Материалдар / Тәрбие сағаты: Пайдалы тамақтану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Пайдалы тамақтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау; Қолданылатын көрнекіліктер: плакаттар, тақырыпқа байланысты суреттер, нақыл сөздер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2022
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты: Пайдалы тамақтану

Тақырыбы:Пайдалы тамақтану
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау; 
Қолданылатын көрнекіліктер: плакаттар, тақырыпқа байланысты суреттер, нақыл сөздер

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: 
- Балалар. Біз бүгін сендермен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.

Дұрыс тамақтану

 Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды. 

Қазір сіздер көкөністерді қаншалықты білетіндеріңіз туралы байқап көрелік:

«Көкөніс базары» ойыны.

1.Көкөніс қайда? (Бақшада)

2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)

6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)

7. Көкөністер туралы ертегі бар ма?

8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?

9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)

10. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)

11Мына өлеңде қандай көкөністердің атауы бар?

Бақшасында атамның

Көкөністер көп екен

Теріп, жинап аламыз

Себеттерге саламыз

Пияз, картоп, қызылша

қарбыз, сәбіз, қызанақ

Орамжапырақ қиярлар

Шалқан болса тағы бар.

12.Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.   (Қарбыз)
13.Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық.   (Пияз)

14. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады?

«Тамақтану бағдаршамы » ойыны: Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса, бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе- қызыл түсін көрсетеді.

(балық, сағыз, чипсы, айран, «Кола», шоколад кәмпиттер, сәбіз, сарымсақ, торт, алма, орамжапырақ, қарақұмық)

жоқ» ойынымен аяқталық.
Дұрыс тамақтану ережелері:

·         тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

·         тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

·         тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

·         таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

 

1.     Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2.     Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3.     Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.

4.     Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5.     Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.


Бекіту
• Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық
• Мына заттардың ішінен жануар тектес азық түліктерді табыңдар?
• Мына заттардың ішінен өсімдік тектес. Азық — түліктерді табыңдар?
• Адамдар күніне неше рет тамақтану қажет?
• Дастархан басында қалай отыруымыз керек?
• Тамақты қалай жеу керек?

Қорыту: Адам  баласы өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі  - денсаулық болса, екіншісі – жастық шақ. Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен,  түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы   мықты  әрі күшті, ой-өрісі кең болады.


Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды
Тазартар жаңынды,-деп сынып сағатын аяқтаймыз.

 





































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!