Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарату қорабында сымдарды қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр аспаптарымен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды пайдаланасыңдар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жарықтандыру және сәулелендіру құрамына кіретін аппараттардың оқып үйренуі аяқталғаннан кейін олардың басқару сұлбаларына арналған материалдармен жұмыс істеу керек.

Қорғайтын  аппаратураға және сөндiргiштерге фаза және нөлдiк өткiзгiштердiң қосудың ережелерiнiң осындай қондырғыларда  қорғаныш жерге қосу (нөлге теңестiру) орындау ережелеріне қатысты материалмен осыған байланысты мұқият жұмыс iстеу  керек.

Бөлмелерді, аймақтарды, құрылыстарды және ғимараттарды жарықтандыру үшін арналған арнайы электр техникалық қондырғыларды жарықтандыру электр қондырғылар деп аталады.

Жарықтандыру электр қондырғылар күрделі жинақ ретінде көрсетілген, ол тарату қондырғылардан, магистралды және топтық электр желілерден, әр түрлі электр тұрақты аспаптардан, жарықтандыру арматуралардан (шырақтардан)  және жарық көзінен және ұстап тұратын конструкциялардан және бекіту бөлшектерден тұрады.

Жарықтандыру қондырғылардың шырақтары тағайындау бойынша жалпы, жергілікті, аралас, жұмысшы және апаттық болып ажыратылады.

Жарық түсіруге қойылатын негізгі талап ретінде жарықтандырудың нормаланатын мәнімен қамтамасыз етіледі.

Жарықтандырудың  нормаланатын мәні көз жұмысы шартымен анықталады, соның ішінде: ажырату зат мөлшерлермен, олардың фонның шағылу коэффициеті және фон қарсыластығымен; жанасу үшін қауіпті заттардың  қолайлы болуымен; 

Жарықтандырғыш электр қондырғылардың монтаждау кезінде  жарықтандырудың  нормаланатын мәнін сақтауы жарықтандыру үшін шығындаған электр энергияны үнемдеуіне, дайындалатын өнімнің сапасын жоғарылатуына, қызметкерлердiң көз көруінің шаршағыштығының төмендетуі, еңбек өнiмдiлiгін жоғарылатуға және еңбек жағдайларының жақсартуына әкеледі.

Ең алыстаған шамдардың кернеуі:

  • номиналдықтан 95% – шырақтармен орындалатын апатты және сыртқы жарықтандыру желiлерi үшiн;

  • номиналдықтан 97,5%–сыртқы жарықтандырудың прожекторлық қондырғылар және өндірістік кәсіпорынның бөлмелерінің ішіндегі жұмысшы жарықтандыру желiлерi үшiн;

  • шамдардың кернеу қалыпты тәртіпте 102,5% кем болмау керек.

Электр қондырғылардың жарықтандыру шырақтары және аспаптары, электрлік жарық көздері болып табылады.

Қыздыру шамдар, төмен қысымды люминесценттiк шамдар және жоғары қысымды сынапты шамдар электрлік  жарық көздері ретінде қызмет көрсетеді.

Қыздыру шамдардың жұмыс істеу принципі көрінетін сәулелену энергиясының жібіне келетін, электр энергияны түрлендіруіне негізделген, адамның көру мүшесіне ақ жарыққа жақын, әсер ететін және оның жарықты сезінуді шығаруына байланысты.

Қыздыру шамдардың орташа қызмет көрсету уақыты – 1000…1200 сағат.

Колбадан   ауа шығарылған  қыздыру шамдарды вакуумдық, ал  инерт газдармен толтырылған колбаларды – газ толтырылған деп атайды.

Вакуумдық шамдарға қарағанда газ  толтырылған шамдарда жарық беру қайтарымы жоғары болады.

Қыздыру шамдардың негізгі кемшіліктері – төмен жарық беруі.  Люминесцентті  шам (ЛШ) – тығыз жабылған шыны түтік, ішкі беті люминоформен (электрлік разрядтан әсер ететін заттан шырақ шығады) жабылған (герметикалы) зат.

Түтіктен ауа шығарылып, оған сынаптың булары және аргон газдары толтырылған.

Арнайы патрон арқылы электр желіге шамдарды қосу үшін арналған цокольмен вольфрамнан жасалынған биспиральды электродтар түтіктің ұштарында шыны аяқтарында бекітілген.

Процесс электродтардың арасында шамға кернеудi беруде  сынап буларында электр дәрежесi пайда болуымен, содан кейін шам жарық ағындарын сәулесін таратылуымен анықталады.

Төмен  қысымды люминесцентік шамдар газ тәрізді жарық көздері болып саналады.

Люминесценттiк шамдардың қызмет мерзiмi - 5000 сағ.

Ең көп   жоғары қысымды қолдану ДРЛ (ДСШ ) доғалы сынапты шамдар.

Доғалы сынап шамдар кварц  оттығынан,  колбадан және бұрандалы цокольден тұрады.

Оттықтың  ұштарына вольфрам сымынан жасалған қосымша және негізгі электродтар дәнекерлеген, ал сынап және аргонның булары оттықтың ішіне толтырылған.

Колбаның ішкі бетіне  люминофор  жұқа қабатпен жағылған.

Процесс шамдардың электродтарына кернеуді беру кезінде жоғары қысым сынап буларында электр разряд пайда болуымен, жарықтың қарқынды сәулелендірумен бірге жүргенде оның спектрінде  қызғылт сары-қызыл сәулелер болмауымен анықталады.

Спектрдiң  ультра күлгiн сәулелерiнің әсерімен люминофордың құрамы қызғылт сары-қызыл түсті сәулелендіреді. ДСШ шамдар  - қуаты – 400 … 1000 Вт. 

Қыздыру  шамдардан люминесцентік шамдар және ДСШ шамдар едәуiр үнемдi – олардың жарық беруі және қызмет көрсету мерзімі қыздыру шамдардың параметрлерінен бір неше рет асып түседі.

Бөлмелерге электр сымдарын жүргізу

(ток жүйесін жүргізу, жасанды жарық көздерін қосу, шамдарды)

1)Бөлмелердің реттілігі


Комната 1 – Зал Комната 2 – Ас үй

Комната 3 – Ванна бөлмесі Комната 4 – Кірі беріс (дәліз)





2) Әр бөлмеге орналастырылатын жиҺаздар

Қызылмен белгіленген аймақтарда біз электр жүйесін орнатамыз.


Комната 1 - зал:

  • 1 - шкаф

  • 2 - диван,

  • 3 - кресло

  • 4 - стерео жүйе (домашний кинотеатр)

  • 5 - теледидар (тв плазма)

  • 6 - компьютер

Комната 2 – ас үй:

  • 13 – ас үй гарнитурасы

  • 14 – ыдыс жуғыш машина

  • 15 – тоңазытқыш

  • 16 - орындықтар

  • 17 – стол

  • 18 - газ плитасы

  • 19 – қысқа толқынды пеш

Комната 3 – ванна бөлмесі:

  • 8   - аспалы шкаф

  • 9   - унитаз

  • 10 - раковина

  • 11 - ванна

  • 12 – кір жуғыш машина

Комната 4 – кіреберіс (дәліз):

  •  7 - шкаф


3) ЖиҺаздардың орналастыру орнын белгілеп алған соң, розеткалар, сөндіргіштер, шамдар орнын анықтау


4) Шамдардың орнын белгілеу

Шамдарды орнату кезінде бөлменің ені мен ұзындығын өлшеп аламыз.

Бөлменің ені 4 метр, ал ұзындығы 6 метр болған жағдайда, ені мен ұзындығының санын 2 - ге бөліп, бөлменің центрін анықтап аламыз.

Мысалы:4:2=2

6:2=3

5) Шамдардың орны анықталғаннан кейін оларды тоқ көзіне қосып, сөндіру үшін сондіргіштерді орнату орнын анықтау

Сөндіргіштерді орнату кезінде оның есіктен және еденнен қанша қашықтықта орналастыру керектігін естен шығармау керек. Яғни, сөндіргішпен еденнің арақашықтығы 90 см, ал сөндіргішпен есіктің арақашықтығы 10 см болуы керек.


6) Тарату қорабын орнату. Орнатылған сөндіргіштер, шамдар, розеткалар сымдарын тарату қорбында жинақтаймыз.Тарату қорабы төбеден 15 см төменде және терезеден 10 с м жоғарыда орналастырылуы керек.

7 ) Тарату қорабына жинақталған сымдарға күштік автоматтан электр тоғын беру.

3.Бекіту сұрақтары

1. Күштік сөндіргіш (автомат) дегеніміз не?

2 . Төменде көрсетілген құрал не үшін қолданылады?

3.Төменде көрсетілген шамның құрылысын түсіндіру.

4.Қыздыру шамдардың орташа қызмет көрсету уақыты?



III.Ағымдағы нұсқаулық – 35 минут

1) Жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздік

а) арнайы киімдері

б) құрал-саймандардың реттілігі

в) монтаж жүргізудің алдында аспаптардың жарамдылығын тексеріп аламыз.

1.Біз монтаж жасамас бұрын электрқондырғыларын және монтаж сымдарын жүргізу орындарын белгілеп аламыз.

2.Белгілеген орындар бойынша электрқондырғыларын орната бастаймыз.

3.Электрқондырғыларын ашық монтаж түрінде жүргіземіз, сондықтан электрқондырғыларды, кабель каналдарды әртүрлі әдіспен орнатамыз.

4. Электр шамдарды орнатып болғаннан кейін олардың арасындағы кабель каналдарын өлшеп кесеміз орнатамыз.

5. Кабель каналдар арқылы сымдарды өлшеп кесіп сымдарды кабель канал арқылы жүргізіп электр сұлбасы арқылы тарату қорабында сымдарды жалғаймыз.

2) Білім алушыларды жұмыс жасау кезінде қолданатын құрал-саймандарымен таныстыру

3) Кабиналармен жұмыс жасау үшін үлестірмелі қағаздарды тарату








I басқышты сөндіргішті шамға жалғау






II басқышты сөндіргішті шамға жалғау



















III басқышты сөндіргішті шамға жалғау



4) Өзіндік жұмысты бастау: Шамдарды бекіту және оларды басқыштарға қосу.

Жұмысты бастамас бұрын мен сіздерді 3 топқа бөліп алғым келім отыр, өйткені біз қазір үш кабинкамен жұмыс жасаймыз. Білім алушыларға өзіндік қорытын- бағалау парақшаларын үлестіру.

1. Қыздыру шамдар

2. Доғалы сынапты шамдар

3. Люминесцентті  шамдар 

Әр топтағы білім алушылар үш кабинкада жұмыс жасайды.

а) білім алушылардың жұмыстарын бақылып, тексеріп тұру

б) жұмыстарды мұқият орындату

в) жұмысты орындау барысында қандай да бір қателік кеткен жағдайда жұмысты тоқтатып, қайта түсіндіру

1вариант


IV. Қорытынды нұсқаулық

  • Жаңа тақырыпты бекіту(білімалушылардың жасаған жұмыстарының нәтижесін қарап, талдау жасау,жасаған жұмыстарының сапасын сипаттау,еңбек тәртібі бойынша ескертулер жасау.)

  • Сабаққа белсене қатысқан студенттерді атап өту

  • Білім алушыларды толықтай бағалау

  • Білім алушылар өз қорытынды-бағалау парақтарын оқып шығу

  • Рефлексия

  • Жұмыс орнын жинау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
568
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12