Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәрбиенің мәні және қоғамдағы атқаратын рөлі
Тәрбие – бұл қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатын, жүйелі қалыптастыру процесін, аға ұрпағымыздың тәжірибесін келешек ұрпаққа меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамыту көзделеді. Ересек буын қоғамдағы тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастыру нақтылы мәселелер мен әдістердің бірі болып қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек.
К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет етіп қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" – деген.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.
Дүниетіным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетіным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы таным істі дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
- оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
-оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады.
«Даналықтан асқан байлық жоқ, тербиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған жоқ», - деген екен.Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашан да халқымыздың өлең-жырларынан, тапқыр, шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен, бабалар өсиеттерінен тиісті орын алып отырған.
«Адам арын ойлайды,надан дүниеге тоймайды», «Ақыл қайрат білімді тең ұстаған – зор болар», «Ойсыз, жігерсіз, білімсіз өмір кешкен қор болар», «Ақылды ұл-білім іздер, ақылсыз ұл-шылым іздер»,осындай адамгершілікке, имандылыққа баулитын нақыл сөздер халқымызда өте көп.
Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» дел біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын өз өмірлерінде дұрыс қолданғандығы жәйлі айтып өткен. Себебі атадан мұра болып келе жатқан ұлағатты сөздердің түп төркіні осыған жетелейді. Мысалы тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Біздің қазақта тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Өмірлеріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырвп кеткен.
Қазіргі кездегі әке-шешесін, ата-әжесін, туған баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуына себепші және арақ ішу, есірткі шегу, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қылықтарға ие жандар қоғамда бар екені рас.Әдептен алыс,жан баласына әрі жат, әрі жағымсыз қылықтарды бойына сіңірген адам адамгершілік қасиеттен де жұрдай. Оның қоғамға, өмір сүріп жатқан ортасына әкелер әлегі,қаупі де зор. «Құдайдан қорықпағаннан қорық»,- дейді дана халқымыз. Иманнан жұрдай кісінің қоғамға да пайдасы жоқ азаматтарымызда бар.
Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу руханиятымыздың одан әрі қарай өрбіп өсуіне шек қоймауымыз керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиенің мәні және қоғамдағы атқаратын рөлі

шағым қалдыра аласыз