Материалдар / Тәрбие аясы және оның негізгі ұғмдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие аясы және оның негізгі ұғмдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзат дамудың қай кезеңінде болмасын өз ұрпағын тәрбиелеумен айналысып келеді. Өйткені адамзаттың жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс - әрекеті өзін - өзі тәрбиелеу деп аталады. Жеке адамның өзі - өзі тәрбилеуі қоршаған ортамен шынайы қарым – қатынас барысында жүреді. Қайта тәрбиелеу – бұл тұлға құрылымын түгелімен қайта құруға арналған тәрбиелік ықпалдар жүйесі. Оның барысында адамгершілік даму болады және қоғамдық моральдық талаптарға сай тұлға сапалары қалыптасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2022
253
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Сабақ жоспары


Тақырыбы: Тәрбие аясы және оның негізгі ұғмдары






Оқытушы: С. Ескалиева















Сабақтың технологиялық картасы


Пән атауы

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемсі

Курсы

3

Сабақтың нөмірі, тақырыбы

4 Тәрбие аясы және оның негізгі ұғмдары

Сабақтың мақсаты

Тәрбие процесі және оның негізгі ұғымдары туралы мәлімет беру. Тәрбиенің қолданылу аясын және оның маңыздылығын жеткізу.

Сабақтың міндеттері

білім беру

дамыту

тәрбиелік

  Тәрбие анықтамасы және ұғымдарының мәні туралы білім беру

Тәрбиенің адамзат өміріндегі маңызы туралы түсініктерін дамыту, жетілдіру 

Өзін өз тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, тәрбиелеу түсніктерін өздеріне қатсты дұрыс қабылдап, талдай білуге тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер (стендтер, плакаттар, кестелер, сызбанұсқалар, үлестірме материалдары )


Көрнекі тірек сызбалары: “Тәрбиелеу”, “Өзін - өзі тәрбиелеу”, “Қайта тәрбиелеу” ұғымдары

Сабақта қолданылатын электронды ресурстар (универсалды, Интернет желісі ресурстары, CD-ROM, бейнематериалдар,флипчарттар, презентациялар, электронды плакаттар, электронды оқулық және т.б.)

Электрондық оқулық «Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістмесі»

Сабақ презентациясы

Жабдықтармен және бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі (локалдық желі, интернетке қосылу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар)


Интернеттегі білім ресурстары

сайттар атаулары, адрестері

Практикалық-лабораториялық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар

Проектор, экран

Қолданылған әдебиеттер тізімі

С. Есқалиева, Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі, Фолиант, Астана, 2014

8-16 беттер






Сабақтың құрылымы

Сабақтың кезеңдері

Уақыты, мин

Сабақ кезеңдерінің мазмұны

Оқытушының қызметі

Студенттің

қызметі

Ұйымдастыру бөлімі

3

Студенттерді сабаққа икемдеу, сабақ тақырыбын презентация арқылы көрсету.

Студенттердің сабаққа қатысымын тексеру, журналды толтыру, сабаққа икемдеу, сабақ тақырбын хабарлау, көрсету.

Сабақт меңгеруге дайындалу, оқу құраларын реттеу

Жан – жақты білімдерін тексеру

7

Пәнге кіріспе. Педагогика курсы бойынша тәрбиеге қатысты сұрақтарды еске түсіру

Педагогика курсынан жалпы сұрақтар қойылады.


Қойылған сұрақтарға жауап беру. Еске түсіру

Үй тапсырмасын тексеру

-




Жаңа сабақ түсіндіру

60

Электрондық оқулық қолданылады.

Сабақ сүсіндіру барысында слайд түрінде тірек сызбасы пайдаланылады.

С. Есқалиеваның «Тәрбие жұмысының терориясы және ұйымдастыру әдістемесі» оқулығы қолданылады.

Жаңа тақырыпты ауыша баяндау. Студенттерге сұрақтар қоя отырып, жаңа тақырыпты ашуға белсендіру. Пікірлерін білдіруге шақыру, ынталадыру.

Оқулықпен жұмыс жасауын ұйымдастыру


Тыңдау, сұрақтарға жауап беру, өз ойларын білдіру. Оқулықпен жұмыс жасау, жаңа тақырып бойынша қажетті жерлерін конспектлеу.

Жаңа тақырыпты бекіту

15

Жаңа тақрыпты бекіту тапсырмалары.

«Мен не күтемін?» бланкасын толтыру

Бекіту сұрақтарын қою.

Студенттерге «Мен не күтемін?» балнкасын толтыруды ұсыныу

Сұрақтарға жауап беру.

«Мен не күтемін?» балнкасын толтыруд ұсыныу

Сабақты қорытындылау

5

Үйге тапсырма беру.

«Өзімді бағалаймын» шкаласын толтыруды түсіндіру

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорытындылау.

«Өзімді бағалаймын» шкаласын күнделікті толтыру ережесін түсіндіру

Үйтапсырмасын жазып алу. С. Есқалиева «Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі» оқулығы, 14 – 15 бет. Бекіту тапсырмасын орындау





Жан-жақты білімдерді тексеру тапсырмалары

Тәрбие дегеніміз не?

Тәрбие қоғамдық құбылыс дегенді қалай түсінесіз?

Әл-Фараби «Адамға ең алдымен білім емес тәрбие қажет....Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп неліктен айтқан? Себебі неде?

Педагогикада тәрбиенің қандай бағыттарын оқыдық?

Адамды жан – жақты тәрбиелеу дегенді қалай түсінесіз?

Дәріс материалдары


Тәрбие аясы және оның негізгі ұғымдары


  1. «Тәрбиелеу», «Өзін өзі тәрбиелеу», «Қайта тәрбиелеу» түсініктері

  2. Тәрбие негізі және оның ерекшеліктері

  3. Тәрбие шарттары мен факторлары


«Тәрбиелеу», «Өзін өзі тәрбиелеу», «Қайта тәрбиелеу» түсініктері


«Тәрбиелеу» педагогикалық құбылыс ретінде өзінің мазмұнында 3 негізгі құбылстарды қамтиды: бірінші – мақсаттылық; екінші – процесс барысының мәдени-әлеуметтік құндылықтарға сәйкестігі; үшінші - ұйымдастырылған ықпалдар жүйесінің болуы.

Тәрбие процесін ғылыми түсінудің негізі болып «тәрбиелеу» ұғымы саналады. «Тәрбиелеу» сөзінің түп нұсқасы – өмірге бейімделмеген, пәрменсіз нәрестені тамақтандыру, қоректендіру мағанасын білдіреді. Бертін келе «тәрбиелелу» термині өз маңызын арттырып, жаңа мазмұнға ие болды. Қазірде тәрбиелеу рухани маңызы ауқымды «қоректік» құбылыс ретінде қабылданады.

Адамзат дамудың қай кезеңінде болмасын өз ұрпағын тәрбиелеумен айналысып келеді. Өйткені адамзаттың жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді.

Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс - әрекеті өзін - өзі тәрбиелеу деп аталады. Жеке адамның өзі - өзі тәрбилеуі қоршаған ортамен шынайы қарым – қатынас барысында жүреді.

Жеке тұлғанының өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оны адамдар өміріндегі өзіндік тәрбиенің мәні, тұлғалық сапаларды дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру керек.

Қайта тәрбиелеу – бұл тұлға құрылымын түгелімен қайта құруға арналған тәрбиелік ықпалдар жүйесі. Оның барысында адамгершілік даму болады және қоғамдық моральдық талаптарға сай тұлға сапалары қалыптасады.

Қайта тәрбилеу барысында жеке тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, сезімдері мен еркі, түйсінулері мен қабылдауы, іс - әрекеті мен мінез – құлқы әлеуметтік-психологиялық және психологиялық – педагогикалық өзгерістерге түседі.

Қайта тәрбиелеу – бұл «қиын» балалармен жұмыс, олардың орынды сапаларын қалпына келту. Яғни педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалардың жүріс – тұрысындағы кемшіліктерін еңбектегі, спорттағы және басқа іс - әрекеттегі нәтижелермен толықтыру.




Тәрбие негізі және оның ерекшеліктері


Тәрбие тиімділігінің ең басты шарты - мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің нақты мақсатын анықтау, басқару және реттеу. Мәселен, оқу орындарының жүйесін құру – тәрбиенің әлеуметтік белгісінің бір көрінісі.

Жоғарыда айтылып өткен ғылымдар зерттеулерін өскелең ұрпақ

неғұрлым қысқа мерзімде меңгеруі тиіс. Бұл мәселені кәсіби тұрғыда жүзеге асыру ісімен арнайы оқу мекемелеріндегі пеадгог – кадрлері айналысуда.



Тәрбиенің шарттары мен факторлары

Жер бетіндегі өмір сүріп жатқан әрбір адам басқа мыңдаған адамдармен өте тығыз байланысты. Тәрбиелеуде бұл басты назар аударатын мән. Яғни адамды, оның мінез-құлығын және өмірлік құндылықтарын басқаларға ұқсата құру. Ашықтық, жеке даралық, тынбай еңбек ету - тәрбие ісін жүргіуде сақталуы тиіс қатаң талаптардың бірі. Бұл көрсеткіштер немқұрайлық жағдайында өмір сүре алмайды. Осыдан – тәрбие объектісі мен субъектісінің бір-біріне байланысы және оны толық көлемде қабылдау қажеттілігі шығады.

Тәрбиеде жоғары жетістікке жету үшін әсер етуші күштерге ерекше көңіл бөліп, оларға педагогикалық тұрғыдан анализ жасау керек. Бұл тәрбие процесін жүргізудегі негізгі шарттардың бірі.

Педагогикалық анализ толық болу және тиісті нәтиже беруі үшін оқушыға әсер етуші басты күштерді білу қажет. Мектеп тәжірибесінде анықталғандай тәрбиенің басты әсер етуші шарттары мен факторларына:

  • үй тәрбиесі (толық қамтылған жанұяда);

  • үй тәрбиесі (аз қамтылған жанұяда);

  • теледидарлық тәрбие (барлық жағымды және жағымсыздар);

  • асырандыларды тәрбиелеу мекемелеріндегі тәрбие (балалар үйінде,

ауруханаларда, интернаттарда);

  • көше (есік алдында) тәрбиесі;

  • мектеп тәрбиесі;

  • оқушы өмірінің күрделі образы (нақты жағдайлар кезінде);

  • өмір шарты бойынша әр түрлі ұлт өкілдерінің өмірлік ұстанған образдары (салт – дәстүрі, дағдылары, оқушының қоршаған ортасының

әдеттері, ұлттық ерекшеліктер, табиғи ортаның ерекшеліктері);

  • бұқаралық, ақпараттық коммуникация құралдары;

  • ұжымдағы шарттар және олардың ықпалы (салт – дәстүрлер, қоғамдық көзқарас, өнегелі нормалар);

  • ұжымдағы бастапқы әріптестік қиыншылықтар, өзара қарым-қатынас нормалары, ұжымдағы қарым – қатынас жүйесіндегі оқушының алатын орны;

  • тәрбиеленушінің жеке даралық және тұлғалық ерекшеліктері.

Тәрбиедегі өзге шарттар мен факторлар - тәрбиеленушінің, тәрбиешінің, оны қоршаған адамдардың, оқу және тәрбиелеу мекемелерінің іс- әрекеттері субъективті мазмұнға ие. Олар:

  • тәрбидегі жеке-дара ұйғарым;

  • тәрбиеге бейімділік, тәрбиелеуші ықпалдарды қабылдау қабілеттілігі;

  • тәрбие бағыты;

  • тәрбиеленушінің армандары, мақсаты, жетістігі;

  • тәрбиелеуші жүйелер;

  • тәрбиешілердің іс-әрекеттері;

  • тәрбие бағдарламалары;

  • тәрбиеленушінің тәрбиешімен рухани байланысы;

  • тәрбиешінің тәрбиеленушіге әсер ету күші;

  • тәрбиелеуші ортадағы моральдық – психалогиялық климат және басқалары.

Осы факторлардың кері әсері – оқушылар арасында тәртіптің бұзылуын, себепсіз сабақтан қалу, төбелестер секілді жағымсыз жәйттарды тудырады. Осы тұста оларға ескертулер жасаумен шектелу, шара қолдану тиісті нәтиже бермеуі де мүмкін.



Жаңа білімдерді бекіту тапсырмалары


Тарауды бекіту тапсырмасы

Нұсқау: сұрақтардың жауаптарын кестенің оң жағындағы жауаптар ішінен тауып беріңіз.

Бекіту сұрақтары

Жауабы

1

Жер бетіндегі тіршілік иесінің жоғары сатысы, қоғамдық – тарихи іс - әрекет, мәдениет субъектісі, іс - әрекет пен қарым – қатынас иесі.

Жеке тұлғаны қалыптастыру

2

Шынайы құбылыстармен бірлікте тұлғаны өзгерту процесі

Адам

3

Педагогтің кәсіби әрекетінде жие кездесетін құбылыс

Қайта тәрбиелеу

4

Ситуацияны түзетуге, реттеуге, қосуға, жоюға ұмтылыс

Қайта оқыту

5

Тұлға құрылымын түгелімен қайта құруға арналған тәрбиелік ықпалдар жүйесі

Өзін - өзі тәрбиелеу

6

Қайта ұғындыру – бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдерді қайта қарау әдісі.

Таңқалу және ренжу

7

Теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.

Мүмкіндіктер

8

Тұлғаның ұжым және қоғаммен қатынасының бұзылысын шұғыл қалпына келтіру әдісі

Педагогтің кәсіби реакциясы

9

Басқа әдістердің мүмкіншілігі сарқылғанда педагогикалық және әлеуметтік тұрғыдан өте қараусыз қалған жеткіншектер мен жасөспірмдерге қолданылатын педагогикалық әсер ету әдісі

Тәрбие

10

Әлеуметтік дамудың негізгі факторы

болып табылатын жоғары мәдениет пен жаңашыл өмір талаптарын өскелең ұрпақтың дұрыс түсініп, меңгерудегі педагогтің арнайы ұйымдастыратын ортасы

Күрт өзгерту

11

Тәрбиеленушіге өз түсінігінің қоғамдағы, отбасындағы, ұжымдағы жағымды идеалдарға, талаптарға, мақсаттарға қаншалықты сәйкес немесе сәйкес емес екенін аңғаруға көмектесетін объективті көрсеткіштер.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!