«Абай –дана, Абай- дара қазақта»
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Студенттердің туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
1-жүргізуші:
Құрметті оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі « Абай- дана, Абай- дара қазақта» атты мерекелік шарамызға хош келдіңіздіңіздер. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының алда жылғы 175 жылдық мерей тойына арналады.
2-жүргізуші:
Абай философ, заңгер, ақын, аудмашы, сазгер, дара ойшыл, кемеңгер, Абай жазба әдебиетінің негізін салушы, гуманист, қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А.С.Пушкиннің, Ю.М.Лермонтовтың, Л.Н.Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.
1-жүргізуші:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
– дегендей бүгін біз артында
өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы
сөз қозғамақпыз.
2-жүргізуші: Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей
уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим
болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.
Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай
ауданы, бұрынғы Семей облысында
өтті.
1-жүргізуші:
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе
жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ
оқыды.
2-жүргізуші:
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы
аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты
өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп
сайлайды.
1-жүргізуші:
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
2-жүргізуші:
Мұхтар Әуезовтың Абай жолы романынан үзінді тамашалайық.
(БОПмӘ-402 топ студенттерінің әзірлеген көрінісі)
1-жүргізуші:
Осындай қазақтың дара да дана ақынына өз жүрек жарды өлеңімен ортаға МДОжТ-201 топ студенті Айымжан ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Абай – ойшыл.
Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.
Қара сөздері терең ой мен
күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын
алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса қара
сөздерінен үзінді тыңдайық. (БОПмӘ-201 топ студенті Құндыз 6-қара
сөз)
2-жүргізуші:
Домбыра, мұнша шешен болдың
неге,
Күй толған көкірегің шежіре
ме?
Сыр қозғап ғасырлардан
жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе
ішегіңе,-
деп Абай атам жырлағандай ендігі кезекті күйге берейік.
1-жүргізуші: Абай –
ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс
тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы
–барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына
ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек
берелік.
«Өлең – сөздің паштасы, сөз сарасы» (МДОжТ-101студенті Ақбаян)
«Бреудің
кісісі өлсе, қаралы - ол» (БОПмӘ-101 студенттері Саяжан, Маржан,
Жанагүл)
2-жүргізуші:
Жанарында жұлдыз жанып тұрады,
Көрерменнің көңілінен шығады,
Мың бұралған біздің бишілер, -
қазақ биі.
(БОПмӘ-401студенттері)
1-жүргізуші:
Абай – сазгер.
Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан
сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше
бағалаған. Өзі де бірнеше ән
шығарған.
• Көзімнің қарасы
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Ата-анама көз қуаныш
• Желсіз түнде жарық ай
Хор «Желсіз түнде жарық ай»
1-жүргізуші:
Білім берудің жоғары
мектебінің деканы Абай Қабақбайұлы мен Педагогика және психология
кафедрасының меңгерушісі Алтынгүл Сарсенқызына сөз
береміз.
2-жүргізуші:
Абай – дара, Абай – кемел,
озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Осымен мерекелік шарамыз
аяқталды, назарларыңызға
рахмет.
Тақырыбы: «Абай – дара, Абай – дана
қазақта»
Мақсаты:
1. Оқушыларды Абай Құнанбаевтың өмірімен, өскен ортасымен, қарасөздерімен, өлеңдерімен, әндерімен, аудармаларымен таныстыру.
2. Шығармаларын түсініп оқуға, танып өсуге баулу, өмірін, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету.
3. Оқушылардың шығармашылық ойларын қалыптастыра отырып, ойлау қабілетін дамыту
Абай өлеңдерін жаттап, сөз қадірін білуге
тәрбиелеу
Көрнекілік: слайд, «Абай жолы» романы кітабы, т. б.
кітаптары.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім: Мұғалім сөзі:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес,
Мені мен менікінің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес,
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артына
өлмейтін сөз қалдырған Абай атамыз туралы сөз қозғаймыз.
Абай – дара, Абай – дана қазақта,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа.
Бар жазғаны даналық боп саналған
Жалғыздардың жалғызы ол қазақта.
«Абай жиырма жылдық ақындық еңбегінің ішінде көптен көп жазғаны
қоғамдық тақырыптар болды. Бір өлеңінде үйрен, ұғын, түзел деп
ұстаздық етіп жетектеймін десе, басқа бір өлеңінде түзелмегенге
күйініп, қиналып, ызамен сөйлеп, ұрсып, жерлеп, шенеп айтады. Тағы
бір топ өлеңінде қайғырып, күңіреніп, өкініп сөйлейді. Барлық
шығармаларының нәтижесінде Абай өз дәуірінің барлық болмысын айқын
суреттейді. Қоғамның ілгері басуына, еркін өсуіне бөгет жасап,
аяқтан алып отырған реакцияшыл бектерді сынайды, кекетеді. Қоғамды
ілгері сүйрейді. Мәдениетті боп өсу жолын арман етеді. Ол үшін
қоғамына оқы, үйрен, еңбек қыл, өнер тап деп үндейді. Айтылған
кемшіліктердің барлығын бейбіт жолмен, үгіт арқылы жүзеге асырғысы
келеді» - деп жазады М. Әуезов өз
жазбаларында.
ІІ. Негізгі
бөлім:
І. «Абайдың өмірі туралы» оқушылар сөзі.
1-оқушы:

ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.
2-оқушы:
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр
биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі
Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан
Бошан руынан тарайды.
3-оқушы:
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше
ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне,
сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар
ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала
қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды.
Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан
өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе
берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып
өсті.
4-оқушы:

Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде
14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ
оқыды.
5-оқушы:

6-оқушы:
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы
істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез
меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб,
парсы, түркі тілдерін үйренді.
7-оқушы:
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен,
оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс
достары Грось пен Михаэлис болды.
8-оқушы:
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов,
Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи
отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен.
Бұл да Абайдың даналығы.
9-оқушы:
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы,
өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің
алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
Абай – ақын.

ықпал етті.
Абайдың өмір тарихынан қысқаша үзінді (видеоролик)
Балалар биыл Абай атамыздың туылғанына неше жыл?
III. Биыл Абай атамыздың туылғанына 170 жыл
(видеоролик)
IV. Абайдың қарасөздерінен үзінділер
айту:
1 - оқушы: Адам баласын замана өстіреді, кімде - кім жаман болса,
замандасының бəрі виноват.
2 - оқушы: Биік мансап — биік жартас.
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады.
Екпіндеп ұшып қыран да шығады.
3 - оқушы: Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кəріден
Еңбегін сатқан бала артық.
4 - оқушы: Жаман дос — көлеңке,
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт шалса,
Іздеп таба алмайсың.
5 - оқушы: Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол
6 - оқушы: Əкесінің баласы — адамның дұшпаны.
Адамның баласы — бауырың.
7 - оқушы: Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
8 - оқушы: Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің,
бағың өскен соң — өзің ғана тілейсің.
9 - оқушы: Күллі адам баласын қор қылатын үш нəрсе бар. Сонан
қашпақ керек: Əуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшінші —
залымдық деп білесің.
10 - оқушы: Надандық — білім - ғылымның жоқтығы, дүниеден еш
нəрсені оларсыз біліп болмайды.
11 - оқушы: Білімсіздік хайуандық болады.
12 - оқушы: Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бəрі осыдан
шығады.
13 - оқушы: Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан
болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына
қосылады.
Жақсы балалар, Абай атамыздың неше қара сөзі бар?
Ендеше сол бір қара сөздерінің бірінен төртінші қара сөзіне назар
салайық.
Видеоролик: Абайдың төртінші қара
сөзі
V. видеоролик: Абайдың ата - бабасы,
балалары.
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең ,менше сүй ,-деп Абай атамыз
айтқандай «Желсіз түнде жарық
ай» әнін айту(хормен)
Жас
шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан мен
кәрі әжесі Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр,
әңгімеге әуес болып, әжесі мен анасы айтқан
ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі.
-Абайдың балалық шағына көз жүгіртейік.
Абай атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп
шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа
бір ермек, бір бөлек бір дос тапты.Онысы әсіресе әжесі,одан қала
берсе, шешесі.
Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен
әңгіме айтуды сұраған еді.
Ойланып отырған әжесі:
-Е,е бұлдыр-бұлдыр күн өткен бұрынғыда кім өткен......(Әжесі мен
Абай сөйлесіп отырады)
Абай соны ұғып , келесі жолы әңгіме
сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып,:
-Е,е .... бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрынғыдан кім өткен?-деп әңгіме
тыңдағысы келгенін білдіруші еді.
Шеше әңгімелерін бар пейілін беріп жүргенде
күндердің күнінде бұл үйге екі бөгде қонақ
кеп қонды. Бірі - қартаң, бірі жас қонақ.
Қонақтармен жай сұрасып,амандасып болған соң,Ұлжан Абайға
жымиып:
Ұлжан: -Ал,балам,әжеңмен екеуімізді қажи беруші едің, жырдың
дүкені,міне,жаңа келді.
Мына кісі- Барлас деген ақын.
Барлас: -Е ,балам, шешенің судай төгілген,тыңдаушың бордай
егілген»,-дегендей сөйлеуді де,
тыңдауды да сүйген ел -елдағы.Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға
Байкөкше де жалықпас,-деп
жолдасына қарайды.
Осы түнде ас піскенге дейін Барлас «Қобыланды »
жырын жырлады.
Ертеңінде Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді.
Ұлжан: -Жүрмеңдер,асықпай,әлі біраз күн қонақ боп жатып
кетіңдер,-деді.Бұл-Абайдың тілегі еді.
Абай күндіз де,түнде де Барластардың қасынан шықпайды.
Барлас пен Байкөкше бір айдай Абай үйінде болады.
Ұғымтал,зеректігіне қатты риза боп, Барлас
оңашада Абайға:
Барлас: -Шырағым ер жетерсің,
Ер жетсең,сірә,не етерсің?!
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң шыңға жетерсің,-деп домбырасын ұсынады.
Ұлжан: Тағы да келе жүріңдер.Анау кәрі әжесі мен бізді де көп
сейілттіңдер! Жолдарың болсын! Келген сапарларың тыста бір азырақ
ырым байлаттым. Ала кетіңдер.Риза,қош боп аттаныңдар!
(Абай тысқа шығып,Барластарды аттандырды) Абай риза боп қуанып
кеп,анасын қысып,белінен,мұрнынан сүйді.
Қуанышты көңілмен, Барлас пен Байкөкшенің
өнеріне сүйсініп Абай қатты қуанып, ұйқыға кетеді.
(Қалғып кеткен Абай түс көреді)
Абай өзінің алғыр, дарындылығының арқасында,кітапты
көп оқып өз бетінше көп ізденеді. Соның нәтижесінде шығыстың
классик ақындары Низами,Сағди, Хафиз,Науаи,Физули шығармаларын
қызыға оқиды. Басқа да әдеби мұралармен,қисса, дастан, ертегілермен
осы кезде танысады.
Зерек Абай медресе бағдарламасындағы діни біліммен ғана
шектеліп қалмай, араб,парсы,түрік тілдерін игеру нәтижесінде шығыс
классиктерінің шығармаларын оқып үйренеді.
Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей,ел билеу
ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл болыс, 6 жыл би болып қызмет
атқарады.Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне үңілген сайын,
адам жаны тебіреніп,сезім көкжиегі кеңейіп,бар болмысы сөзбен айтып
жеткізе алмайтындай ләззат алады.
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан
адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алмаған ,адами рухты
сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы
өлеңдерінің бірі
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне кезек берсек.
-
Бекжан «Ғылым таппай мақтанба»
-
Т.Райымебек «Жаз» .
-
Дайана « Күз»
-
Гүлзат « Қыс»
-
Ақбота: «Жазғытұры»
VI. Қорытынды бөлім: слайд
арқылы
Абай – ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің, қазақ тілінің негізін
қалаушы, философ, композитор, күйші, аудармашы, саяси қайраткер,
қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Барша қазақ баласы Абайды тануға,білуге,Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы
ақын өз халқын өркендеген,өскен,еркін халық ретінде көруді арман
еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз.
Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін
бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы
Абай данышпанымыздың «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты тәрбие
сағатымыз осымен аяқталды. Көңіл қойып,тыңдағандарыңыз үшін көп
рахмет!
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі.
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Жүргізуші:
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған,
Жырымен жан сусынын қандырған.
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған.
Ерте оянып, ойланып, ержеткен,
Талабын тас қияға өрлеткен.
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,
Үнінен әділдіктің лебі ескен – бұл балалар кім болды екен? (Абай атамыз)
Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз.
Сахнаға Абай шығады. (Қабыл)
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.
Жүргізуші:
– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
-
Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
-
Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
-
Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
-
Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
-
Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
-
Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
-
«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).
9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
10.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).
-
«Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
-
Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)
-
Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау е
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағат "Абай –дана, Абай- дара қазақта"

шағым қалдыра аласыз