Тәрбиеші болу бір бақыт мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиеші болу бір бақыт мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер мен ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші – болу бір бақыт. Picture 1

Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегеніме еш өкінбеймін. Тәрбиеші – ол балаға бағыт-бағдар, тәлім тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Тәрбиешілер - ішкі жан-дүниесі бала жандар. Мен үшін балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақандарын менің алақаныма қойып өз құпияларын айтып маған сенім білдіреді. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Осы жолда жақсы нәтижеге жету үшін тәрбиешілердің негізгі серіктері – ізденіс, талапшылдық және шығармашылық.

Балабақшадан балалардың алатын тәрбиесі көп деп ойлаймын. Әр баланың мінезі әр түрлі болып келеді.. Бірі жылдам болса, бірі баяу, бір бала өз-өзімен отырғанды жақсы көреді. «Адамды тәрбиелеу демек оның екінші қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу»деп А.С.Макаренко айтып кеткендей бізде балаларға бір нәрсе болсын үйрете алсақ, ол бізге және ата-анаға үлкен қуаныш сыйлайды. Біз балаларымыздың болашағына жауапты жандармыз. Балабақшадан балалардың алатын тәрбиесі өте көп. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше тәрбиеші әр күнді үлкен ізденіспен өткізуі керек деп ойлаймын. «Тәрбиеші – бағбан, бала –гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы.Осы қағиданы ата-ана мен тәрбиеші бірігіп пайдалансақ,балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осы мамандық иесі атанғаныма жеті жыл болыпты. Шын жүректен қалаған мамандығың әр кезде де жақсы жетістікке апарары сөзсіз. Ал тәрбиеші болу – айтуға оңай болғанмен, қиыны мен қызығын қатар алып жүретін , елдің ертеңгі болашақ азаматтарын тәрбиелейтін тәрбиелі адам болу. Бүлдіршіндеріміз балабақшаға бар ынтасымен, қуанышты көңілімен келсе, мақсатымыздың орындалғаны деп есептеймін. Өзімді бақытты ұстаз, бақытты тәрбиешімін деп сезінемін. Өз мамандығымызды сүйе білейік!

ШҚО б/б Катонқарағай ауданы

білім бөлімінің «Айгөлек»

бөбекжайының тәрбиешісі

Базилова Арайлым Болатжановна.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2021
1084
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі