Материалдар / тәрбиелік әдеби-сазды кеш "Мұқағали әлемі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбиелік әдеби-сазды кеш "Мұқағали әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша білім беретін ұйымдардағы мұғалімдерге пайдалы жоспар, жас мамандарға көмекші құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай

«Мұқағали әлемі » атты әдеби-сазды кештің сценарийі.


Мақсаты: а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. 
ә) тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу. 
б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту. 
Көрнекілігі: Шарлар, тақырып, видеоролик

Инара: Қайырлы күн, қадірменді өнер сүйер қауым! 
Ержан: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали әлемі » атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 

Би:
Ержан:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: 
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқиды. Мұқағали шын мәнінде, біртуар екенін халыққа таныта білді. 


Инара: Күй ойнайды қазағымның қанында, 
Күй ойнайды қазағымның жанында,
Жүрегімнің, жүрегінің дүрсілі 
Күмбірлеген домбырасы барында.

Домбыра, жүрегіммен үндес едің, 
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін, 
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң, 
Өмірдің не екенін білмес едім.


Ержан: Домбыра сыныбының 4 – сынып оқушысы Қарлыбаева Мадинаның орындауынды Махамбеттің күйі «Өкініш»

(күй)

Ержан : М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді. 

Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді. 

Инара: Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға, жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек», т.б кітаптары жарық көрді.


Ержан: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлеңі, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндері жазылды.  Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды. 


Инара: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді. 

Ержан: «Мұқағали әлемі» атты әдеби-сазды кешімізге дәстүрлі ән сыныбының 3- сынып оқушысы Солдат Инараның тартуы. Халық әні «Гүлдерайым». Қабыл алыңыздар!

(ән )


Ержан: Бүгін менің туған күнім, 
Ой бәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай. 
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып, 
«Мынау шапан, 
Мынау атың мін » демей. 
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп, 
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен бәрібір өзіңменен бір болам
Өзегінен тепсең –дағы ұлыңды.



Инара: Ендеше, қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең

ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік. 


  1. Төремұрат Нұрқуат – «Үш бақытым» (поэзия оқиды)

  2. Ән: Сәдірбек Ақерке «Жас қайың»

  3. Бисембай Ырысбек – «Поэзия»

  4. Ән: Дошаева Аңсаған – «Есіңе мені алғайсың»

  5. Базарбай Жұлдыз – «Шеше сен бақыттысың» (актерлік шеберлік)

  6. Ән: Абдулмажит Нұрхат- «Сәби болғым келеді»

  7. Оразбай Ұлданай – « Өкінбеймін»

  8. Ән: Қойланбаева Ақбота – «Бақыт деген»

  9. Ізмұхан Жания – «Анашым»

  10. Қыдырша Аружан – «Отан»

  11. Мұғалімдер номері: Меңдіғалива Жансая – «Көздеріңе ғашықпын»

Шыршықбаев Мағжан – «Жарығым- ай»



Инара: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. 

Ержан: Осымен М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали әлемі » атты әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!