Тәрбие-тал бесіктен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие-тал бесіктен

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекені»

Жоспары:

І. Ұйымдастыру

1.Шаттық шеңбері (психологиялық ахуал)

2.Топқа бөлу. (Бақыт, береке, бірлік, ынтымақ) 4 топқа бөлінді.

3.Кіріспе.

Отбасы деген не? Отбасының құндылықтары қандай?

4.Бейнекөрсетілім «Жанұям менің»

5.Топтық жұмыс.

6. «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз».

7. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер»

8.Қорытынды

9. Рефлексия

Шаттық шеңбері (психологиялық ахуал)

Анашым ана жаным,

Аяулы алақаның

Есейіп кетсем дағы,

Мен сенің балапаның

Анашым ана жаным

Мейірбан бала жаным,

Бақытым емес пе еді?

Өмірді сыйлағаның.

Өмірі гүлдей

Көңілі күндей

Жадырап күндей

Жан анашым

Осы әнді сізге

Арнаймыз бізде

Келіңіз жүзге

Жан анашым .

Топқа бөлу. Оқушыларға әртүрлі фигуралар таратылды. Сол бойынша /Бақыт, береке, бірлік, ынтымақ/ 4-топқа бөлінді.

Кіріспе.

Қазақ қоғамында отбасы –өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы-үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қуанышқа, қызыққа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы-ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі-бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың, келін мен ененің, аға мен інінің, әпке мен сіңілінің,іні мен қарындастың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін әркез адамгершілік, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Ата-ананың ақылы,

Сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы,

Сарқылмайтын көлмен тең. /халық мақалы/

4.Бейнекөрсетілім «Жанұям, менің»



Оқушыларға сұрақтар. Бейнекөрсетілімнен қандай ой, пікір түйдіңдер? Жауаптарын тыңдау.

1 тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. «Бала» (Синквейн құрау)

2-топ. «Әке» (Синквейн құрау)

3-топ. «Ана» (Синквейн құрау)

4-топ. «Отбасы» (Постер құрау)

Бағалау. Әр топ бір-бірін бағдаршаммен бағалайды.

2 тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. «Отбасы» туралы өлең жолдарын айтады.

2-топ. «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.

3-топ. «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.

4-топ. «Отбасы» туралы мақал-мәтелдер айтады .

Әр топтар парақ қағаздарға тапсырманы орындап, тақтада қорғайды.

Бағалау. Топтар бір-бірін басбармақпен бағалайды. Бағалау себебін айтады.

6. «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»

Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке тәрбиесі арқылы, ұл бала үйдегі жұмысты, сырттағы ер балаға қажет тағылымдарды көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа тәрбиелейтін болған. Міне, бұл ұл тәрбиесі. Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ардақтысы, жанашыры. Ана ақылды болса, бала дана болады. Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесіне өмірге бейім, еңбекқор, ибалы, өнегелі етіп тәрбиелеу ананың міндеті. Қыз баланы ізетті, ісіне көркі сай шебер етіп тәрбиелеу арқылы бойына нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін дарыта білген. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының ықпалы мол. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Ата-ананы мәңгі қадірлеу, қастерлеп, құрмет көрсету, қамқорлық жасау әрбір баланың парызы.

7. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер»

Ата-аналар /6 «а» сыныбынан әкелер, «б» сыныбынан аналар сабаққа қатыстырылды/

«Түйіннен түйін түйген» әкелер сахнада.

Әкелер /Сакен, Ерболат, Бақытжан/

Отбасында ұл баланы қалай тәрбиелейсіз?

Әке қылығы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, іс әрекеті балаға беріледі. Ұлдың тәрбиесі әкеге сын. Ержүрек, намысшыл, адал, байсалды, жігерлі етіп тәрбиелеу әкеге байланысты. Әкенің бойынан өте жағымды, адам баласы сүйсінетін қасиеттер табылса, оны көріп, бойына сіңіріп өскен бала, елін, жерін, Отанын қорғайтын азамат болары сөзсіз.

Әкелер сахнаға шығып, әке ретінде жанұясында ұл балаға берер үлгі, өнеге ретінде қолдан жасаған бұйым заттарын, жасау жолдарымен таныстырды. Шыдамдылық, еңбекқорлық, төзімділік, ерінбеу және басты білім т.б. жақсы қасиеттер, бұйым жасауда кез-келген адам баласының бойынан табылуы керек.

Аналар /Жанар, Қорлан/

Отбасында қыз балаға берілетін тәлім-тәрбие. Өмір сүруге бейім, ақылды, өнерлі, инабатты, сыпайы, мәдениетті қылып тәрбиелеу әрбір қазақ анасының борышы. Сәбиді жарық дүниеге әкелген соң, жақсы өнеге беру ата-ананың міндеті. Күнделікті тұрмыста ас әзірлеу, тоқыма тоқу, кесте тігу, киім пішу, тәтті /кондитерлік/ өнімдерді дайындау жолдары туралы әңгімеледі. Он саусағынан бал тамған шебер, өнерлі аналар қыз балаға өзінің бойындағы әртүрлі өнерді үйретуде жалықпау, ерінбеу керектігіне тоқталлы. Өйткені, қазақта қыз баланы тәрбиелеу анаға сын. «Шешесіне қарап, қызын ал» деген мақал сөз бар. Отбасында ана қандай болса, қыз балада сондай болып өсіп, бой жетеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді.

Әр ата-ана өз бойындағы өз бойындағы өнерді, балаға қалай үйретеді? Осындай сұрақтарға ата-аналар жауап бере алды.

Қорытынды:

Ананы сыйламағанның ақылы кем,

Әкені сыйламағанның жақыны кем.

Ананың мейірімі көзінде,

ықыласы көңілінде,

ақылы сөзінде болады.

Әр қазақтың отбасының іргетасы мәңгілікке берік болсын, ошақтың оты сөнбесін, шаңырақ шайқалмасын, әкелердің жүрегіне қайғы келмесін, аналардың жүзін мұң шалмасын, балалардың жаны күйзелмесін.

Отбасы – менің жүрегім,

Отбасы – менің тірегім

Отбасы – менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім!

Рефлексия.

Әрбір оқушы алдын ала үйде қағаздан жасап әкелген үй қорапшасына, ата-анаға арнап, өз жүректерінен шыққан жылы лебіз, тілектерін стикерге жазып жапсырады. Ата-аналарына тапсырады.





















Хабарлама

2019-2020 оқу жылында «Өкпеті» орта мектебінің 6 /а,б/ сыныптарында

«Отбасы-бақыт мекені» атты тақырыпта бірлескен ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Шаттық шеңберіне тұрғызылды. Психологиялық ахуал. Ынтымақтастық атмосферасы құрылды. «Анашым, жан анам" тақырыбындағы әнді орындады.

Топқа бөлу. Тәрбие сағатының тақырыбына байланысты /Бақыт, береке, бірлік, ынтымақ/ топтарына бөлінді.

Отбасы туралы мағлұматтар берілді. «Жанұям менің» деген бейнекөрсетілім ұсынылды.

Оқушыларға топтық жұмыстар орындатылды. Оқушылар синквейн құрап, постер жасады. Эссе жазылды, суреттер салынды, ән шырқалды, мақал-мәтелдер айтылды. Бағалау бағдаршам, басбармақ әдісі арқылы жүргізілді.

Отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны туралы мағлұматтар айтылды. Ұл мен қыз тәрбиесіне тоқталып, ата-ананың осы жайлы пікірлері тыңдалды. Ата-ана өз бойындағы өнерді балаға қалай үйретуде? Сабаққа қатысқан екі сыныптың ата-аналары бұйым жасауда, негігі жолдарын әңгімеледі. Яғни, ата-ана қандай болса, ұяда өсіп келе жатқан

Балдырғандар да сондай болмақ. Сондықтан әр отбасында әке мен шеше алдындағы үлкен міндет балаға дұрыс бағыт- бағдар беріп, түзу жол көрсету керек. Балаларды болашақта өзегі өкінбейтіндей, адалдыққа, адамгершілікке, еңбектене білуге тәрбиелеу отбасындағы адамдардың міндеті болмақ.

Қорытынды.

Ана-ақылшың,

Әке-қамқоршың,

Ағаң-қамқоршың,

Інің-сүйенішің,

Қарындасың-қанатың



Сараптама

2019-2020 оқу жылында «Өкпеті» орта мектебінде 6 «а,б» сыныптары арасында «Отбасы –бақыт мекені» тақырыбында сынып жетекшілер А.Қасымханова мен Ә.Қасымбаева бірлесе ашық тәрбие сағатын өткізді.

Сабақ барысы құрылған жоспар бойынша жүргізілді. Ұйымдастыру, психологиялық ахуал. Ашық тәрбие сағаты басында ынтымақтастық атмосферасы құрылды. «Анашым, жан анам» атты ән шырқалды.

Оқушыларға фигуралар таратылып, сол бойынша 4 –топқа бөлінді.

Ашық тәрбие сағатының тақырыбына байланысты «Бақыт, береке, бірлік, ынтымақ» топтарына бөлінді. Топ аттарын осылай алған себебі: осындай нәрселер отбасында болса, онда өскен, тәрбиеленген бала ақылды, тәрбиелі, өнегелі болары сөзсіз.

Кіріспе. Отбасының құндылықтары қандай? Отбасы деген не?

Отбасы туралы қысқаша мағлұматтар берілді. Отбасы –әр адамның өз Отаны. Баланың тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Оған ата-ана әрдайым жауапты. Отбасында ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі ата-анаға сын.

«Жанұям, менің» бейнекөрсетілім көрсетілді. Онда отбасы туралы мәліметтер айтылды.

Сол бойынша оқушыларға қандай ой түйгендері арқылы сұрақ-жауап жүргізілді. №1, №2 топтық тапсырмалар орындатылды. Оқушылар қағаздарға жазып, тақтада қорғай алды. Бағалау жұмыстары жүргізіліп, не үшін осылай бағалағаны туралы айтты.

«Отбасының жемісі: ұл мен қыз» бөлімінде жанұяда әке мен шешенің орны туралы тоқталды. Отбасында адалды, адамгершілік, ізгілік, бір-бірін құрметтеу т.б. сияқты сыйласымдық қасиеттер болса, оны көріп, бойына сіңірген бала дана болатынына сенеміз.

Сабақта жоспар бойынша жүргізілді. Мақсатына жетті.



Сынып жетекшілер: А.Қасымханова, Ә.Қасымбаева.

















«Өкпеті» орта мектебі КММ

















«Отбасы –бақыт мекені»

/ашық тәрбие сағаты/

6 /а,б сыныптары/











Өткізген сынып жетекшілер:

А.Қасымханова.

Ә. Қасымбаева.







2019-2020 оқу жылы.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2021
420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі