Материалдар / Тәрбие сағаты "Менің жақсы қасиеттерім"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Менің жақсы қасиеттерім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты 4 сынып оқушылары оңды солдарын танып, өздерінің бойындағы қасиеттерді сипаттап, өз ойларын еркін жеткізіп, жаман қасиеттерден арылу керектігі жөнінде айтады. Сондай –ақ ата –аналарын қатыстырып, олармен жұмыстана отырып балаларының қаншалықты қарап, бойларындағы қасиеттерін байқауға көз жеткізу. Түрлі стратегия, әдістер арқылы оқушылар бойларында қандай қасиеттердің бар екендіктерін ортаға салады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4347
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағат тақырыбы: «Менің жақсы қасиеттерім»

Тәрбие сағат мақсаты: 1) Оқушылардың өздерінің қандай бала екенін анықтауына көмек беру.

Күтілетін нәтиже:

- Оқушы өзін-өзі тануға ұмтылады.

-  Өзіне-өзі есеп беріп, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелейді.

Тәрбие сағатта қолданылатын стратегиялар: топқа бөлу,ой қозғау,ақ пен қара

тізімі,өзіме хат

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Тәрбие сағаттың түрі: тәлім сабақ

Тәрбие сағаттың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

(Үш тілде амандасу)

Психологиялық дайындық Шаттық шеңбері

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылдым,

Егеменді  ел көрдім.

2. Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу ( «Мәңгілік ел». «Рухани жаңғыру» идеясының белгілері

бейнеленген қағаз қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлу)

Құрастырған белгілер бойынша әңгімелеу.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

3. Кіріспе әңгіме.

-Елбасының ұсынған осындай идеясын жүзеге асыратын кімдер?

- Олай болса сіз қандай болу керексіздер?

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы сұрақ түрінде берілген,яғни ол «Мен қандай баламын?» деп аталады.

Адам  баласының  бойында  жақсы  да  ,  жаман  да  қасиеттер  болады екен. Бізге  ақылдылықты , адалдықты  ,  қарапайым  - кішіпейілділікті  ,  инабаттылықты  , шыншылдықты  үлкендер  үйретеді. Ол – біздің  ата -  анамыз  , ақ сүтін  бере  отырып , ана  тілімен  үйретеді. Біз  оны  түсініп  ,  ата – баба  салт , әдеттерін  үйренеміз. Адам  болатын  адамгершілігі  бар  бала-  барлық  жақсы  қасиеттерді  үйреніп  , жаман  мінез  әдеттерден  , ұнамсыз  қылықтардан  аулақ  болуға  тырысуы  керек.

Мінез- адам  айнасы . Адам  бойындағы  жақсы  - жаман  қасиеттер  болады  екен.

.-Сабақтың сендер үшін мақсаты оңы мен солыңды аңғарғаныңды,жеткен жетістіктеріңді бағалап,өзіңді қаншалықты білетініңді таразыға тартып,ортаға салып оны ары қарай дамыту.

Ой қозғау

Сұраққа жауап алу арқылы тақырыпқа ену.

а) –Балалар «мен қандаймын»? не « Мен қандай баламын» сұрағы төңірегінде не айтуға болады?Осы сұрақ бойынша топта әркім өз ойын айтып оны ортаға салуларыңды сұраймын.

ә) –Ал өзіңді-өзің тану дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Мағынаны тану

-Енді балалар әр топ бастауыш сынып қабырғасында жүрген әр жылына баға беріп ортаға салайық. (Оқушылар ойын тыңдау)

-Жақсы балалар айтқандарыңа қарай сендердің өз істеріңе зер салып,зерделей алатындарыңа куә болдым.Сонда да қаншама жақсы қасиеттерімізді саналап айтсақта кез келгеніміздің бойымызда кемшіліктерімізде кездесіп қалады.

-Қалай ойлайсыңдар,менімен келісесіңдер ме?



-Онда қолдарыңдағы сызбаға өзін-өзі жетілдіру ,өздеріңнің жағымды қасиеттерің мен кемшіліктеріңді теріп жазыңдар.

Менің жақсы қасиеттерім:

1.

2.

3.

Менің кемшіліктерім:

1.

2.

3.



Тренинг «Сатамын, сатып аламын»

4. Ой толғаныс

- Енді өзімізге өзіміз кеңес беріп көрейік.Ол үшін « Өзім үшін жазу» стратегиясын қолданамыз.

әл қазір өздеріңе-өздерің кеңес беріп хат жазып көріңдер.Ол «Өзіме хат» деп аталады.(Оқушылар хат жазады, жауаптарын оқыту)

-Міне бүгіннен бастап өздеріңе өзің ақыл да бере алатын болдыңдар.

5. Жалғасын  тап.

 Мақал-мәтел, қанатты сөздер – ата-бабадан  ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақ еншісіне тиген мол қазына. «Олар ел-жұрт өмірінің айнасы, табиғи шындықтың өзі»

Жақсыдан үйрен жаманнан жирен

Жаман – шайқап сөйлер, жақсы- байқап сөйлер.

Жамандықты –ұмыт, жақсылыққа- ұмтыл.

Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

6. Ата- аналармен  жұмыс .

1. Балаңыздың  бойынан қандай  қасиеттерді    көбірек  таптыңыз?(Адал,  ұстамды, тәртіпті , сабырлы)

2.Достарымен  қандай  қарым –қатынаста?

3.Балаңызды қалай бағалайсыз  немесе  қандай  баға бересіз?

«Ата –ананы тыңдаймыз» Караокемен ән айту.

7. Қорытынды бөлім:  Не үйрендік? Не білдік?   (ой түю)

«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ. Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.

Сонымен біздер менің  жақсы мен жаман қасиеттерім атты тақырыпты қарастырдық.

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.

-Балалар бүгінгі сабағымызды мына сөздермен аяқтағым келеді.

Өзіңді- өзің таны да,

Тағы да ойлан, тағы да.



Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? –деп ойла

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын?-деп ойла



Жақынды,досты аяла,

қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

жақсылық жерде қалмайды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!