Материалдар / «Тарих дөңгелегі» интеллектуалдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тарих дөңгелегі» интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. 2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. 3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Көрнекілік: презентация, интерактивті тақта, слайд. Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
2173
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыстың тақырыбы: «Тарих дөңгелегі» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: презентация, интерактивті тақта, слайд.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тарих дөңгелегі» атты интеллекутуалдық сайысымызға қош келдіңіздер.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда — дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

«Сұңқар» тобы:

«Алаш » тобы

«Мұрагер» тобы

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойын 4 айналымнан тұрады.

І.Бәйге ІІ.Кім тапқыр ІІІ.Жорға IV.Полиглот

Құрметті топтар бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар мүшелерін таныстырып өтейік.

-І кезең: «Бәйге» (Ойын шарты: топ басшысына арналып сұрақтар оқылады, әр топ дұрыс жауабы үшін 1 ұпайдан иеленеді)

1-топтың сұрақтары

1. Қазақ газеті қай жылдар аралығында шығып тұрды? (1913-1918жж.)

2.Атлах шайқасы болған жыл—751 ж

3.Ақ Орданың күш қуатын нығайтқан хан—Орыс хан

4. Алаш партиясы қай жылы, қай күні құрылды? (1917 жылы,шілде)

5.Үйсіндердің солтүстік-батыстағы көршісі—Қаңлы

6.Алматыдағы Республика алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» қашан ашылды?

(1996ж 16 желтоқсан)

7.Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты—1212ж

8. Әлихан Бөкейханов зираты қай жерде орналасқан? (РФ Дон бауырластар зиратында)

9.Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы қайда қашан өткізілді? (2002ж Түркістан қаласында)

10.Үйсін мемлекетінің билеуші—Шаньюй

2-топтың сұрақтары

1.Алғаш ислам діні тарай бастаған ел (Қарахан мемлекеті)

2. Әлихан Бөкейханов 1896-1904 жж қай зерттеу экспедициясына қатысады? (Щербина)

3. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы қай газетте жарияланды? (Қазақ газеті)

4.Шетелде студенттерді оқыту бағдарламасының атауы? (Болашақ)

5.ҚР-ның ұлттық вальютасы қашан айналымға енді? (1993ж 15қараша)

6. «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру туралы шешім қашан, қай қалада қабылданды? (1905 жылы, Оралда)

7. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды? (1635ж)

8.Шыңғыс ханның заңдар жинағы— «Жасақ»

9. Алаш қозғалысы қай жылы алғаш рет саяси сахнада көріне бастады? (1905 жылы)

10. Қазақстан қай материкте орналасқан? (Евразия)

3-топтың сұрақтары

1. Алашорда өкіметінің орталығы қай қала? (Семей)

2. Алашорда бағдарламасы неше бөлімнен тұрады? (10)

3.2002ж 29 тамызда Астананың төрінде Елбасының идеясымен ашылған Елорданың символына айналған монумент қалай аталады? (Астана-Бәйтерек)

4. «Оян, Қазақ!» деп ұранын тастаған кім? (Міржақып Дулатұлы)

5.Көне түркі жазуы қалай аталды?—Руна

6. Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген жылдары. (1866-1937)

7.Қазақстанның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2003ж 6 қаңтар)

8. Ел тағдырында мәңгі есте қалған Желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? (1986 жылы)

9.В.В.Бартольд соғдылардың қоныс аударуының негізгі себебі ретінде нені атайды?—сауда

10.Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды? (1914-1918жж)

ІІ кезең: «Кім тапқыр?» Топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап беру. Дұрыс жауап 10 ұпай.

1-топқа:

Өзінің үсті-басын жыртып, тілік-тілік етіп, парсы әскерінің алдынан шығады. Парсы патшасы І Дарийға «Мен сақтардан қорлық көрдім, олар мені қорлады, енді олардан кек алғым келеді. Сендерге олардың жасырынған жерлерін көрсеткім келеді.» деп алдап, парсы әскерін шөл далаға апарып тастаған сақ жауынгері кім? (Шырақ)

2-топқа:

Тиграхауда сақтарына қатысты ең ежелгі жазба деректе былай делінген: «Дарий патша айтады: Содан кейін мен сақтарға аттандым. «Шошақ бөрікті сақтар маған қарсы шықты. Мен олардың көп бөлігін талқандап, қалған бөлігін тұтқындадым. Скунха деген көсемдерін тұтқындап, маған алып келді». Бұл жазба қалай аталады? (Бехистун жазбасы)

3-топқа:

Ол қандай да бір аймақты жаулап алған кезде тұрғындарды ренжітпеді,олардың меншік құқығын бұзбады,олардың арасына өз адамдарын қойды.Бағынған елдің адамдарын қорғады”.Марко Поло кім туралы осындай дерек келтіреді? ( Шыңғыс хан)


Жоғары, жоғары, жорғала

Шапшаңдыққа таң қал ма.

Ойын деген нарталас,

Жеңілемін деп ойлама! Олай болса келесі  ІІІ кезеңіміз - «Жорға». Әр бөлім таңдап, сол ұяшықтағы сұраққа жауап беріп, сол ұпай санын иеленеді.

Тарих-10 . Қазақ хандағының негізін салушылар кімдер? (Керей мен Жәнібек)

Тарих-20 . «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады...» - деп күйінген қазақ зиялысы кім? (Смағұл Сәдуақасов)

Тарих-30. Азамат соғысы жылдарында қабылданған экономикалық саясат не деп аталды? («Әскери комунизм»)

Тарих-40. «EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)

Тұлғалар-10. Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын? (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

Тұлғалар-20. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан Компартияы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарушы, еліміздің іргесін нықтап, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан? (Д.А.Қонаев)

Тұлғалар-30. Ол кезде Дешті Қыпшаққа Әбілқайыр хан билік етті.Жәнібек пен Керей одан кетіп, Моғолстанға келді. Есенбұға шын көңілмен қарсы алып, оларға Қозыбасы аумағын берді.Бұл кімнің дерегі? (М.Х.Дулати)

Тұлғалар-40. «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыздеген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалды... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистерлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж»-деген кім? (Әлихан Бөкейханов)

Шаһарлар тарихы-10. ХІ ғ. бастап бұл қала сыр бойындағы Қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығына айналды. 1219 жылы Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы қаланы қоршап, қантөгіссіз берілуін талап етті. Қала тұрғындары Жошы жіберген елшіні өлтіріп, монғол шабуылына ерлікпен қарсы тұрды. Жеті күн шайқастан соң жендеттер қала халқын түгел қырды. Қай қала туралы айтылды? (Сығанақ)

Шаһарлар тарихы-20. Жазба деректерде бұл қала VI ғ. бастап белгілі.VIIғ. алғашқы онжылдықтарында қала Ұлы Жібек жолындағы орталық ретінде маңызды рөл атқарды. Xғ. Араб географы Әл-Макдиси бұл қаланың үлкен екенін атап өтеді. Бұл қай қала?(Тараз)

Шаһарлар тарихы-30. Бұл қала Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде, Сырдария өзенінің оң жақ аңғарында орналасқан. VIІІ – Х ғғ. Бұл қаланың орнына Шауғар деген қала болған. ХІХ – ХХ .. бұл қала гүлденіп Яссы деп аталды. Бұл қай қала? (Түркістан)

Шаһарлар тарихы-40. Бұл ХІХ ғ. Басында қоқандықтар тұрғызған бұрынғы шағын бекініс. Оны орыстар 1853жылы жаулап алды. 1925 жылдан бастап қазіргі атауымен аталады. Бұл қай қала? (Қызылорда)

Ұйымдар 10 — Қазақстан қашан БҰҰ-на мүше болды? (1992 жылы 2 наурызда)

Ұйымдар 20 – ТМД қашан, қай жерде құрылды? (1991 жылы21 желтоқсанда, Алматыда)

Ұйымдар 30 – ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанда қашан өтті? (2010 жылы 1-2 желтоқсанда)

Ұйымдар 40 – ШЫҰ қашан құрылды және құрамына қай елдер кірді? (1996 жылы “Шанхай бестігі” ұйымы құрылды, оған Қазақстаннан , Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан кірді. 2001 жылы “бестікке” Өзбекстан қосылғаннан кейін ұйым Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) болып аталды.)

-ІҮ кезең: “Полиглот” шарты: мақалдың түсіп қалған сөзін тауып,оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару,үш тілге аударылса-30 ұпай,екі тілге аударылса-20 ұпай,тек жауабы айтылса-10 ұпай.

1.Өнер алды- қызыл … Тіл-язык- language

2.Таяқ еттен өтеді, … сүйектен өтеді. Сөз-слова- word

3….тамған тілден, у да тамар. Бал-мед- Honey

Қорытынды сөз: Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!

Бүгінгі көріп тамашалаған «Тарих дөңгелегі» атты интеллекуалды сайыс ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!