400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ата салтым, асыл қазынам" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету; Ата – анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру. Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ата салтым, асыл қазынам

Мақсаты: 1) оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;

2) ата – анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.

Сабақтың барысы:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым.

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінгімен жалғадым.


Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.


Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетііз қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге.


Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет – ғұрпына, салт – дәстүрлеріне бағытталған « » атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Ән: «Қазақтың салт - дәстүрлері»

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт – дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек:

Отбасы, тұрмыс дәстүрі

Отау көтеру дәстүрі

Еңбек дәстүрі


Қазақ халқының салт – дәстүрлері.




Тәрбие дәстүрі

Наурыз дәстүрі


Қаза ғұрыптары

Ислам тағлымы











Салт – дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі.

Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттың құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

  1. Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той.

  2. Кіндік кесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.

  3. Бесікке салу (салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

  4. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып, шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

  5. Тұсау кесер (салт). Сәби қаз туғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.


Ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

  1. Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

  2. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

  3. Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қояды. Оны «кекіл» дейді.


Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек:

  1. Тыштырма (дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратен тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.

  2. Базарлық (дәстүр) – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші-көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

  3. Байғазы (дәстүр) – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

  4. Тілашар (дәстүр). Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді, мұны «тілашар» тойы деп атайды.

  5. Жеті ата (дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жеті ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

  6. Асату (дәстүр). Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табаққа қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.


Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық.

Бала: сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.

Әжелер: ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау – шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінеки сүйіншіңді ала ғой.

Балаға қандай ат қойсақ екен? Қане, қазақтың ғұрыптарының бірі, ат қою рәсіміне кезек берейік.

(Балаға ат қою рәсімі жасалады.)


Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты.

(«Бесікке салу» рәсімі жасалады.)


Халқымның қолөнері аса көркем,

Таң қалып қарап қалар оны көрген, - деп қазақ халқының тұрмыс – тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді? Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шеше көрген тон пішер, Әке көрген оқ жонар» демекші, біздің сыныптың қыздары кесте тоқып, тоқыма тоқып, көрпе құрап отырса, ұлдарымыз қамшы

өрумен қызу жұмыс үстінде. Бұның өзң қазақтың тұрысының тамаша көрінісі емес пе?!


Айтпақшы кешегі біз атын қойған сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді. Жүр, қалып қоймай соны тамашалайық.

(«Тұсау кесу» рәсімі жасалады)


Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт – дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, санларыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.


«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт – дәстүрінің жанашыры болатынына сенімдіміз.


Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда оқушылар!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі