Тәрбие сағатының
тақырыбы: Ұстазым менің, Ұстазым!
1-жүргізуші: Ұлықтың ұйқысынан
жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр
алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңмен бастау алар бар арман
.
Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айының
алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке –
ұстаздар мерекесі құтты болсын!
2-жүргізуші: Жетелеген мына заңғар
биікке,
Шыға алмайтын тауда жортқан киік
те.
Түсіндірді өмір атты
ғаламды,
Аяулы ұстаз, мәртебең сенің
биікте.
Тағдырдың кеуде тосып
жартасына,
Біз үшін түскен ақ шаш
маңдайыңа.
Алаңсыз қуанысып шалқып жүрміз,
Біз бүгін ұстаздардың
арқасында.
Ұстаздар-тыншымайтын
еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген,елге
еккендер.
Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың
зерлеткендер, - дей отырып «Ұстазым менің,
Ұстазым!» атты мерекемізді
бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Жүресіз баршамызды
сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Асыл қасиет жас жүрекке
сенсеңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін
септіңіз.
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет еттіңіз.
Үстем болып әрқашан мерейіңіз,
Құтты болсын бүгінгі
мерекеңіз!
2-жүргізуші: Ұстаз мейірімі – Ана
мейірімі парапар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар өмірге шуақ боп,
Айналайын білім берген
ұстаздар!
Ұстазым - екінші апам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін
деп
Күнде құшақ жая шығар
алдан .
Бүгінгі шашуымыз, ұлағатты ұстаздар,
сіздерге арналады.
Екі
жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты
болсын!
1-
жүргізуші:
Ән : Санақ Инабаттың
орындауында «Ұстаз ана» әнін қабыл алыңыздар
1-Жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде
қаншама мән – мағына жатыр десеңізшіІ Ұлағатты ой иелері де, арман
оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де парасатты қоғам
қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстаз дихан
сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап
өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады. Сол үшін
бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп тер
төгеді.
2-жүргізуші: Ұстаз еңбегі ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең
мағына жатыр.
Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі
болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру
үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат
атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар сірә?!
Ән: Қалдар Даниярды қабыл
алыңыздар
1-жүргізуші:
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз»
деген,
Бар тіршілік бақытты
ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана
берем!
Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны- бала
қамы.
Баладан ұстазына мың сан алғыс,
Өйткені ол ұстазының ақ арманы.
2-жүргізуші:
Бар тәлімін беріп елдің жанына,
Бір кездері қырауланар шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен
ғасырға.
Айта берсек ұстазға тіл
жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін
төкпеген.
Айтыңдаршы,адам бар ма өмірде
Ұстаздарға қарыздар боп
өтпеген.
Ұстаз,ұстаз қасиетті есімің,
Құттықтайды барша халық осы
күн.
Өзің берген біліміңе қандырып
Талай ұлан шәкірттерді өсірдің.
Ән: Санақ Рауан
қабыл алыңыздар
2-
Жүргізуші: Мұғалім апай ақ
жүрек
Жүреді бізге бақ тілеп
Білімі ұшаң теңіздей
Сөздері балдан тәттірек.
1
-Жүргізуші:Мектеп – кеме, білім –
теңіз,
Бойымызға сіңіреміз.
Ұстаздардың арқасында
Болашаққа біз жүреміз,
- .деп оқушылардың Мұғалімдерге
арнауына кезек берейік
Тақпақтар
Ән:8-сынып оқушысы
Смат Ақеркені «Мерекем» әнімен қабыл
алыңыздар
Жүргізуші: Ұстаз болу -жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы
Ұстаз болу –мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның
алтындығы,-деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан,үні ән
ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.Әрине,ұстаз жүгі-ауыр
жүк.Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен
әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық,әкелік сезімнің, дана
ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.
Жүргізуші:Ұстаз- ұлағатты
есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде
ұстаздардың еңбегі зор.Сондықтан да ол әрдайым қасиетті
тұлға!
Мөлдір бұлақ сылдырлаған
суымен,
Ормандарың шулап жатыр нуымен.
Ал баланың тәрбиесін
беретін,
Құттықтаймыз,ұстаздар мерекенің шарықтаған
күнімен!
жүргізуші: О,ұстаздар,басымды ием
сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер
күнінде.
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз
Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің
түбінде.
2-жүргізуші:
Мұғалімдік-ең құрметті
мамандық,
Жас ұрпақты өсіретін
адам ғып.
Ұстаздардан азаматқа таралған
Мол мейірім,ізгілік пен
адалдық.
Ән: Қалдар Даниярды
« Оқуда озат боламын » әнімен қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Ұлы өмірге жетелеп
Ашқан білім есігін,
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімі.
Жүргізуші:
Келешекке-алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап
Ұстаз атты ұлы есім!
Хор «Ұстазым» орындайтын 8 – сынып
оқушылары
Жүргізуші:
О,ұстазым, ұстаз деген-ұлы
ұғым,
Кәусарынан қанып ішкен тұнығын.
Еңбегіңе мен де жеміс тілеймін,
Шалқып өтсін шәкіртің мен
ғұмырың
Жүргізуші:
Тілейміз біз амандық пен
бақытты,
Тілейміз біз қуаыныш
пен шаттықты.
Білім алған ұстаз деген ұлыдан
Біздей шәкірт шынында да
бақытты!
Жүргізуші:Сіздерге мықты
денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс
тілейміз! Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің
ертеңі болатын өрелі өреңдерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан
ұшыра беріңіздер! Осымен мерекелік іс – шарамыз аяқталды. Қош сау
болыңыздар