Тәрбиеші -ұлы тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиеші -ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз ұлы тұлға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бірінші байлық – денсаулық»


"Бірінші байлық -денсаулық " дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаңыз, денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті - ақ!
Мордва халқының: "Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін" деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп - оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы - зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т. б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды. (Халық мақалы)

Қазақстан Республикасының
бірінші Президенті Н. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз.
Осы күнге дейін, шынын айтқанда, адам өлімінің көбеюіне, сәбилердің шетінеуіне, халық денсаулығының төмендеуіне тек медицина қызметкерлерін ғана жауапты санап келсек, енді міне, мұндай келеңсіздіктердің болуына әсер ететін түрлі себеп - салдарларға көңіл бөлініп, оған тосқауыл қоюдың жолдары белгіленіп отыр.
Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті - ақ.Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен - жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді
.

Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адам зардап шегіп, әр түрлі ауруға шалдығып жүр десеңізші! Ол бейшаралар қазіргі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен емші - экстрасенстерге алданып, ауыруларын әбден асқындырып алып, емханалар мен дәрігерлердің бірінен екіншісіне жүгіріп, әуре - сарсаңға түсуде. Өз денсаулығын өздері бұзып жүрген осындай адамдарды көргенде, шарасыз жағдайларына жүрегіңіз сыздап, қапаланып қаласыз.

«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырғаны шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.

Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50 % дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз.

Бұл қауіпті жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, дәрігерлерді, ғалымдарды шындап толғандыруда.

Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр.

Пандемия – жаңа ауру түрінің жаһандық ауқымда таралуы. Гректің "пандемос" деген сөзінен шыққан. Қазақшасы – "барлық адамға тиесілі". Мамандар бұл терминді ауру әлемнің түкпір-түкпіріне таралған жағдайда қолданады.

Пандемия сөзінен қорқудың қажеті жоқ: бұл аурудың қауіптілігінен бұрын оның таралу ауқымын білдіреді және жұқпалы ауруларда ғана қолданылады. Аурудың таралу ауқымы мен жұқтырғандар саны арта түссе, эпидемия пандемияға айналады.

Қазіргі танда, өте өкініштісі осы пондемиямен күрес дүниежүзілік соғыс болып табылды. Халқым осы ауыр жағдайдан аман-есен шығуын тілеймін. Менің осыдан артық арманым болмас еді.

Қазақ жері,қазағымның азаматтары аман болғай!





Тәрбиеші: Меруерт Мауленовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
324
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі