400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Өмірге салауатты қадам 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: Өмірге салауатты қадам.11-сынып.Қауіпсіздік ережесі.Біртұтас тәрбие 2025ж
Материалдың қысқаша нұсқасы

сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:

07.04.2025

Сынып: 11 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Өмірге салуатты қадам

Құндылықты дарыту

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;

Құндылық: бірлік және ынтымақ

-ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.

Қауіпсіздік сабағы

«ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЖАЛҒАН ДОСТЫҚТЫ АЖЫРАТУ»

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу, оқушылардың көңіл-күйін білу.

«Көңілді шеңбер» ойыны (балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады).

Тақырыппен таныстыру:

Мұғалім:
– Балалар, бүгін біз денсаулығымызды қалай күту керектігі туралы сөйлесеміз. Денсаулық – адамға берілген ең үлкен байлық. Дені сау адам – бақытты адам!

Сұрақ: «Денсаулық» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады, тақтаға негізгі сөздер жазылады: тазалық, спорт, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, ұйқы, демалыс).


Дұрыс тамақтану

Денсаулығымыз мықты болуы үшін пайдалы тағамдарды таңдауымыз керек. Көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ет пен балық бізге күш-қуат береді. Ал газдалған сусындар, чипстер, тәттілерді аз жеуге тырысу керек.

Тапсырма:
? Суреттен пайдалы және зиянды тағамдарды ажырат.
(Мұғалім оқушыларға әртүрлі тағам суреттерін беріп, олардан пайдалы және зияндысын бөліп қоюды сұрайды.)




Сабақтың ортасы

  1. Денсаулықтың алғышарттары:
    Мұғалім:

    • Деніміз сау болу үшін бізге не істеу керек? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау).

Төрт негізгі қағида:

    1. Дұрыс тамақтану

    2. Денені шынықтыру

    3. Тазалық сақтау

    4. Күн тәртібін сақтау

  1. Топтық жұмыс:

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

Әр топқа бір қағида бойынша постер жасау және оны таныстыру.

  1. Қызықты сергіту сәті:

«Көңілді жаттығу» (ән ырғағымен дене қимылдарын жасау).


Тазалық – денсаулық кепілі

Күн сайын қолымызды жуып, тістерімізді тазалап, таза киім кию – микробтардан қорғанудың ең жақсы жолы.

Тапсырма:
? "Тазалық күн тәртібі" суретін сал
Балалар өздерінің таңертеңгілік және кешкілік тазалық жасау әдеттерін көрсететін сурет салады.




Сабақтың соңы

Ойын: «Дұрыс – бұрыс»
Мұғалім әртүрлі жағдайларды айтады, оқушылар «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жауап береді.

Тәттіні көп жеу – бұрыс

Күнделікті спортпен айналысу – дұрыс

Қолды жумай тамақтану – бұрыс

Түнде кеш жату – бұрысКөкөніс пен жеміс жеу – дұрыс

Рефлексия:

«Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?»

«Салауатты өмір сүру үшін қандай қадам жасайсыңдар?»


Жақсы әдеттер – ұзақ өмір сүрудің кепілі

Күні бойы сергек жүру үшін ерте ұйықтап, ерте тұру, таза ауада серуендеу, көбірек күлу керек.

Тапсырма:
? "Пайдалы әдеттер" ойыны
Мұғалім әртүрлі әдеттерді дауыстап оқиды (мысалы: "Таңертең ерте тұру", "Тәттіні көп жеу", "Кітап оқу", "Күнде телефон қарау"). Егер бұл пайдалы әдет болса, балалар шапалақтайды, егер зиянды болса, тыныш тұрады.




Қауіпсіздік сабағы


«ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЖАЛҒАН ДОСТЫҚТЫ АЖЫРАТУ»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру.

Негізгі міндеттері:

  • достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сыйластық қалыптастыру;

  • оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;

  • оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 мин). «Ой қозғау» әдісі

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:

  • Достық нешеу? - деп сұрапты.

Әйтімбет:

  • Достықтың 2 түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, - дейді. Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажырата аламыз? Шешен:

  • Адал достық – өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа, – деп жауап беріпті. Осыны қалай түсінесіңдер? 2. Негізгі бөлім (6 мин) Рольдік ойын.

Екі дос арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеу Жағдаяттан шығу:

    • Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?

    • Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?

    • Сенің жаңа досың бұрынғы досыңмен араласпауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Не істейсің?

    • Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувениріңді ұнатып қалды. Қайта-қайта оны қызықтаумен болды. Қимас досың сұраса берер ме едің?

3. Қорытынды (2 мин): сабақты қорытындылау, кеңес беру. Достықты қадірлей біліңдер. Досыңның кемшілігін кешіре біл. Достық сезім нұр құяды сезімге, досым үшін тойым дағы, төрім де. Қуаныштың ақ құсы боп самғаған, дос көңілдер шырқай берсін өмірде! Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы – бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін! Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=BqIN4gX0HtWlpK6T











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
5 сәуір
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі