Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік айбыным" 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік айбыным" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіздік -айбыным» Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Көрнекілігі: буклет, нақыл сөздер, слайдтар Кіріспе сөз: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасақ, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінеміз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан. 1.Олай болса, біздің оқушыларымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен? Оқушылар сөз алады: Назлы: Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
 - 1931-33 жылдары өркениетті қоғам құрушаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды.1 млн 578 мың халық атамекенін тастап кетті.40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі
қалпына келді.
Еламан
: - 1937-38-жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес үкіметін нығайтуға қатысқан 27 мыңнан астам көрнекті қайраткерлер атылды.
Дина: - Ал 1941- 45-жылдары қиында ұзақ 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы болды.1418 күнде 20 млн. адам қаза тапты. 
Досым:1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
Анель:

Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің

Қазақстан - алтын бесік Отаным,

Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.

Мирас:

Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен - тәуелсізбін азатпын!

2. «Сандар сыр шертеді....»

-1991, 1992 жылдың 2 наурызында /Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі атанды/. Сондай-ақ, осы жылы мемлекеттік рәміздер — әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды/.

-1992 жылдың 4 маусымында / ҚР президенті "ҚР мемлекттік туы", "ҚР мемлекеттік елтаңбасы", "ҚР мемлекеттік әнұраны туралы" заңға қол қойды./
-1993 жылдың 28 қаңтарында /Жоғары кеңес Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңын қабылдады/.
-1994 жылы / бір топ қазақстандық студент алғаш рет "Болашақ" бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. /
-1995 жылы 30 тамызда / жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады./
-1997 жылы 20 қазанда /
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады/
-2010 жылы /Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді./
-2011 жылы /
Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і қола/.


-2015 жылдың 27 шілдесінде /Қазақстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды./
-2017 жылы / Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. /
-2018 жылдың 1 қаңтарынан /бастап Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ете бастады./
-
2019 жыл. 19 наурыз. Сағат 19:00-де /Нұрсұлтан Назарбаев тікелей эфирге шығып, президенттік өкілеттігінің тоқтайтынын жариялады./


Мұндай жағдайда ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Президенті болып Сенат Төрағасы тағайындалады. 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің міндетін атқарушы ретінде ант қабылдады

2019 жылдың 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды.

2020- Қазақстандағы волонтер жылы. "Сындарлы қоғамдық диалог – тұрақтылық пен өркендеудің негізі" атты Жолдауында Елбасы Қ.-Ж. Тоқаев 2020 жылды "Волонтер жылы" деп жариялады

Ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығы

Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы.

1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы.

Алтын Орданың750 жылдығы

2021 жыл Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл

Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы

3.Көрнекіліктерге шола отырып,өз пікірлерін ортаға салу

Қорытынды сөз: Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан, туған жерінен, елінен, жұртынан айырылып, ен далада жосып «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» кезеңін басынан өткерген шақта бір қарт баласына:
Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын, сен қаласың.
Ойран болған орданың орнына кеп,
Отау тігіп, оттарын сен жағарсың – деген екен. Бүгінгі таңда сол қарттың баласы болмасада ұрпағы егеменді ел болып, сол ойран болған орданың орнында отау тігіп, отын жағып, түтінін түтетіп отыр. Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата – бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!