«Тәрбиеші – педагогтің дара қәсиеттері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәрбиеші – педагогтің дара қәсиеттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәрбиеші – педагогтің дара қәсиеттері»
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Тәрбиеші – педагогтің дара қәсиеттері»

Ұстаздың жеке дара қасиетті деп – жауапкершілік, төзімділік,

еңбексүйгіштік,қарапайымдылық, т.б. қасиеттер үлгі тұтылады.

Әсіресе сөйлеу шешендігі мен ойлау қабілеті,баланың жан-дүниесін түсіне білуі және осыған тиімді іс-әрекет қолдануы әрі ұстаздың ғылыми жұмысына үлкен назар аударуы оның қабілеті мен қасиетін анықтайды.

Зерттеу барысында педагогті жеке субьект ретінде оның педагогикалық шеберлігін қарастыра отырып оның жеке дара ерекшелігімен байланыстырады.

Орыс психологтары педагогтарға осы жеке ерекшеліктеріне көп көніл бөлген. Осы қасиеттері арқылы тәжиребелі деген ұстаз портретін көруге болады.

  1. Жеке дара ерекшелігі педагогикалық қызметте.

Н:В: Кузьминанның айтуы бойынша педагогикалық қызметтің шыны – жеке дара ерекшелік ең қажетті қозғаушы күші болып табылады. Ол ұстаздың мақсатқа жету барысында үш сатыны атап көрсеткен:

  1. Шынайы педагогикалық қызмет;

  2. Немқұрайлы педагогикалық қызмет

  3. Шынайы есмес педагогикалық қызмет

Осы үш талғамның біріншісі педагогикалық қызметте үлкен биіктен көрінуге көмектесетін зор қабілет табылады.

  1. Шеберлік құрылымдағы педагогикалық әрекеттің субьектісі.

Жеке дара ерекшелік ұстаз мінезіңде жеке шеберлігінде үлкен рөл ойнайды. А.К. Марковтың құрылымдық структурасында ереже, педагогикалық шеберліктегі модельдер, шеберлік қағида, ұстаздық еңбек; өзіне және басқаларға баға беру айтылады. Ұстаздың қоғамдағы бағасы өз-өзіне сенімді болған да ғана шынайы болады.

  1. Адамның педагогикалық әрекеттегі сәйкестігі.

Жеке тұлғалық құрылымда педагогикалық әрекет субьектісінің қасиеттеріне талдау жасағанда,оны индивидті, туа біткен және жеке тұлғалық сипатпен байланыстыруғға болады. Жеке тұлғалық құрылымды К. К. Платонов ұсынған болатын.

К. К. Платонов жеке тұлғаны күрделі құрылым ретінде қарастырады, оны төрт иерархиялық құрылымға бөледі: «Төртінші ең төменгісі, негізгі биологиялық жеке құрылымы, оған темперамент, жас ерекшелігі, жыныс ерекшелігі сияқты кіреді. Олар қайталау, жаттығу жолымен қалыптасады; үшінші құрылымға әлеуметтік жолмен жасалған жаттығулардың негізіндегі биологиялық талаптардың жеке ерекшелігіндегі психологиялық процесс,ол бейне формасы ретінде болып келеді; екіші құрылым тәжірибе, оған білім, еп-дағдылар және әдеттер кіреді, олар оқу барысында пайда болады; бірінші ең жоғарғы құрылым әлеуметтік құрылым сипатындағы кісінің өөмірлік бағыты болып келеді. Ол тәрбиелеу жолымен қалыптасады».

Берілген жеке тұлғалық құрылымындағы маңызды байланыстар: әлеуметтік және биологиялық, оқыту мен тәрбиелеу, психологияның бейне формалары жинаған тәжіребесі.

Жеке тұлғалық құрылым жайында осындай мәлімет ала отырып және әрбір құрылымның қабілеттерді қалыптастыруына байланысты педагог әрекетіндегі адамның психологиялық мінеездемесінің сәйкестігіне үш жоспар шығара аламыз: бірінші сәйкестік бағдарлама бейімділік, жарамдылық жалпы ерекше емес мағынада болады. Бұл адамның биологиялық, анатомия- физиологиялық және психикалық ерекшеліктерді анықтайды. Педагогикалық әрекеттегі бейімділік «Адам- Адам» типінің әрекетіне қайшылықтың жоқтығын көрсетеді (мысалы, есту мүкістігі, тіл мүкістігі, және жарым естілік т.б). Ол адамның интеллектуальды даму нормасын, жақсы эмоциональды күйді және де коммуникативті – танымдық белсенділіктің дұрыс даму деңгейде дамуын анықтайды.

Педагогтің өз мамандығына сәйкес мамандығына сәйкес келуінің екінші жоспары – даярлық. Ол «Адам- Адам» кәсіби типіне рефлекстенген бағытты және оның дүние көзқарасының жетілуін, үлкен және кәсіби – пәндік білгірлікті, сонымен бірге коммуникативті – дидактикалық қажеттіліктерді қарастырады. Бұл сәйкестік К.К. Платоновтың жеке тұлғалық құрылымының барлығында функционалды түрде жүреді.

Қосылу сәйкестіктің үшінші жоспары. Ол сөйлесушімен жеңіл, лайықты қарым- қатынас жасауды, оның реакциясын байқау, барлық нәрені дұрыс қабылдау, қарым- қатынастан ләззат алуын қарастырады. Балалардың реакциясын қабылдап алуы мен интерпритациялауы, көру мен есту сигналдарын сараптап алуын « жақсы коммуникатор» ретінде қабылдайды. Жақсы педагогикалық қарым – қатынас жасаудың маңыздылығын қарастыра отырып , зерттеушілер арнайы педагогтің коммуникативті қабілеттеріне қатты назар аударады. Себебі қазіргі уақытта кейбір педагогтар «педагогикалық қатынастың құрылымдық заңдарын біле бермейді, өйткені олардың коммуникативті мәдениеті аса дамымағандықтан».

Мұнда ескеретін бір жайт бар, ол педагогикалық әрекеттің сәйкестігі әрбір қарастырылған жоспардың мақсатқа бағғытталған жұмысының нәтижесінде даму мүмкіндігі. Педагог өзінің мамандығының барлық жоспарға сәйкестігі мен педагогикалық әрекеттің талабы мектепке дейінгі балаларымен жұмыс істегенде айқын байқалатының көре аламыз.

Педагог – психолог ғалымдар тән елуге жуық дара қасиеттерді анықтаған. Оларды атап айтсақ: әдептілік, ойлампаздық, талғампаздық, көрегенділік , жылыжүректілік, ықыластылық, төзімділік, ұстамдылық, ілтипаттылық , биязылық адамгершілік, азаматтық, іскерлік, тәртіптілік, мейірімділік, жомартжасандық, рақымшылдық, адамдық, арлылық, ақниеттілік, тілектестілік , идеяға сенімділік, ынталық, белсенділік ақжүректілік, көншілдік, сыншылдық, логикалық, балаларға сүйіспеншілдік, байқампаздық, табандылық, жауапкершілік, жайдарлылық, ақкөнілдік, жинауылық, ұқыптылық, ашықтық, үйірмелдік, саяси кемелдік, тектілік, ұлт – жандылық, шыншылдық, білімпаздық, мұқияттылық, принципшілдік, тыңғылықтылық,бастамашылдық, өзіне сыншылдығы , сыпайлық, қарапайымдылық, әділдік, тайқырлық, жаңалыққа құштарлығы, жақсыға ұмтылушалық, әрқашан білімін көтеруге ұмтылушылық, намысшылдық, өз басының қадірін түсіну , сезімталдық, көңіл күйдің әсерленгіштігі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі