдасы зор.

-Қане кім біледі қандай пайдасы бар?

(балалар жауабы)

-Міне күздің тағы бір сыйы,байлығы ол нелер?

Балалар жауабы: Көкеністер мен жемістер.

-Айтыңдаршы жемістер қайда өседі?

Балалар;жемістер бақта өседі.

-Көкеністер қайда өседі?

Балалар;көкеністер бақшада өседі.

-Жемістер мен көкеністерден не жасауға болады?

Балалар; тосап,компот,салаттар жасауға болады.

Тапсырма №3

Дидактикалық ойын: «Борщ-Компот»

Балаларға көстрөл мен банкінің суретін ұсынады.Біреуіне борщқа салатын заттарды тауып жапсыруды,екіншісіне компотқа салатын заттарды жапсыруды ұсынады.

Жемістер-фрукты,көкеністер-овощи,дәуірмендер-витамины,тосап-варенье.

Жемістер мен көкеністердің құрамында дәірмендер бар.

-Ал,оларды жемес бұрын не істеу керек?

Балалар; жылы сумен жуу керек.

Тапсырма№4

Дидактикалық ойын

Ноутбуктан слайд көруді ұсынып,дәуірмендердің пайдасы туралы айтады.

Тапсырма №5

Қимылды ойын; «Салат»

Бастарына маскаларды киіп,музыка әуенімен жүгіріп ойнайды,музыка тоқтаған кезде үш үштен тұрып салат болып тұра қалады.

Қорытындылау;

-Бүгін не туралы айттық?

-Күз мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Жемістер мен көкеністердің құрамында не бар?

Балалар жауабы тыңдалады.Жақсы жауаптарын мақтап мадақтайды.

Жұмыс жасаған орындарын жинауды тапсырады.

Рефлексия; Екі түрлі қолшатырды алады.

-Егерде көңіл-күйлерің жақсы болса,сары түсті қошатырдың астына жиналыңдар,көңіл күйлерің болмай тұрса,көк түсті қолшатырдың астына жиналыңдар.

(балалар қуанып ойнайды)

Тәрбиеші балаларды күз мезгілін тамашалауға серуенге шақырады.


Picture 3 Picture 4 Picture 2 Picture 7 Picture 5


Picture 6 Picture 8














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!