Материалдар / Тәрбие жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылдық тәрбие жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2024
34
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Болашақ» жоғары колледжі








БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

______________Сурашова А.С.

__”__________20 ж











2023-2024 оқу жылына

«Білім» кафедрасы


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


IІ – курс













Тобы: БҚБ-11г-22/1


Топ тәлімгері: Бахрамова Г.А.



2023-2024 оқу жылдарындағы жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі

КЕШЕНДІ ЖОСПАР


Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір-бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі» - дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін:

1) ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;

2) халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;

3) әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

1) ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу;

2) ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

3) жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

4) денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

1) ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «Қарашаңырақ», «Жеті ата», «Тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.

2) отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

3) әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

4) жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

5) тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.

Ұлттық құндылықтар: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап.

Ұлттық мүдде құндылығы:

1) Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;

2) Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;

3) ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

4) қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;

5) Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

6) қоғам игілігі үшін қызмет ету;

7) Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;

8) ұлттық мәдениетті дәріптеу.

Күтілетін нәтижесі:

1) отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл;

2) мемлекеттік рәміздерді қадірлейді;

3) елінің тарихын құрметтейді;

4) ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді;

5) құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары.

Ар-ұят құндылығы:

1) академиялық адалдық қағидатын қолдау;

2) адал еңбекті құрметтеу;

3) сөзіне берік, ісіне адал болу;

4) халқына адал қызмет ету

5) әдеп нормаларын ұстану;

6) шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну;

7) достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу мейірімділік таныту;

8) өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.

Күтілетін нәтижесі:

1) ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;

2) сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;

3) ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;

4) достарын, сыныптастарын сыйлайды;

5) кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.

Талап құндылығы:

1) сыни және креативті ойлау;

2) жеке және командамен жұмыс істей білу;

3) білуге, жаңаны тануға құштар болу;

4) физикалық белсенді болу;

5) салауатты өмір салтын ұстану;

6) технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;

7) дұрыс қарым-қатынас орната білу;

8) уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.

Күтілетін нәтижесі:

1) жан мен тән тазалығын сақтайды;

2) дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;

3) қоршаған орта тазалығын сақтайды;

4) ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;

5) ізденімпаз, жасампаз тұлға.

Облыстық әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері:

1) «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетеді;

2) оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді.

Білім беру ұйымы (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру) басшысы, меңгеруші (әдіскері), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

1) тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

2) тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

3) тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

4) тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

5) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтап, мектепішілік ережеге сәйкес аптасына бір рет (дүйсенбі) сынып сағатын сабақ кестесіне ендіру ұсынылады.

Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлар:

1) салауатты өмір салтына ынталандыру;

2) сыныпта ынтымақтастық ортаны, өзара түсіністікті құру;

3) білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей алуға ​​баулу;

4) ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған кеңестер);

5) білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;

6) аптасына бір рет (дүйсенбі) сынып сағатын өткізу.

Білім беру ұйымдары мен педагогтері:

1) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.

Облыстық, қалалық білім басқармасына қарасты Білім-инновация лицейлері мен Мамандандырылған білім беру ұйымдарын (Дарын) «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мазмұнын жалпы мектептерге толық енгізу мақсатында тірек мектептер ретінде бекіту ұсынылады.












қыркүйек – Білім айы

1 қыркүйек-Білім күні, сынып сағаттары

5 қыркүйек- А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл тазалығы» тақырыбындағы шаралар, шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл, қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылық: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл тазалығы»

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

«Тілдер» кафедрасы

2.

Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

«Білім» кафедрасы


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылық: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

«Сәлем, жаңа оқу жылы»

(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

2.

«Толық адам» ілімі («Жеткіншектің Жеті Жарғысы»)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

3.

«Ізгілікке қалам тартқан... жас ғұмыр» («Балалар кітапханасы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

4.

«Жасөспірімдер үшін кеңес: Буллингтің құрбаны болма!»

Білім алушылар

Ақпараттық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор


қазан – Алаш азаматтарын ұлықтау айы

1 қазан - Қарттар күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

25 қазан – Республика күні

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл

Алаш жұртының әйгілі перзенті, көрнекті қазақ ақындарының бірі, фольклоршы, ғұлама ғалым Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл

ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті ақын-жазушысы, ақыл-ойшысы, демократ ақыны Торайғыровтың туғанына 130 жыл

ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылық: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

«Медицина» кафедрасы

2.

Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

«АКТ және қызмет көрсету» кафедрасы

3.

С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

«Тілдер» кафедрасы

4.

Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

«Білім» кафедрасы


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылық: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

«Бір отбасы – бір кітап» («Балалар кітапханасы» жобасы)


Білім алушылар

Кураторлық сағат

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және Отаншылдық», «Менің сүйікті мектебім», «Менің алғашқы ұстазым» республикалық онлайн акциясы Bilim_quni хэштегі

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары,

куратор

2.

«Ұстаз! Сіздің алдыңызда ....» («Оқуға құштар мектеп» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары,

куратор

3.

«Жеке қауіпсіздік», «Үлкенге құрмет», «Өзін-өзі қорғау» нұсқаулықтары аясында бейнеролик челленджі

Білім алушылар

Постар, онлайн-челендждер

Жұмысшы мамандықтарын танымал ету бойынша «TikTok», «Instagram», «Facebook» және басқа да танымал әлеуметтік желілерде олардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін көрсететін посттар, онлайн челендждер мен роликтер дайындау

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

4.

«Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг»

Ата-ана, білім алушылар

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар және оқушылар буллинг және кибербуллингтің қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкіндігімен таныстырылады.

Ата-ана баласын келеңсіздіктерден баласын қорғау мәселенің өзектілігімен танысады.

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор


қараша – поэзия айы

15 қараша - Ұлттық валюта күні


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылық: талап

1.

«Ұлы дала перзентімін»

(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

2.

Білім алушылардың еңбекке баулуға тәрбиелеу

іс-шаралар

Білім алушылар

Өндірістік комбинаттарында еңбекке баулуға, тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларын өткізу

Тәжірибелік іс-шараға қатысу, күнделік толтыру

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

3.

«Менің ата-анамның жұмысындағы бір күн»

Білім алушылар

ашық сабақтар, сұхбаттар, эссе жазу

Ата-аналарының еңбек жолының үлгісімен «Менің ата-анамның жұмысындағы бір күн» тақырыбына (әкемнің немесе анамның) таныстырылымдары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

4.

«Өнегелі өмір»

(«Жеткіншектің жеті жарғысы»жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор


желтоқсан – «Қазақстан - ұлы дала елі»айы

16 -17 желтоқсан-Тәуелсіздіктің 32 жылдығы


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылықтар : талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

«Тарих пен тіл тамырлас» («Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)


Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

2.

«Шындық – ең жақсы саясат!»

Білім алушылар

Дөңгелек үстел

«Еңбек күні» тақырыбында білім беру ұйымдарында бір күндік іс-шара ұйымдастыру

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

3.

ТDХ форматында мотивациялық кездесу


Білім алушылар

ТDХ форматында мотивациялық кездесулер,шеберлік сабақтар немесе кездесулер

Білім алушыларға ТDХ форматында мотивациялық кездесулерді ұйымдастыру, соның ішінде өз еңбегімен жоғары нәтижелерге қол жеткізген табысты қазақстандық кәсіпкерлердің сөз сөйлеулерін ұйымдастыру,видеороликтер түсіру

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

4.

«Коуч-тәлімгерлік» жобасын іске асыру

Білім алушылар

Кәсіпқойлықты дамытуға бағытталған ТжКБ жоғары курс студенттеріне арналған «Коуч-тәлімгерлік» жобасын іске асыру

іс-шаралардың өткізілуі туралы есепті ресми интернет-ресурста орналастыру

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор







Қаңтар – «Ұлттық код» айы

қысқы демалыс


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылықтар : талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

Туған өлке ақындарының шығармалары

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

2.

«Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»

(«Ата-аналар мектебі» жобасы)

Әкелер клубы


Ата-ана сағаты

Ата-ана сағатының протоколы

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

3.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

(«Ұлттық мектеп лигасы»)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

4.

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор


ақпан айы – «Оқуға құштар мекемесі»

Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылықтар : талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

«Мақал-сөздің азығы,

жұмбақ – ойдың қазығы»

(«Балалар кітапханасы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

2.

«Тарихқа тағзым»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)


Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

3.

«Сен және Заң»

(«Жеткіншек-

тің Жеті жарғысы» жобасы)



Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

4.

Сабырлылық – асыл қасиет

(«Ата-аналар мектебі» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор


наурыз – Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу айы

1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мейрамы

27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылықтар : талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.


«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды»

(«Ата-аналар мектебі» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

2.

«Қарияға қамқорлық» волонтерлік көмек

Білім алушылар

Волонтерлік көмек көрсету

Волонтерлік көмек көрсету

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

3.

«Ізгіліктің бір ізі - алғыс айту»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)


Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

4.

«Сөз қадірі – өз қадірің» («Жеткіншектің жеті жарғысы»)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор


сәуір – Экологиялық мәдениет айы

12 сәуір - Ғылым күні


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылықтар : талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

«Ұлттық киім – ұрпаққа мұра»

(«Ата-аналар мектебі» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

куратор

2.

«Өрле Қазақстан»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбаса

ры,

куратор

3.

«Тиімді әрі пайдалы тамақтану негізі»

(«Ата-аналар мектебі» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

4.

«Әкелер күні» халықаралық мерекесі шеңберінде «Менің әкем – жақсы адам»

(«Ата-аналар мектебі» жобасы)

«Әкелер» клубы

Білім алушылар

Ата-ана сағаты

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор


мамыр – Бейбітшілік пен татулық айы

1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр-Отан қорғаушылар күні

9 мамыр-Жеңіс күні

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл


Іс-шараның атауы

Мақсатты аудитория

Ұйымдастыру түрі

Аяқталу нысаны

Білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын

мемлекеттік органның атауы

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Құндылықтар : талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

1.

«Тағдырыңның кілті – өз қолыңда!»

(«Жеткіншек

тің Жеті жарғысы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

2.

«Оқырмандар отбасы»

(«Ата-аналар мектебі» жобасы)

«Аналар мектебі», «Әкелер» клубы

Ата-ана сағаты

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

3.

«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!» («Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор

4.

«Жеңіс деген шат күлкісі баланың» («Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары

ҚР ОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор


Ескерту: Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда ұсынылған мақсат, міндеттер мен мазмұнын сақтай отырып, өңірдегі жергілікті ерекшеліктерді ескеру маңызды.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР ЕХӘҚМ – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

ҚР ЖБҒМ – Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі

ҚР МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР ҚМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ҚР ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

ҚР СЖҚІА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ҚР ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

ҚР ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

ҚР ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ҚХА – Қазақстан халқы Ассамблеясы

ҰБА – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!