Материалдар / Тәрбие сағаты: Ата - ананы қадірлеу парыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Ата - ананы қадірлеу парыз

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ата - ананы қадірлеу парыз" тақырыбындағы жалпы мектеп оқушыларына арналған тәрбие сағаты. Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
481
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-ананы қадірлеу – парыз


Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Білімділік: оқушыларға     “отбасындағы        сүйіспеншілік”  ұғымы  туралы түсінік беру.    Әке, ана, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау дағдысын   қалыптастыру,  жүйелі  сөйлеуге  үйрету,   пәнге   қызығушылығын    арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.

Тәрбиешілік: сыйластыққа,   мейірімділікке,   татулыққа,   қамқорлыққа    тәрбиелеу.  

Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру, танымдық ойындар.

  Көрнекіліктер: суреттер, слайд, нақыл сөздер


Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.

«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.

Жаһандану қазақ қоғамын құрдымға батырып бара жатқандай. Бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды үрдіске айналдырған. Бұл –өте үлкен қасірет.

Аңыз.

Бір күні ардақты пайғамбарымыздың алдына бір әйел келіп:

- Сіздің жақын сахабаңыз әрі сырласыңыз болған Алқама қатты қиналып, өлім төсегінде жатыр, - деп хабар береді. Пайғамбарымыз Әбу Бәкір садық пен Біләл азаншыны жіберіп, Алқамадан хабар алуды бұйырды. Әбу Бәкір келіп, Алқамамен сұхбаттасқанда, Алқама сөйлеп, өзінің жайынан хабардар етеді. Алайда тілін кәлимаға келтіріп: «Лә иләһа иллаллаһ» деп айта алмады.Бұған таңырқаған пайғамбарымыз өзі келіп көреді. Бар жайдан қанық болған соң сахабаларына қарап:

- Бұл Алқаманың анасы бар ма? – деп сұрайды. Сахабалар:

- Әкесі ертеректе дүние салған, анасы болуы керек, - деседі.

- Ол анаға хабар беріңіздер. Егер келе алса, менің құзырыма келсін, келе алмаса, өзім барайын, - дейді. Хабарды алған Алқаманың анасы:

- Пайғамбарымыздың алдына өзім барамын, - дейді. Сыртта көлеңкеде ауырып жатқан баласының жанынан өтіп барып, тіке Пайғамбардың алдына келіп сәлем береді. Пайғамбарымыз одан:

- Сіздің балаңыз Алқама қандай бала еді? –деп сұрақ қояды.

- Балам жақсы, сіздің маңайыңызда қызмет атқарады, - дейді. Сонда Пайғамбарымыз:

- Жоқ, сізбен мәмлесі қандай еді? – дегенде:

- менің баламнан көңілім қалғаны қашан, бұл баланы балам деп ұмытқалы көп уақыт болды, - дейді де, көз жасын тыя алмайды. Себебін сұрағанда:

- Баламның сәби кезінде әкесі дүние салды. Жесірліктің тауқыметін тарттым. Күйеуге де шықпадым. Осы жалғыз балама өгей әкесі көзін тігіп, қабақ шытып қараса, жүрегім бұл жағдайға шыдай алмайтынына сендім. Балам өсіп, азамат болды. Үйлі болды. Бірақ сол күннен бастап бар тәтті тамақты әйеліне тасыды., бар жылы сөзді әйеліне арнады. Осы жағдайларды көріп, бір үйде тұра алмайтынымды білген соң, жүгімді жинап, кетуге даярландым. Сонда балам: «анашым, сіз мені бағып-қаққан едіңіз, енді қайда барасыз?» деп сұрауға да шамасы келмей, баратын үйіме жүгімді көтеріп, апарып берді. Міне, сол сәттен бері аналық мейірім - махаббатым бұл балама теріс болды. Пайғамбарымыз:

- Балаңыз жалған дүниемен қош айтысқалы жатыр. Ризалығыңызды білдіріңіз, - дейді.

- Разы емеспін,- деп ана қайталайды. Сол сәтте пайғамбарымыз сахабаларына:

- Отын жиыңдар да, үлкен алау жағыңдар! Анасын нариза еткен баланың отта жануын анасы мен баршаларыңыз көріңіздер! – деп бұйырады. Сонда Алқаманың анасы:

- Ей, Расулалла Пайғамбар, балам жанғанша, сол отта мен жанайын, балама разымын, разымын,- деп бірнеше рет қайталайды. Сол сәтте Алқама «Лә иләһа иллаллаһ» деп жан тапсырады. Пайғамбар:

- Дүниенің азған отына балаңыздың түсуін қаламадыңыз, разылық бермегеніңізде балаңыз мәңгілік тозақ отына түсер еді, - дейді.

Міне, осыдан-ақ дүниедегі ең қымбат жан ана мен әке екенін аңғаруға болады.

Ата-анасына мейірімі жоқ, қадірлемейтін перзентті имансыз деп айтса да артық болмайды. «Ата-аналарыңа мейірімді болыңдар, сонда перзенттеріңнен мейір көресіңдер» деген сөз бар.

Сұрақ: Бұл аңыздан не түсіндіңдер?

/ оқушылардың пікірі /

2. Ой толғау.

А) «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Ә) «Анаңды Меккеге үш рет апарып келсең де ана сүтін ақтай алмайсың» - дегенді қалай түсінесің?

3. Топқа тапсырма

Әртүрлі суреттер таратылып «Ата анаңды неге теңер едің?» сұрағына сәйкес келетін суреттердің жанына отбасы мүшелерін жапсырту, себебін анықтату.

4. «Шашылған сөздер» ойын

1 – топ «Ақиқатты айтып, жақсылыққа жетелеп, қарашаңырақты аманаттаушы отбасының мүшесі кім?» (әке)

2 – топ «Тоғыз ай құрсағында, үш жыл бауырында, өмір бойы жүрегінде көтеретін отбасының мүшесі кім?» (ана)

3 – топ «Жеті жұрттың қамын ойлап, жеті атасын білуге міндетті отбасы мүшесі кім?» (бала)

Адамға өмірінің мәні – отбасы, ол- ең жақын адамдардың ошағы. Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің  ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар.  Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.

5. Топқа тапсырма.

«Ой ашар»

Топтарға тапсырма беріледі:

Қазақ отбасындағы әкеге, анаға мінездеме беріңіз?

«Ата-ана алдындағы борыш» дегенді қалай түсінесіз?

«Қасиетті қара шаңырақ иесі» деген ұғым нені білдіреді?

6. Тапсырма.

Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі, сендердің ата-аналарың да сондай.

Кей ата – аналар баласының оғаш қылықтарын байсалды түсіндіріп, қателігіне көз жеткізіп тәрбиелеуге күш салады, ал кейбіреуі айқай – шуға басып, қатал мінезбен тыйып тастауға тырысады. Қалай болғанда да ата – ананың саған ойлайтыны тек жақсылық. 

Енді осы мәселе төңірегінде ситуациялық сұрақтар: 

1) Өз отбасыңның басшысы кім?

2) Отбасында бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөлгені дұрыс? 

3) Ата мен әженің қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі үлесі қандай? 

4) Бала тәрбиесінде әке қатал болуы керек деген пікірге қалай қарайсың? 

5) Сіздің ойыңызша ата-анаға қыз баланы ма, әлде ер баланы тәрбиелеу қиын ба? 

7. Тапсырма

Ата-ана, бала туралы мақал –мәтел дерді мағынасына қарай стрелка арқылы сәйкестендіріп, 1 мақалдың мағынасын түсіндір.

  1. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

  2. Малды баққан өсірер,

Баланы тапқан өсірер.

  1. Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келер.

  1. Атасыз үй – батасыз.

Анасыз үй – панасыз.

  1. Бала тәрбиесі – бесіктен.

  2. Қарға баласын аппағым дер.

Кірпі баласын жұмсағым дер.

  1. Баланың ұяты – әкеге.

Қыздың ұяты – шешеге.

Қорытынды

Видеоролик

Анам маған:

Үлкенді сыйла,- деген.

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем, - деген Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен тәрбие сағатын қорытындылаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!