2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Тәрбие - тал бесіктен"

"Тәрбие - тал бесіктен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие –тал бесіктен… Осы үш сөздің түпкі негізінде қанша мағына, қаншама тәрбие жатыр. Тәрбие дегеніміз – ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстайтын өнегесі,үлгісі, әдет – ғұрыпы менрухани байлығы.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Тәрбие – тал бесіктен»

Тәрбие –тал бесіктен… Осы үш сөздің түпкі негізінде қанша мағына, қаншама тәрбие жатыр. Тәрбие дегеніміз – ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстайтын өнегесі,үлгісі, әдет – ғұрыпы менрухани байлығы. Тәрбиелі жанның алдынан көптеген есіктер ашылары сөзсіз. Тәрбиелі адам  кез-келген ортада өз орнын таба біледі. Тәрбие отбасынан, ата-анадан басталады. Ұрпақтың тәрбиелі болып қалыптасуына  отбасының тигізер әсері мол. Ата-ананың ең басты қызметтерінің бірі –  өнегелі тәрбие беру.Баланың дүние есігін шыр етіп ашқаннан бастап тәрбие басталады. Содан да болар, тәрбие тал бесіктен басталады деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеумен бірдей екендігін ұғынып, қызды қырық үйден тыйыммен тыя білген. Осыдан келіп, қазақтың қызы ибалы, ізетті, иманды болған.Адамның баласының тәрбиесі өзінен емес. Ең алғаш адам көзін ашқанда-ақ оның әке-шешесі оған жүруді, сөйлеуді үйретіп,дұрыс азамат болып қалыптасуына ат салысады.Ал сол тәрбиенің тамырын бойымызға сіңіру қашанда өзімізге байланысты. Жалпы алғанда, бала тәрбиесіне көптеген дүниелер әсерін тигізеді: отбасы, қоршаған орта, білім ордалары, қоғам және жалпы ондағы мәдениет. Яғни, отбасында берілетін тәрбие балаға жеткіліксіз. Сондықтан, ата-анадан бөлек мектебі, достары, ағайын-туыстары, тіпті қоғам жауапты болып табылады. Кейде жөнсіз іс-әрекеттерді көрсек, «заман өзгерді» деп ой түйеміз. Өз мойнымызға жауапкершілікті алудан қашқақтаймыз. Бұдан келіп шығатын қорытынды: баланыі тәрбиесі – адамзаттың  ортақ ісі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақ халқының сөздерінде үлкен астарлы мағыналар біраз ой түйдіреді. Тәрбиесіздікпен алынған білім, адамның қас жауы. Бірақ, ешбір  орта жанұяңнан, ана мен әкеден алған тәрбиені алмастыра алмасы сөзсіз. Егер ата-бабаның ізімен, ананың жылулығымен берілген қасиеттері мол, ізетті ата-ананың тәрбиесін көрген жас буындар көп болатын болса, онда болашағымыздың жарқын болары  деген сөз.Болашағымыз айқын болсын десек, тәрбиемізді тал бесіктен түзейік.

Бердалы Назерке





Жариялаған:
Бердалы Назерке
05 Қараша 2024
102
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі