Тәрбие мен тәрбиешілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие мен тәрбиешілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие мен тәрбиешілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие мен тәрбиешілік

(Мақала)

Әлем таныған ұлы педагог А. С. Макаренко: «Тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек» -деген екен. Қазіргі таңда педагогтарға айтылатын сын-ескертпелерді көп естеймін де, өзім бұрын ата-анамның «мұғалімнің айтқаны –заң, тыңдау керек, тәртіпсіз болмау керек» деген сөздерін есіме түсіремін.Расында қазір педагогтың емес, баласының сөзін сөйлейтін «заңгер» ата-аналар көбейіп кеткені жасырын емес. Бұл жерде тәрбиенің әлсіздігі жатыр, әрине!
Мен өз мамандығыма жай келген адамдардың қатарынанмын. Себебі қызы көп ата-ананың перзентімін. Отбасында 5 қыз, бір ұл болды. Інім ең кішкентай болғандықтан әкемнің қасында мал бағысуға көмектестіп, ер жігітше қолғабысымды тигіздім.Уақыт зырғып өте берді, тұрмыс құрып, 4 балалы ана болғаннан кейін оқуға бел шеше кірістім. Отбасындағы тәрбие мені тәрбиеші болуға итермеледі. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, мен ата –анамнан алған тәрбиені көпшілікке көрсетіп жүрмін деп ойлаймын. Мен тәрбиеленген орта жағымсыз әдеттерден аулақ болды, қатты ұрысу, бейпіл сөздер естімедім. Сондықтан болар ішкен адамды көрсем, не сырт адамдардың ұрысысып тұрғанын көрсем, тап бір маған айқайлап тұрғандай жүрегім дүрсілдеп, қатты қорқамын. «Өмірдің өзі ұлы мектеп» дегендей қанша адамдармен кездессем, үлкен болсын, кіші болсын олардан сабақ ала алдым. Бойыма қиыншылықтарды жеңетін күш-жігер жинай білдім.

Қолыма тәрбиеші мамандығының дипломын алғанда: «Менің өмірім енді басталды!» деген ой келді. Мен өз мамандығым арқылы өзімнің жаңа қырымды аша білдім. Ұжымдастарыммен дидарласу да үлкен бақыт екенін сезіндім! Оқу ешқашан да кеш емес екенін өз басыма түскеннен кейін мойындадым. Балабақшаның алдында тұрғанда «апайлап» өзіме қарай жүгірген бүлдіршіндерді көргенде мен мамандығымды кеш те болса дұрыс таңдағанымды түсіндім!

Алдымдағы бүлдіршіндерді – біреудің баласы емес, ел ертеңі деп танимын. Сондықтан әкемнен алған еңбекқорлық, шыншылдық, адалдық, қайырымдылық, қарапайымдылық пен анамнан алған шыдамдылық, қайсарлық, жауапкершілік, табандылық қасиеттерін тәрбиеленушілерімнің бойына сіңіруге жұмыстанып жүрмін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2020
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі