2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тәрбие сағаты: Қыс қызығы, 5 сынып

Тәрбие сағаты: Қыс қызығы, 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау, таным іс-әрекетін. Коррекциялық: Оқушының ой өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін зейін қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні: сынып

Сабақтың тақырыбы: "Қыс қызығы»
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау, таным іс-әрекетін.
Коррекциялық: Оқушының ой өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін зейін қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Саяхат картасы, «Қыс» ақырыптарына байланысты суреттер, автобус (қағаз).
Сабақтың түрі: ойын-жарыс

Сабақтың әдісі: Ойын әдісі, автобуспен саяхат жасау, сөйлеу.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Алға бір адым, артқа бір адым
Отырамыз, тұрамыз.
Сабақта «бес» аламыз.
Ал енді балалар, мына жұмбақты шешімін табыңдар.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Бүгінгі біздің тақырыбымыз "Қыс қызығы» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу.
Балалар, біз бүгін «Қысқы әлемге саяхат» жасаймыз. На этом автобусе по путешествуем. Аялдамаларда тоқтап, білімдерімізді тексереміз. Балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?

Бұл саяхатқа кімдер барады екен? Танысып қоялық.
Сенің атың кім?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Сен қайда тұрасың?
Ал енді автобусқа мінелік, дұрыс отырыңдар.
Сөздік жұмысы.
1 - аялдама «Сөздік алқабы».
Оқушылар «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді мұғалімнен кейін қайталайды (хормен бір - бірден).
2 - аялдама «Күз».
а) Күз айларын атаңдар.
б) Күзде не болады?
Жаңбыр жауады. Жапырақ сарғаяды. Күн салқындайды.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қауын, қарбыз, алма, алмұрт піседі.
Кім «Күз» туралы өлең оқиды?
3 - аялдама «Қыс».
Оқулықтың 67 бетіндегі «Қыс» мәтінін оқу, аудару.
«Қыс» туралы өлең, жұмбақ айту.
4 - аялдама «Киім дүкені». Балалар, дүкенде қысқы жылы киімдер бар екен. Суреттерді көрсету, балалар киімдерді атап береді.
Сергіту сәті: Бала, бала, балақан
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт
Былай - былай ойнат.
5 - аялдама «Орфография мұражайы». Мұражай қызметкерлері мынадай тапсырма дайындап қойыпты. Сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс қойыңдар.
Қыс айлары: желтоқсан,......, ақпан.
Адамдар үстіне......... киеді.
Адамдар қолына......... киеді.
Адамдар аяғына......... киеді.
Қыста...... жауады.
Қыста...... қатады.
6 - аялдама «Құттықтау алаңы». Оқушылар мерекелерді атап, қонақтарды құттықтайды.
Сабақты бекіту.
Оқушылармен бірге сабақта жасалған жұмысты қорыту.

14 Желтоқсан 2022
582
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі