Сабақтың
тақырыбы: "Салауатты өмір
салты"
Сабақтың
мақсаты: Білімділік: Салауатты өмір салтын сақтау,
денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі таза ауада жүру,
спорттық жаттығулар, дұрыс тамақтану, тазалық екенін оқушыларға
ұғындыру.
Коррекциялық: Өз денсаулықтарына
жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойлау
қабілеттерін арттырып, сөйлеу шеберліктерін
жетілдіру.
Тәрбиелік: Өз денсаулығын күте білуге,
тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын
қалыптастыруға тәрбиелеу.
Әдіс –
тәсілдер. Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу,
ойын, тақпақтар.
Көрнекіліктер. Күннің суреті, тағамдар
суреті, сүт суреті, слайд.
Алдын-ала
жұмыс: мақал-мәтел, тақпақ
жаттату.
I.Тәрбие сағатының
барысы.
Оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру.
Тәрбиеші. Балалар бүгін бізге қонақтар келді, қане қонақтармен
амандасайық. Балалар амандасады. Білесіңдерме балалар сендер
тек-тентек амандасып қойған жоқсыңдар, бір- бірлеріңе денсаулық
тіледіңдер. Сәлеметсізбе деген сөздің мағынасы деніңіз сау ма
дегенді білдіреді.
II. Кіріспе
сөз.
Біздің де өмірімізді
жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі
басты байлық не деп ойласыңдар?Иа, дұрыс айтасыңдар денсаулық. Бүгінгі
тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек
денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы
деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі,
көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың
белгісі.
- Балалар шығып
денсаулык жайлы тақпақтарымызды айтайық. Ардашер:
Денсаулық
ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Тазалықты
іздесең, Ас ішуге
тұрайық
Айна,тарақ керегі. Қолымызды
жуайық
Бірі тарап шашыңды, Сабын, суды
аямай
Екіншісі көреді. Тазалықты
ұғайық
Жуын тамақ
алдында,
Жуын тамақ
соңында,
Жуын ұйықтар
кезіңде,
Жуын тұрған
мезгілде.
Балалар мен сендерге
кішкентай құпияны айтайын, біздің денсаулығымызды мына күн мен
теңестіруге болады, мынадай көп сәулелері бар, осы сәулелер біздің
ішімізде, денімізде. Мысалға 1-ші денсаулықтың сәулесі .
Жұмбақ.
Керегінше әрқайсың
Сіміресің қанбайсың
Онсыз жерде он минут өмір сүре алмайсың. Ауа
- Балалар бәріміз білеміз ауасыз өмір сүре алмаймыз. Ауамен құста,
адамда, өсімдікте, жануарларда демалады.
- Қане тексеріп көрейік, бәріміз терең демалып, алақанымызбен
мұрнымыз бен аузымызды жабайық, нені сезіндіңдер? ауасыз демала
алмаймыз. Балалар айтыңдаршы мысалға жаттығу жасағаннан кейін неге
демдерін шығарып тыныс алады, біздерде жасап көрейік.
- Балалар ауа қандай таза болса біздің денімізде таза және көп
ауырмаймыз. Ал егер ауа лас, шаң, түтін болса біздің деніміз таза
болмайды.
- Яғни, бұл сәулеміз қалай аталады екен. Деніміз сау болу үшін ауа
таза болу керек.
-Ал енді келесі
денсаулығымыздың сәулесі қалай аталатынын айтайын
ол-
күш.
-Қандай адамдардың күші көп деп ойлайсыңдар? айтшы сенің папаңның
күші көп па? ал сеніңше. Ал сол күш қай жерімізде болады? Ол біздің
қолымызда болады,қане қарайық.Сендер күнде жаттығулар жасасайсыңдар
ма? Сендер солай істеп журсіңдер. Балалар жаттығу адамға көп күш
береді, денсаулықты мықты қылады.
II. Сергіту
сәті.
Қоян, қоян
тұршы,
Беті қолыңды
жушы.
Айнаға
қарашы,
Шашыңды тарашы.
Жарайсыңдар балалар бір сергіп алдық! Енді біздің денсаулығымыздың
келесі сәулесін көрейік , ол денсаулықтың досы –
тазалық. «Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі»,- дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді бекер
айтпаған. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке
әрқашан құлшына кіріседі. Әрбіріміз өз денсаулығымыздың мықты болу
үшін жеке бас гигиенамызды ұстануымыз керек. Енді ойын ойнап
көрейік.
Ойын: Сыйқырлы қапшық.
Ойынның шарты: ойыншылардың көздері байлаулы болады, кезекпен
келіп, қапшықтың ішіндегі заттардан біреуін таңдап алады да сипап
сезу арқылы заттың атын айту керек және алған заты адамға несімен
пайдалы екенін айтуы тиіс.
- Балалар, бүгін біздің
тазалық туралы «Денсаулық қайда жасырынды» тақырыбында тәрбие
сағатымыз болатынын біліп, арнайы келіп отыр. Ол тазалықты өте
жақсы көреді және тазалық заттары оның достары. Оны кім деп
ойлайсыңдар? Кірқоймас. Бізбен бірге ол денсаулықты табуға
көмектеседі.
Кірқоймас: Өмірде,
тұрмыста тазалықты сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай.
Әр түрлі жұқпалы аурулар адамға микробтар арқылы таралып шаң -
тозаңмен бірге көтерілетіні баршамызға белгілі. Сондықтан сендердің
сабақтарыңа тазалық талапқа сай келе ме, жоқ па білу үшін келдім.
Мен тазалықты өте жаксы көремін.
- Балалар біз
кірқоймасқа тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін
білетініміз көрсетейік. Казір ортаға үш бала шыға қойыңдар. Пазлы
құрастыру(щетканың, жөкенің сабынның суреттері). Ал басқаларымыз
денсаулық туралы мақал-мәтелді айтайық?
1. Тазалық- денсаулық кепілі.
2. Дені саудың- жаны сау.
3. Денсаулық -зор байлық.
4. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
5.Денсаулығы сәбидің- қуанышы әр үйдің.
- Өте тамаша
балалар!
Кірқоймас: Көп
мақал-мәтел біледі екенсіңдер. Сендер енді менің бірнеше сұрағыма
жауап беріңдерші:
Оқушылар қолдарын
көтеріп жауап беру керек
1.Тіс тазартатын
құралдар (тіс щеткасы мен паста)
2. Тісті күніне неше рет
тазалауымыз керек (екі рет)
3.
Тамақтан алдын және кейін не
істеу керек? (қол жуу
керек)
4.Тазалық кепілі
(денсаулық)
5. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене
тәрбиесі)
6. Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
7. Денсаулықтың достарына
нелер жатады? (тазалық)
Сендермен мен бір ойын ойнағым
келіп тұр. Ойын: Пантомимо.
- Балалар сендердің
дендерің сау болып, үлкен болып өсіп жетілу үшін тағы бізге пайдасы
бар тамақ тамақ жеу керек. Ал енді пайдалы тағамдарға не
жатады?
Келесі біздің денсаулығымыздағы сәулеленің бірі-
дәруменді, пайдалы тағамдар.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға тағы бір қонағымыз бар пайдалы
тағамдар жөнінде бізге өте қызық та пайдалы мәлеметпен бөлісуге
келді. Пайдалы тағам маманы:
- Сәлеметсіңдерме
балалар! Сендер қалай ойлайсыңдар пайдалы тағамдарға не жатады?
Тамақты уақытында және үйлесімді қоректену
керек. Сонымен қатар
біздің денсаулығымызға қажетті нәрсе бұл –
дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу
керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың
құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне,
ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына
көмектеседі.
Суретке қарағдаршы не
көріп тұрсыңдар ? Сиыр бізге не береді. Мінекей сүт береді,
білесіңдерме балалар сүт адамға әдемілік, күш, денсаулық береді,
сүтте ф және к дәрумені бар, фтор және калци, сондықтанда сүтті,
айранды көп ішкен жөн.
Сүттен әр түрлі сүт тағамдарын дайындайды. Енді бәріміз ойын
ойнайық
Ойын. « Алқа»
Оынның шарты: сүттен дайындалатын тағамдарды айтқан бала ортаға
шығып тұра береді, сонда үлкен алқа болып
шығамыз.
Үлкен рахмет айтамыз
маманымызға бізге осылай көрсетіп түсіндіріп
бергеніне.
Балалар енді орнымыздан
тұрып бір-бірімізге мұқият қарайықшы,неге бәрің күліп, жайнап
тұрсыңдар, көңіл-күйлерің қандай? (жақсы)
Мінекей біздің
денсаулығымыздың келесі сәулесі Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр демек
демекші- жақсы көңіл-
күй екен. Барлық уақытта адамдарға
жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. Адамның ішкі ойы
таза болса, дені де сау болады. «Өзгелерге денсаулық тілеп,
жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады». Қараңдаршы күн де сендерге
қарап күліп, қуанып тұр, себебі біз денсаулықтың қайда жасырынғанын
таптық. Сендер енді білдіңдер денсаулығымыз біздің күнде жаттығу
жасап денемізді шынықтырып, уақытымен ұйықтап, үнемі жеке бас
тазалығын сақтап өз-өзімізді күте біліп, дұрыс тамақтанып әрдайым
күліп жүрсек денсаулығымыз мықты болады. Балалар денсаулық басты
байлық. Осы денсаулығықтарыңды сақтап, жүріңдер.
Бекіту
кезеңі:
- Балалар, біз бүгін
қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(таза жүру, жаттығу
жасау.)
- Сіздер, қандай азамат
болып өсулерің қажет?(Дені сау,таза, ақылды болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын
атайықшы.
Қорытынды:
- Ал, балалар,
деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай
тұрып алдын ала сақтанудың және қандай тағам жеу керек, қоршаған
дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп
ойлаймын. Сабағымызда өз мәресіне келіп жетті.( Қонақтармен
қоштасу.)