ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Ш.Ж.Нарынбаева, тәрбиеші, педагог-модератор
№81 «Әсемгүл» балабақшасы, Астана қаласы
Аннотация. Бұл мақалада тәрбиешілердің цифрлық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары, маңызы мен әдістері талданады. Цифрлық құралдарды қолданудың тиімді тәсілдері мен әдістемелік кеңестер ұсынылған. Сонымен қатар, тәрбиешілердің цифрлық дағдыларын жетілдіру үшін нақты іс-шаралар жоспары берілген.
Аннотация. В этой статье анализируются основные направления, значение и методы повышения цифровой грамотности педагогов. Представлены эффективные способы использования цифровых инструментов и методические рекомендации. Кроме того, дан четкий план действий для улучшения цифровых навыков педагогов.
Түйін сөздер: цифрлық сауаттылық, тәрбиеші, балабақша, цифрлық технологиялар, интерактивті тақта, мультимедиа, әдістемелік кеңестер, цифрлық оқыту.
Ключевые слова: цифровая грамотность, воспитатель, детский сад, цифровые технологии, интерактивная доска, мультимедиа, методические советы, цифровое обучение.
Қазіргі заман талабына сай, білім беру саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданыс табуда. Балабақша тәрбиешілері үшін де цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру – кәсіби дамудың маңызды шарты. Өйткені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейту міндетін қойды. «Қазақстан жасанды интеллект кеңінен қолданылатын және цифрлық технологиялар дамитын елге айналуы тиіс», деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сонымен қатар биылғы жылы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде де Қасым-Жомарт Тоқаев «бұл салада жастарымыздың әлеуеті, менталитеті мен талантының арқасында "қазақстандық серпіліске"нақты мүмкіндік бар екенін атап өтті. Цифрлық сауаттылық балалардың білім алуына тиімді жағдай жасауға және заманауи әдістерді енгізуге мүмкіндік береді» деді.
Қазіргі сандық дәуір оқу процесін тиімді ұйымдастыруда интерактивті құралдар мен платформаларды пайдалану, кәсіби біліктілікті арттыруда жаңа технологияларды меңгеру арқылы білім беру сапасын жақсарту, балалармен қарым-қатынасты жақсартуда цифрлық құралдарды шығармашылық әрекеттерге қосу, тәрбиешілердің заманауи талаптарға бейімделуінде технологиялық өзгерістерді игеру секілді цифрлық сауаттылықтың маңызын арттырып отыр.
Енді осы тәрбиешілердің цифрлық сауаттылығын арттырудың жолдарына тоқталып өтсек:
-
Біліктілікті арттыру курстары
- заманауи цифрлық құралдар мен платформаларды пайдалану бойынша оқыту;
- вебинарлар мен онлайн курстарға қатысу (мысалы, "Bilimland", "Edmodo", "Kundelik").
2. Практикалық семинарлар:
- интерактивті тақталарды қолдану әдістемесі;
- балаларға арналған цифрлық ойындар мен қосымшаларды құру және пайдалану.
3. Жеке коучингтер мен тренингтер:
- әр тәрбиешінің жеке деңгейін ескере отырып, цифрлық дағдыларды үйрету;
- бейнесабақтар түсіру және оны монтаждау.
4. Тәжірибе алмасу:
- цифрлық сауаттылық тақырыбына арналған педагогикалық кеңестер өткізу.
- әріптестер арасында цифрлық құралдарды қолдану бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастыру.
Қазіргі заманғы балалар өсіп, дамып жатқан әлем - сандық сауаттылық әлемі. Сондықтан егер баласы ата-анадан артық желілік қызметтер жүйесін тез меңгеріп жатса, бұл жаңалық емес. Қазіргі өскелең ұрпақ білімді өзінің замандасы ақпарат технологиялар арқылы алуда (компьютер, интерактивті тақта, планшет, т.б.). Қоғамды ақпараттандыру мектепке дейінгі тәрбиешілердің алдына мынадай міндеттер қояды: заман ағымынан қалмай ілесу; балаға жаңа технологиялар әлеміне жол көрсетуші болуға; компьютерлік бағдарламаларды таңдауда тәлімгерлік көрсетуге, оның ақпараттық мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға, педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға және ата-ана құзыретін сабақтастыруда. Сондықтан педагог өз алдына кәсіби сауатты маман болса ғана, елдің болашағы алаңсыз білім алады.
Ақпараттық технологияларды меңгеру тәрбиешіге, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің маманына жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда өзін жайлы сезінуге, ал білім беру мекемесіне – ашық білім беру жүйесі ретінде жұмыс істеу және даму режиміне өтуге көмектеседі. Интернетке қосылған компьютерлер, мультимедиялық проекторды қолдана отырып оқу қызметін жүргізетін тәрбиешінің дәстүрлі технологиялар аясында ғана жұмыс істейтін әріптесінен білім беру тұрғысынан сапалы артықшылығы бар екені анық. ІТ саласында құзыретті педагогтар жан-жақты даму, өз білімін жетілдіру дағдыларын меңгереді. Баланың басты әлеуметтік ортасы балабақша болса, осы балабақша педагогтарының сандық сауаттылығын педагогтармен өткізілетін педагогикалық кеңестер мен әдістемелік отырыстарда, төмендегі келтірілген шараларға сүйене отырып білімдерін шыңдауға болар еді.
Әдістемелік кеңестердің мысалға алынған тақырыптары:
-
Цифрлық құралдарды сабақтарға жоспарлы түрде енгізу.
-
Интерактивті ресурстарды балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдау.
-
Цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтау (интернеттегі деректерді қорғау).
-
Тәрбиешілерге арналған цифрлық сауаттылық деңгейін бағалау және оған сай оқыту бағдарламаларын құру.
Сонымен қатар:
1. "Цифрлық әлемге саяхат" тренингі
Мақсаты: Цифрлық құрылғыларды қолдануды үйрету.
Нәтиже: Тәрбиешілер мультимедиа құрылғыларын күн тәртібінде тиімді қолданады.
2. "Интерактивті тақтаны қолдану" шеберлік сыныбы
Мақсаты: Интерактивті тақтаның негізгі функцияларын игеру.
Құралдар: Интерактивті тақта, бейнематериалдар.
3. "Цифрлық ойындар әлемі" вебинарлары
Мақсаты: Балабақшада қолданылатын білім беру ойындары мен қосымшаларды талдау.
4. "Цифрлық оқыту апталығы" іс-шарасы
Мақсаты: Тәрбиешілердің цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін арттыру.
Бағдарлама: Тренингтер, тәжірибе алмасу, қолданбалы шеберлік сабақтары.
5. "Бала және цифрлық орта" конференциясы
Мақсаты: Цифрлық сауаттылықтың тәрбиелік және білім беру аспектілерін талқылау.
Форматы: Дөңгелек үстел, презентациялар.
Міне, жоғарыда аталған іс-шаралардың көмегіне сүйене отырып, тәрбиешілер мен балабақша мамандарының цифрлық сауаттылығын арттырып, кәсіби деңгейлерін жоғарылатуға болады. Тәрбиешілердің цифрлық сауаттылығын арттыру – балабақшадағы білім беру сапасын жақсартудың және тәрбиешінің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі. Заманауи технологияларды меңгеру тәрбиешілерге балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Сонымен цифрлық сауаттылығын дамытуда педагогтің дайындығы келесідей негізгі бағыттарда қамтылуы тиіс:
-
технологиялық құралдарды меңгеруі
-
компьютерлер, планшеттер, интерактивті тақталар, AR/VR технологиялары сияқты құрылғылармен жұмыс істеу білуі, құралдарды пайдалануы;
-
бағдарламалық қамтамасыз етуді білуі;
-
онлайн платформалар (Zoom, Google Classroom, Microsoft Teams), мультимедиа құралдары (PowerPoint, Canva), цифрлық оқу материалдарын жасау бағдарламалары білуі;
-
техникалық мәселелерді шешу қабілетінің болуы;
-
бағдарламалық және аппараттық мәселелерді өз бетінше немесе техникалық қолдау арқылы шешуде шеберлігі болуы;
-
цифрлық педагогикалық әдістемелерді меңгеруі;
-
визуализация жасай алуы; деректерді көрнекі түрде ұсыну үшін анимациялар, диаграммалар және бейнелерді пайдалануы;
-
педагогикалық құзыреттіліктің болуы;
-
цифрлық материалдарды талдау және оны оқу процесінде ұтымды қолдануы;
-
цифрлық этиканы білуі; балалардың жеке мәліметтерін қорғау және интернетте қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын түсінуі;
-
үздіксіз кәсіби дамуы;
-
цифрлық құралдар мен әдістерді оқыту бойынша семинарлар, курстар, мастер-кластарға қатысуы;
-
әріптестермен өзара тәжірибе алмасуы;
-
цифрлық трендтерді бақылауы, жаңа бағдарламалар мен технологияларды өз бетімен зерттеуі.
-
психологиялық дайындығының болуы, цифрлық ортаға бейімделу және оны қолдану барысында туындайтын қиындықтарды жеңуге дайын болуы;
-
ата-аналармен жұмыста цифрлық құралдарды қолдану және балаларды цифрлық ортада қауіпсіз тәрбиелеу жолдарын түсіндіруі;
-
цифрлық мәдениетті насихаттауда сандық технологияларды дұрыс және тиімді пайдалануды көрсететін үлгі болуы.
Бұл дайындықтар педагогке цифрлық ортада тиімді және заманауи білім беруге мүмкіндік береді. Жалпы, әлемдегі сандық дағдарыс ел экономикасынан бастап барлық салаға үлкен жылдамдықпен еніп үлгеруде. Бүгінгі ұрпақ смартфондармен гаджеттердің тілімен өсуде, дамуда. Бала санасы миллиондаған талдауы жоқ, сараптамадан өтпеген ақпараттарға толуда. Балабақша педагогтарының цифрлық сауаттылығын дамытуда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, педагогикалық және техникалық дағдыларды үйлестіру, арнайы бағдарламалар мен әдістемелерді қолдану маңызды. Сонымен қатар, цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аудару және педагогтарды тұрақты түрде қолдау арқылы бұл үдерісті тиімді ұйымдастыруға болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана: 2016
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ақпараттандыру инфрақұрылымын дамыту саласындағы шетел тәжірибесін сараптамалық шолу. Алматы: «ҰАО» АО.- 2012.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз