Материалдар / Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Зал тақырыпқа сай безендірілген. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақтың халық әндері» атты түрлі-түсті плакат ілініп, шарлармен безендірілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2023
273
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оспанова Ұлжалғастың «Қазақтың халық әндері» атты ашық тәрбие сағаты сценарийі



Зал тақырыпқа сай безендірілген. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақтың халық әндері» атты түрлі-түсті плакат ілініп, шарлармен безендірілген.


Оқушылар ансамблі « Әләулім-ай»


Аяжан: Ән мен күйді төгілтіп

Інжу-маржан шашайық.

Қонақтарды тамсандырып,

Өнерді күмбез жасайық.



Анелья: : Армысыздар ардақты ұстаздар,оқушылар және де қонақтар. Бүгінгі біздің «Қазақтың халық әндері» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Анелья: Бойымды қазақ қаны билеген,
Қос ішегі бір-біріне тимеген,
Қазағымның домбырасы күй тартса,
Тебіреніп, ерекше бір күйге енем.

Аяжан: Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Үйреткен даналыққа, адалдыққа

Сен деген - жігерлі де нәзік әнсің!


Халық әні «Ақерке» орындайтын Ғалымбекқызы Нұрсезім.

Әсем әнді қабыл алыңыздар!


Анелья:

Ән – халық мұрасы . Халық әндері сарқылмас қазына. Оны жәй ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар.Ең алдымен , ән - өнер. Ән – адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы , қуанышы мен жұбанышы . Ән – табиғат суреттемесі. Ән – халық өмір айнасы .


Қабыл алыңыздар!

Халық әні « Сәулем-ай» . Орындайтын : Абдрахман Сымбат.

Аяжан: Халық әндері туралы қысқаша мәлімет айтар болсақ ауызша дәстүрмен сақталған және қоғамға таныс, қандай да бір ұлтпен этникалық топ адамдарына арналған ерекше әуен. 17 ғасырда халық әуендері бірте бірте қоғамнан алшақтап, кейін 18 ғасырда музыка өнеріне деген қажеттілік қайтадан туындайды. 19 ғасырда халық әуендері «ұлттың игілігі» деп есептелініп, мәдени поэзия мен әндермен қатар тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бар әлемде халық әндерінің мұрағаты пайда болды.


Келесі тыңдайтын әндеріңіз халық әні «Желбір жекен».

Орындайтын: Арысбай Асылжан. Қабыл алыңыздар!


Анелья: Мұңға батқан жүректі ән оятар

Тәтті үннің әсері жан оятар

Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап

Жас балаша көңілді жадыратар


Халық әні «Тайбурылдың шабысы ай».

Орындайтын: Тазабек Кәусар. Әсем әнді қабыл алыңыздар!

Аяжан:

Халық әні «Күміс құмған ай».

Орындайтын: Әлайдар Бақнұр.


Анелья:

Арайланып әрбір таңымыз

Арайланып әнмен сәніміз

Туған жердің төсінде тұрып,

Шырқатайық қане бәріміз.


Халық әні «Гүлдерайым».

Орындайтын Алтынбекова Саардана.


Аяжан:

Халық әні «Тойбазар».

Орындайтын Сламбек Әлихан.


Құрметті ұстаздар осымен біздің «Қазақтың халық әні атты» тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!




БАҒДАРЛАМАСЫ:





Оқушының

аты- жөні

Авторы

Шығарма аты

сын

Ұстазы

1

Оқушылар

ансамблі

Халық әні

«Әләулім»

2,3

Оспанова Ұ

2

Ғалымбекқызы

Нұрсезім

Халық әні

«Ақерке»

3

Оспанова Ұ

3

Абдрахман

Сымбат

Халық әні

«Сәулем-ай»

3

Оспанова Ұ

4

Арысбай

Асылжан

Халық әні

«Желбір жекен»

2

Оспанова Ұ

5

Тазабек Кәусар

Халық әні

«Тайбурылдың

шабысы»

2

Оспанова Ұ

6

Әлайдар Бақнұр

Халық әні

« Күміс құмған ай»

3


Оспанова Ұ

7

Алтынбекова

Сардана

Халық әні

«Гүлдерайым»

1

Оспанова Ұ



8

Сламбек Әлихан


Халық әні

«Тойбазар»

2

ОспановаҰ






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ