Материалдар / "Тәрбие -тал бесіктен"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәрбие -тал бесіктен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие -тал бесіктен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2021
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты»КММ

Сынып:7 «А»

Мерзімі:14.12.2020ж.

Тақырыбы:Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары (танымдық сайыс)

Мақсаты:Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге баулу. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет.» Ш. Уәлиханов.

Платформа:


г.Балхаш ОШИОТ Кыстаубаева Э. О приглашает вас на запланированную конференцию: Zoom.

Тема: Конференция Zoom г.Балхаш ОШИОТ Кыстаубаева Э. О
Время: 14 дек. 2020 04:00 PM Алматы

Подключиться к конференции Zoom
https://us04web.zoom.us/j/78224599610?pwd=YXA0WWN4MjU3ZmE2Q2R2dkxXQ0xEQT09

Идентификатор конференции: 782 2459 9610
Код доступа: Qe5JSD



1. Кіріспе.

Тәуелсіздік - қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ боп қонды. 1995 жылы 13 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласында ел тәуелсіздігінің белгісі ретінде Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады.

Егемендік иесі мен деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз.

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өссе көркем сөз.

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер,

Атажұрттың арғысы мен бергісі.


Егер тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп, әлпештеп, құрметтеп, ардақтайық! Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін, Отанымыз көркейсін!

2. Тәуелсіздік тарихнамасы.

Ел тәуелсіздігіне биыл 26 жыл толып отыр. Олай болса, сайысымызды бастамас бұрын тәуелсіздік тарихнамасына шолу жасайық.

1991 жыл – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы. Осы жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. ҚР Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

1992 жыл – Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті.

1993 жыл – ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1994 жыл – Халықаралық отбасы жылы.

1995 жыл – Ұлы ақын Абай жылы

1996 жыл – Бейбітшілік пен рухани татулық жылы.

1997 жыл - жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы.

1998 жыл – Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы.

2001 жыл – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл.

2002 жыл – Денсаулық сақтау жылы

2003 жыл – Ауылды қолдау жылы.

2004 жыл – Қазақстандағы Ресей жылы.

2005 жыл – Ұлы Жеңіске 60 жыл.

2006 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 15 жыл.

2007 жыл – Қазақ тілін қолдау жылы

2008 жыл – Астана - елбасы ерлігі.

2009 жыл – Германиядағы Қазақстан жылы

2010 жыл – Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ - ға төрағалық жылы.

2011 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл.

2012 жыл - Тұңғыш президент күні жарияланды


3. Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.

Әр топтың жеке таныстыруы.

Әр топ ,тәрбиешімен бірлесе отырып бір-бірін бағалап отырады.

1. «Жас қыран» тобы.

Ұраны: Білім, ғылым, өнерге талмай қанат қағамыз,

Қазақстандай ұлы елдің қырандары боламыз!

2. «Бәйтерек» тобы.

Ұраны: Бәйтерек, шық бүгін сайысқа,

Білімді сынауда қалыспа.

Көк туын құрметтеп сүйіп те,

Ел даңқын көтер сен биікке.




3. «Жас ұлан» тобы.


Ұраны: Жас ұлан ұмтыл, қашанда


Қырандай самға биікте.

4. Сайыс шарттарымен таныстыру.

1. Әріптер сөйлейді.

2. Сандар сыры.

3. «Тіл өнері»


Алғашқы бөлім «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.

А Ә Б Г Ғ

Д Е Ж З И К

Қ Л Н О Ө

П Р С Т У Ф Ц ь

А - Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы)

Ә – Абылай ханның шын есімі (Әбілмансұр)

Б - Астана қаласының символы (Бәйтерек)

Г - Мемлекеттік рәміз (гимн)

Ғ - Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ. (Ғасыр адамы)

Д - Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы (Дін)

Е - «Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қаласы маңынан)

Ж - «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Жұбан Молдағалиев)

З - Сиырдың пірі (Зеңгі баба)

И - Елбасымыздың мамандығы (инженер - металлург)

К - Қазақтың соңғы ханы (Кенесары)

Қ - Қазақтың инженер - геолог, академик, ғалым ұлы. (Қ. Сәтпаев)

Л - Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған қазақтың қаһарман қызы (Ләззат Асанова)

Н - Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы (Нұрғиса Тілендиев)

О - Қазақстанның бұрынғы астанасы (Орынбор)

Ө - Бес дұшпанның бірі (Өсек, өтірік)

П - Жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент)

Р - Бес асыл істің бірі (Рақым)

Т - Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел. (Түркия)

У - Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті (уыз)

Ф -«Екінші ұстаз» атанған ғұлама. (Фараби)

Ц - Астана қаласының бұрынғы атауы (Целиноград)

Ь - Бейжің олимпиадасының чемпионы, ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған спортшы.(Илья Ильин)

Келесі бөлім «Сандар сыры». Бұл бөлімде әр топ 3, 4, 5, 7 сандарына байланысты сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады.

3саны 10 - Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай)

10 - Үш арыс

20 - Үш байлық (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

20 - Үш қадірлі (Бақ, ырыс, дәулет)

30 - Үш тұл (Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, әкіртсіз ғалым)

30 - Үш алыс (Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы)

4 саны

10 - Төрт маусым (қыс, көктем, жаз, күз)

20 - Төрт тұлға (от, су, жер, жел)

30 - Төрт кітап (Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран)

30 - Төрт періште (Жәбірейіл, Мекайіл, Әзірейіл, Исрафил)

5 саны

10 - Бес парыз (Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық)

10 - Бес қару(садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

20 - Бес жаратылыс (Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түндіз)

30 - Бес өсиет (Топасқа сенбе, жайға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма)

7 саны

10 - Жеті күн (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

10 - Жеті ата (бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата)

20 - жеті қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы)

30 - Жеті жұт (Зілзала, жұт, оба, өрт, топан су, құрғақшылық, соғыс)

30 - Жеті жоқ (Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт)


Тіл – тіршіліктің тірегі. Сондықтан да тілге қатысты сөз бүкіл тіршілігімізге қатысты болуы керек. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы 3 тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» екендігін атап көрсеткен екен. Сондықтан тамыры тереңде жатқан ауыз әдебиетінен нақты айтсақ, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар осы бөліме сайыс ретінде өтеді. Мақалдың бастапқы жолын оқимын,сендер жалғастырасыңдар.Әр топтың оқушылары мақал-мәтелдің жалғасын немесе жұмбақтың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтуларыңыз керек.





Қалауын тапса -... жанар. (қар-снег-snow) Әке жүрегі таудан үлкен,


Көп түкірсе - ... (көл – озеро- lake) Ана жүрегі ... терең. (теңіз – море- sea)


Кең әлемді кернейді, Адал достық ... қымбат. (алтын-золото-gold)


Көзің бірақ көрмейді (ауа – воздух- air) Ағаш көркі - ...


Қанатсыз құс қалқып барадды, Адам көркі – шүберек. (жапырақ-листья-leave)


Көзінен жасы тамып барады (бұлт-облоко- cloud) ... инемен құдық қазғандай ( білім- знание- - )


... ойнама – батарсың, Қыстың киімін тастайды,


Отпен ойнама – жанарсың (су-вода- water) көктемде киіне бастайды. (ағаш – дерево-wood)



Соңғы сөзді әр топтан оқушыларға береміз.Құттықтау,тілектеріңді білдерсеңдер болады

Сайысты қорытындылау.


-- Shape1 Shape2



Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!