Материалдар / «Тәрбие тал бесіктен басталады»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәрбие тал бесіктен басталады»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған. Аяулы анасы бөбегін әдемі әлдиімен сусындатып, ардақты әженің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы, еліне елеулі болады деп сенген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2021
261
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Уразгельдиева Айсара Тажибековна
№ 74 «Айдана» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Шымкент қ.

«Тәрбие тал бесіктен басталады»
Қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен
бастап оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл-ойының жетілуіне дейін
үлкен көңіл бөлген, деп жазады аsylarna.kz.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өзінің зарыға күткен перзенті дүниеге келгендегі
тебіренісі әр адамның ұрпақ сүйгенде бастан кешетін сырлы сезімін бейнелегендей.
Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
Иә, ақын толғанғандай, күллі әлем сүйінші сұрайтындай қуаныш қой бұл. Дана
қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған. Аяулы анасы бөбегін
әдемі әлдиімен сусындатып, ардақты әженің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына
бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы, еліне елеулі болады деп сенген. Іңгәлап,
дүние есігін ашқан соң бала аппақ парақтай пәк болары анық. Ал сол ақ параққа ақпарат
берер – ата-ана, қоршаған орта. Сол себепті ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де маңызды мәселе.
Бесікті тербете отырып ән айтып, тілге тарқан. Бұл – тәрбие басы. Бұл – халқымыздың сан
ғасырдан бері баланы бағып-қағап, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі
жинақтаған тәжірибесі. Ертеде қазақ баласының балалық шағы, тәрбиесі қандай болып
еді?! «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» демекші, сәбилі отбасы қашанда береке
мен қуанышқа толы. Алланың берген таптырмас сыйын қазақ халқы қалай тәрбиеледі?
Он бестегі ұлына ел басқартқан халық


Page 2

Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып
келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге
тырысқан. Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін,
суды қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын
әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың
бойына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте
түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін баласының
бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де «Сен оңбассың, адам
болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн көрмеген. Адамдықтың
парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған. Қазақ баласының
санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген.
Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі
ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген.
Баласын төзімділікке баулыған халық
«Тәрбие» сөзі араб тілінен аударғанда, «көктету, өсіру, жетілдіру» деген ұғымды береді.
Яғни, сәбидің болашағы осы алған тәрбиесіне тікелей қатысты болары хақ. Дана қазақ
ұрпаққа тәрбие беру жолында еш аянып қалған емес. Ең алдымен, дүниеге қыз келсін, ұл
келсін, қуана қарсы алып, сол шаттығымен жақындарын шақырып, ақ дастархан жайып
бөліскен. Бала мен ананы зиянды күштерден, жаман адамдардан, жын-шайтаннан
қорғауды және сәбидің дені сау болып өсуі мен дамуы үшін жағдай жасауды мақсат
тұтатын салт-дәстүрлерге үлкен мән берілді. Баланы бесікке салу салты да осы мақсатқа
сәйкес келеді. Бесік – Орталық Азия өңірінде ерте кезден қолданылатын тербеткіштің
түріне жатады. Дәстүрлі қазақ бесігі осы уақытқа дейін пайдаланылады, оның себебі
бесіктің өте қарапайым, бірақ сонымен бірге көп әбігерге түспестен баланы таза ұстауға
мүмкіндік беретін аса ыңғайлы құрылысына байланысты болса керек, ал бұрынғы
замандарда көш кезінде де сәбиді тасымалдауға қолайлы болған. Бесіктің құрылысында
қарастырылған сәбиді жөргекке қатты етіп құндақтау баланы шыдамдылыққа, төзімділікке
баулиды. Ұлтымыз бесікті ешқашан тастаған емес, келесі бала туғанға дейін отбасында
сақтаған.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!