Материалдар / Тәрбие сағаты Қазақ халқының батыр ұлдары 1 сынып

Тәрбие сағаты Қазақ халқының батыр ұлдары 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сынып ұстаздарына 9 мамыр мерекеге ұйымдастылған іс-шара.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
1202
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2 Қоянды орта мектебі








Тақырыбы:





2021жыл


Тақырыбы: «Қазақ халқының батыр ұлдары» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған сынып сағаты.


Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.


Мұғалім: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті оұушылар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 76 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Мұғалім:

Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.


Оқушы:

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

- Дұрыс, - десті, - сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де -

Жеңіс күні, шырағым!



Оқушы:

Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.


Оқушы:

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


Ән: «Жау-жау жаңбыр»


Мұғалім: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.


Оқушы:

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса.


Оқушы:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап...

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ...


Оқушы:

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмады жау бірақ.


Оқушы:

Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып.

Жау алдында тұрды олар,

Жиырма сегіз мың болып.


Оқушы:

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.

1 сынып оқушыларының мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабал алыңыздар.



Оқушы:

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың.

Отан-өлкең Астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Оқушы:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

Оқушы:

Занман жаңа, ел жаңа

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам, Өз ордам

Сүйенерім сен ғана.

Оқушы:

Егінді тың жеріміз,

Еркін қазақ еліміз.

Құрметтейміз достықты,

Досқа дайын төріміз.


Би: «Орыс биі КАТЮША»


Мұғалім: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,


Оқушы:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды


Оқушы:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.


Би: « Ақ көгершін» биі


Оқушы:

Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.


Оқушы:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман,тау даласымыз.


Оқушы:

Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.


Мұғалім:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Ән: «Гүл өсіруші бағбан қызбын» атты әнін қабыл алыңыздар.


Мұғалім:

Жеңем деген ел сөзі!

Түрды ажалдан жоғары.

Өмір,адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ

Тұрды ажалдан жоғары,

Өмір нұры жарқырап.


Оқушы:

Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Өр бабам-Бауыржан!


Оқушы:

Халық легі куәсындай елдіктің,

Көптен бері осы күнді сағынған.

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медалдарын, ордендерін тағынған.


Оқушы:

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса

Түрленіп бақша, бағы,

Тірлік те жақсарады,

Бейбітшілік болса.


Оқушы:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбітшілік,

Ашық болсын кең аспан

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтаныты. («Ден победы» әні жаймен қойылады )


Мұғалім:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!


Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!


Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ