Тәрбие сағаты «Тұғыры биік Тәуелсіздік» 16 желтоқсан

Тақырып бойынша 20 материал табылды

Тәрбие сағаты «Тұғыры биік Тәуелсіздік» 16 желтоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты «Тұғыры биік Тәуелсіздік» 16 желтоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тұғыры биік Тәуелсіздік


Тақырыбы: «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

Мақсаты: көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Елбасы, Астана жайында мәлімет беру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Формасы: Тәрбие сағаты

Көрнекіліктері: суреттер, шарлар, басқатырғыштар, таратпалар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар,ардақты ата-аналар! Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы айтамыз. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.

«Жылы жүрек» әдісі арқылы бір-бірімізге тілек айтып, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейік.

II. Негізгі бөлім

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентайынан спортты, белсенді демалысты жақсы көрді, сол себепті республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып, дені сау, бақытты, салауатты өмір сүргендерін армандайды. Біздің Елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді. Сондай - ақ ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады.

- Балалар, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 27 жыл болды. Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер - сендерсіңдер.

«Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін.

- тәуелсіздік мерекесі

егеменді еліміздің мерекесі

отанымыздың мерекесі

- ал Отан деген не?

- Туған жеріміз деп нені айтамыз

-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!

Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар,

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 32 жыл!

Ендеше, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.

Балалар, сендер Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын білесіңдер ме?

1-оқушы:Көк байрақ –көк аспан

Алтын күн нұр шашқан

Әлемге танылған

Тәуелсіз Қазақстан

2-оқушы:Көк байрақ иілмесін ,жығылмасын

Көзге жас кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп

Қазағым ,сен қашанда тұғырдасың

3-оқушы:

Көк байрағы желбіреп


Асқақтай түсті аспандай .

Бақыттың таңы мөлдіреп

Айнала нұрын шашқандай.

4-оқушы:Батырлыққа нұсқаған

Бабаларға ұқсаған

Ертеңі үшін ұрпақтың

Ерлік туын ұстаған.

5-оқушы:Біз жас ұлан –Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы ертеңі.

Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені.

6-оқушы:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

7-оқушы:Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй.

8-оқушы:Әнұраным ,жан ұраным ,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Айтар әнім сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

9-оқушы:Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады ,

Республика Әнұраны.

10-оқушы:Егемен елдің ұлымын

Ертеңгі күннің нұрымын.

Отанын сүйген азамат

Болатындардың бірімін.

11-оқушы:Елтаңбасы елімнің

Ортасында шаңырақ .

Мемлекттік туымен

Күн шығып тұр жарқырап.

Балалар, мен қазір сендерге «Сұрақтар жаңбыры» әдісін қолданып, сұрақтар қоямын.

-Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?

Оқушылар: Қазақстан.

- Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?

Оқушылар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

- Елбасы қандай адам болуы керек?

Оқушылар: Білімді, ақылды, іскер, жан - жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек.

- Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?

Оқушылар: Ту, елтаңба, әнұран

- Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?

Оқушылар: Астана

Жарайсыңдар, балалар! Сұрақтардың бәріне дұрыс жауап бердіңдер.

«Пазл құрастыру»

Балалар пазл құрастырамыз ба? Мен сендерге пазл беремін. Сендер пазлды құрастырып, сөйлем құрайсыңдар. Содан соң суреттің атын үш тілде айтып үйренеміз.

Ту-флаг-flag

Елтаңба-герб-emblem

Бәйтерек-Байтерек-Baiterek

Қыран құс-орел-eagle

Карта-карта-map

Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнап жатыр ма?

«Көңілді сөзжұмбақ»

Балалар сөзжұмбақ шешкілерің келе ме? Ендеше, сөзжұмбақ шешейік.

1.Қазір қандай жыл мезгілі?

2.Қазір қандай ай?

3.Қыста не қатады?

4.Жылдың екінші айы?

5.Жыл басы не?

6.Қыста күн қандай болады?

7.Рәміздеріміздің бірі?

8.Қыста не жауады?

9.Туымыздағы құс?

«Филворд» әдісі

Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнап жатыр ма? Ендеше, сендер орындап жатқан тапсырмалар қызық па? Олай болса, «Филворд» тапсырмасын орындайық.

Оқушылар «Филворд» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты сөздерді табады. Берілген сөздер: Қазақстан, Тәуелсіздік, ту, Қайрат, Сабира, Ербол, желтоқсан, елтаңба, отан, Астана .

Балалар, бұл тапсырма сендерге қиын болды ма? Тағы да тапсырма орындаймыз ба?

«Ассоциация» құру

Балалар мен сендерге парақ және сөздер жазылған қима қағаздар беремін. Сендер парақта жазылған сөзге байланысты сөздерді тауып жабыстырып маған айтып бересіңдер.

Ассоциация құратын сөздер: Қазақстан, Рәміздер, Отан, Астана, Тәуелсіздік.

Сергіту сәті: Ағылшын тіліндегі сергіту сәтін орындайды.

Балалар, біз мектепке келіп, сауатымызды ашып, әріптер үйреніп жатырмыз. Осы үйренген әріптерімізді қолданып, Тәуелсіз еліміз Қазақстанға тілек айтып көрейікші. Ендеше балаларды ортаға шақырайық.

Қ – Қазағымыз аман болсын!

А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!

З - Заманымыз тыныш болсын!

А - Аман болайық!

Қ - Қыран құстай биік болайық.

С - Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!

Т - Табиғатты аялайық.

А - Елбасымыз аман болсын!

Н - Нанымыз көп болсын!

III. Қорытынды

- Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2024
60
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі