Материалдар / Тәрбие сағаты "Ең білгір"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Ең білгір"

Материал туралы қысқаша түсінік
интеллектуалды ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
394
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ең білгір» зияткерлік ойыны

Мақсаты: Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.

Көрнекіліктер: Слайд

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Дана халқымыз «білегі мықты бірді жығады, білімі иықты мыңды жығады» деп айтқандай,білімді ұрпақ – ел – тірегі, сіздерсіздер. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда» деген аталық сезімін ақтай біліңіздер.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі! – деп, бүгінгі «Ең білгір» атты интеллектуалдық ойын сайысымызды бастайық.
Ойынның кезеңдері:
І. Таныстыру
ІІ. «Білімді мыңды жығар»

ІІІ. «Полиглот»

ІV. «Ойлы болсаң, озып көр»

V. «Ол не? Бұл кім?»

І. Таныстыру

«Сәлем  сөздің  анасы» таныстыру бөліміне кезек  береміз.

Ұрпақсыз  мына  өмірде  кім түледі?

Жақсы ұрпақ – еліміздің шын  тірегі.

Ортаға  шығып  таныстырсын  өздерін,

Білімді  ұрпақ  елімнің жас  түлегі, — деп  оқушылар өздерін  таныстырсын.

(Әр қатысушы қысқаша өзін таныстырып кетеді.)

ІІ. «Білімді мыңды жығар»

Бұл кезеңде оқушылар өздері тақырып пен ұяшығын таңдайды. Сұрақтарға дұрыс жауап берсе ғана сол ұяшықтағы ұпайды иелене алады. Сұраққа жауап бере алмаса, «қарсыластар»дегенен кейін ғана сайыскер жауап бере алады. Сайыскерлер сұрақтарды нөмір ретімен таңдайды.

1 ұяшық: «Туған өлке»

10-ұпай: Ақтөбе қаласының құрылған жылы? (1869 жыл, 28 мамыр)

20-ұпай: Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына кімнің есімі берілген? (Талғат Бегельдинов)

30-ұпай: Ақтөбе облысы шығысында қай облыспен шектеседі? (Қостанай)

40-ұпай: Қандыағаш, Жем, Ембі атты үш бірдей шағын қала орналасқан аудан? (Мұғалжар)

2 ұяшық: «Туризм»

10-ұпай: Тосын сый

20-ұпай: «Туризм» сөзі қай тілден енгізілген? (француз-серуендеу)

30-ұпай: Туризм неше түрге бөлінеді? (2 түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы )

40-ұпай: Жорық барысындағы жеке құрал-жабдықтар? (рюкзак, жатын қап, киім-кешек)

3 ұяшық: «Әдебиет»

10-ұпай: Ақтөбе

20-ұпай: Нұрпейіс Байғаниннің фотосуреті экранға көрсетіледі, сол жайында мәлімет айтуы қажет.

30-ұпай: Абай поэмалары нешеу? Оларды ата.

40-ұпай: Тахауи Ахтановтың романдарын ата. («Қаһарлы күндер», «Боран»)

4-ұяшық: «Ұлттық құндылықтар» (берілген фотосуретке сипаттама беру)

10-ұпай: Шашбау-қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей- бұйым

20-ұпай: Торсық-су, сусын құятын шағын тері ыдыс.

30-ұпай: Ер тоқым-салт атқа мініп жүруге лайықталған жабдықтардың бір түрі.

40-ұпай: Адалбақан-киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жабдық.

ІІІ. «Полиглот»

Бұл кезеңде әрбір сайыскер берілген жұмбақтың жауабын үш тілде дұрыс таба білуі керек. Ең жоғары ұпай 10.

1.Тақия толған сөк,

Таң атқанда жоқ.(жұлдыздар, звезды, stars)

2.Тұрады ылғи сөреде, іші толған өнеге. (кітап, книга, а book)

4.Өз елімнің басы болмасам да, сайының ____ болайын.     (тас, камень, stone)

5. Ел жаусыз болмас, жер ____  болмас.   (тау, гора, mountain)

6. Тіл жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қаламсап-ручка-pen)

7. Үстінде екі тауы бар,

Өзі үлкен жануар. (түйе-верблюд-camel)

8. Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау-шесть-six)

9.Қалың киім ұнатады Шешіндірсең жылатады. (жуа-лук-onion)
10.Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. (бор-мел-
chalk)
11.Уақытты өлшеп, санап, Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?… (сағат-часы-
clock)

12.Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын. Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың. (жаңбыр-дождь- rain)

13.Адам болатын ___ алысқа қарайды. (бала-мальчик-boy)
14.
Не істесеңде __ істе, ойламайісқылсаң, қор болмайсың. (ойлап, думать, think)

15._____өлшеп, бір рет кес. (жеті-cемь-seven)

16. Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, Дабылдап дабылын ол қағып тұр. (найзағай-гроза-storm)

ІV. «Ойлы болсаң,озып көр»

Әр оқушыға 4 жұмбақтан қойылады.Шарты-жұмбақтың шешімін тауып,шешіміне мақал-мәтел құрастыру.



1. Ол келсе,орман шулайды,

Толқып теңіз тулайды.

Қуса,өзін қуады,

Ешкім оны қумайды. (жел)

Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды.


7.Отпен шығып,

Күлмен кіріп,

Көрген емес

Белін бүгіп. (көсеу)

Көсеу ұзын болса,қол күймейді.

2.Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

Адам көркі – шүберек,

Ағаш көркі – жапырақ .

8.Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (кітап)

Кітап – білім бұлағы.

3. Тілден ұшып,

Құлаққа қонады. (сөз)

Аталы сөзге арсыз таласады.

9.Күндіз төбеңе шығады,

Түнде төбеңе шығады. (бөрік)

Бөріктінің намысы бір.

4. Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (сүт)

Ананың сүті – бал,баланың тілі – бал.

10.Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады. (аяз)

Аяз әліңді біл,

Құмырсқа жолыңды біл.

5.Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Қалауын тапсаң қар жанар.

11.Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ-сылқ күледі . (бұлақ)

Бұлақ көрсең көзін аш.

6.Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп,қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін,суын,жәндіктерін,

Іші кең бәрін салса толмайтұғын.(жер)

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


12.Жаурағанды күлдірер,

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер.(от)

Сумен ойнама-батарсың,

Отпен ойнама-жанарсың.



V. «Ол не? Бұл кім?»

(Слайдта Ақтөбе тарихына байланысты суреттер көрсетіледі. Қандай жер екенін не болмаса қай тұлға екенін табу керек,)

  1. Есет батыр кесенесі

  2. Қобыланды батыр

  3. Н.Байғанин

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Білім – толқын, жатқандай асып – тасып,

Біреу — мығым ,біреулер шалыс басып.

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Оқушылардың ұпайын есептеп, қорытындысын айту.

«Ең білгір» атты интеллектуалдық ойын арқылы өткен тәрбие сағатымыз аяқталды.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!