Тәрбие сағат «Мейрімділік – асыл қасиет»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат «Мейрімділік – асыл қасиет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар , ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір – біріне жылы жүзбенқарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар. Күлімдеп күн бүгін ( қолдарын көтереді). Қарады маған да ( қолдарын кеуделеріне қояды). Күлімдеп күн бүгін ( қасындағы балаға қарайды). Қарады саған да Шуақпен төгіліп нұр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

57 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі:Эжемова Мукаддам Тургунбаевна


Тәрбие сағат : «Мейрімділік – асыл қасиет»

Мейрімділікті анадан үйрен.

Халық даналығы.


Мақсаты: Балалардың « мейрімділік », « қайрымдылық » құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Мейрімділіктің адамөміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

  • мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,оқулық, жүрекшенің үлгісі.


Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:

- Балалар , ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір – біріне жылы жүзбенқарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін ( қолдарын көтереді).

Қарады маған да ( қолдарын кеуделеріне қояды).

Күлімдеп күн бүгін ( қасындағы балаға қарайды).

Қарады саған да

Шуақпен төгіліп нұр.

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

  • Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейрімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір – біріне деген мейір шапағаты - әдептілік белгісі.

Тыныштық сәті

( Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейрімділік сәзімін сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Оқулықпенжұмыс. Әңгімелесу

« Сары тауық пен балапандар»


Мейрімділіктің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жұмысы ұйымдастырылады.

Оқулықтағы мәтінді оқушы әңгімелейді.

Оқушылардың мейрімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.


- Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

  • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

  • « Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады » дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ал сендер мейрімділікті, қайрымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

  • Сендер біреуге мейрімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.



Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға « Мейрімділікті анадан үйрен » деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінімшз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейрімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

Ойын.

Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін « Мейірімді жүрек » атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Ысалы, Сен мейрімдісің!; Сен кішіпейілдісің!; Сеен әдемісің!; Сен қайрымдысың!; Сен ізеттісің!

Үй тапсырмасы

Бірінші тапсырма: Дәптерде берілген жүрекшенің ішіндегі бос жолдарға « Мен мейрімді боламын. Өйткені ..... » тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады.

Екінші тапсырма: Әңгімені оқып, мәтін мазмұнында берілген адами асыл қасиеттерді өз бойларыңа сіңіре біліңдер.

Сабақ соңында балалар адамдарға, айналасына мейірімді екендіктеріе жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейрімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

  • Күлімдеген күн мейірімді!

  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

  • Таза мөлдір су мейірімді!

  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қадірлі әкем мейірімді!

  • Әлпештеген әжем мейірімді!

  • Еркелеткен атам мейірімді!

  • Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

  • Тату тәтті достарым мейірімді! және т,б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.06.2018
604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі