Тарих пәнінен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыны жүйелі олауға үйрету
№82 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі
Жамангарина Эльмира Айтказиевна
Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі- рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.
Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген оқытушылар заман талабына сай оқушыларды жан-жақты түлға ретінде дамыта отырып, оқыту үрдісінде педагогикалық жаңа технологияларды пайдалануда. Шығармашыл тұлғаны шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушы ғана қалыптастыра алады.
Чехтың ұлы педагогі Ян Амос Коменский «Ұстаз оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет. Егер шәкірттің бойында оқуға деген ынта – ықылас оянбаса, онда жүз мұғалім оған төніп тұрса да одан түк шықпайды» деген болатын. Білім, біліктерін оқушылардың зердесіне қалай ұялатудың ұтымды жолдарын, әдістерін талмай іздеу – әр ұстаздың міндеті. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін қызығу қабілетін ояту қажет. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Шығармашылық іс-әрекет оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына, танымдық біліктердің жетілуіне, өз іс-әрекетіне жауапкершілік, өз болашағына және қоғам өміріндегі құндылықтар мен дұрыс көзқарас ұстанымдарының қалыптасуына мүмкіндік береді.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау үшін біз олардың дербес ойлануын жандандыра түсуге тиіспіз. Оқушы тарихты «зерттеп үйрену» кезінде оқу материалын «жаттап, қайталай бермей» өткеннің оқиғалары мен адамдарына өзінің көзқарасын білдірсе, өткенмен сұхбат құра отырып оның тәжірибесін өз бойына дарытып іштей нәр алса, оқушы рухани жағынан биіктей түседі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін шығармашылық ойлауы мен шығармашылық тұрғыда жұмысын дамытуда тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Шығармашылық тапсырмалар орындау барысында бала шығармашылық ойлауға бейімделіп қуанышқа бөленеді. Оқу үдерісінде оқушылардың шығармашылық сипаттағы тапсырмаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігіне байланысты.
Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мынадай кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең. Сергіту.
Бұл кезеңде репродуктивті тапсырмалар беріледі. Оқушы өте ұқыптылықпен әрбір сауалды тыңдап, оған айқын, тез жауап беруі қажет.
-
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері бар?
-
Қазақстанның қандай астаналары болған?
-
8+5 орысша қалай айтылады? (Жауабы: он үш)
-
Жетіні жетіге қосып, оны жетіге бөлсе қанша болады? 7+7:7 (жауабы:2)
-
Соңғы әрпі «Р»мен аяқталатын айларды атаңдар және олар есеппен санағанда нешінші? (Олар қаңтар, сәуір, мамыр; 1;4;5)
-
Елдердің есімдері мен астаналарын және оны керісінше анықтаңдар: Бейжін, Финляндия, Мәскеу, Лондон, Қазақстан, Франция, Анкара,Сеул, Жапония, Бағдат, Рим, Бразилия,т.б.
Бұл тапсырмалар балалардың білім дәрежесіне қарап беріледі.
Сандық диктант
Егер оқушы мұғалімнің айтқанын дұрыс деп есептесе, өз парағына «1», егер дұрыс емес болса «0». Мысалы:
Қазақстан – еуразиялық мемлекет.
1916 жылғы Торғай көтерілісінің жетекшісі – Б.Әшекеев.
ҚазЦИК-тің тұңғыш төрағасы- С.Меңдешов.
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды.
«Ленинградтық өренім» жырының авторы- Ж.Жабаев.
Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі.
Жалпы жауап:10101101
(Торғай қөтерілісінің жетекшісі- А.Иманов; алғаш «Алтын адам» Есік қорғанынан, Алматы маңына табылды; Тұңғыш ғарышкер – Ю.Гагарин).
Сауал және тапсырмалар ойлау қабілетін арттыратын санат бойынша берілсе, мысалы:
-
Кіші жүздің Ресейге қосылған жылының соңғы екі санын атаңдар.
-
Алғашқы қазақ ханының аты неше әріптен тұрады?
-
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ақынның шын есімі кім?
-
Абылай хан тағына неше жасында отырған?
Екінші кезең. Оқушының психикалық механизмдерін дамыту. Есте сақтауды машықтандыру білімді ауыстыра алмайды, бірақ білім сапасын көтеруге негіз болады.
1.Көру қабілетін дамыту
Төмендегі сөздерді үш мәрте ұқыптылықпен оқып шығып, есте сақтау керек, дәптерді жауып қойып сауал тапсырмаларын орындаймыз.
Сақ. Көшпенді. Қола.
Геродот. Шырақ. Рабад.
1)Соңғы сөз неше әріптен тұрады?
2)Қанша сөз тек бір буыннан тұрады?
3)Қанша сөз «Қ» әрпімен аяқталады?
4)Кісі есімі нешеу?
5)Бұл сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
2.Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар
Тақырыпқа қатысты бірнеше сөзді ауызша айтып шығып, оны сол естіген реті бойынша дәптерлеріне жазғызып шығу.
3.Зейінді дамыту үшін тапсырмалар.
1)Тәуелсіздік шежіресіне анықтама беру
1-кесте
|
1991.16.12. |
1991.02.10 |
1991.29.08 |
1991. 21.12. |
|
1992. 29.09 |
1993. 28.01 |
1995.30.08 |
1992 . 02 03 |
Жауаптар:
1991 16.12. Қазақстанның тәуелсіздік алған күні.
1991 02. 11 Тұңғыш қазақ космонавты Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 21. 12. Алматыда ТМД-ның құрылуы жөнінде шешім қабылданды.
1992 29.09. Тұңғыш дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өткізілді.
2)Реттік орын бер:
2-кесте
|
Оқиғалар |
Реттік орны |
|
КСРО-ның құрылуы |
I |
|
ТЖМК-ның құрылуы |
II |
|
Ту мен елтаңбаның бекітілуі |
IV |
|
Алғашқы әнұранның қабылдануы |
V |
|
Ішкі істер әскерінің құрылуы |
III |
3)Сәйкестендіру тестісі:
1.Патша а)Ғұндар
2.Гуньмо ә)Сақтар
3.Хан б)Оғыздар
4.Гурхан в)Қарақытай, қидандар
5.Жабғу г)Қаңлылар, қыпшақтар
6.Қаған д)Түріктер, түркештер,қарлұқтар
7.Шанью е)Үйсіндер
Есте сақтау қабілетіне негізделген зейінді тұрақтандыратын, қабілетті арттыратын негізгі тапсырмалардың сабақта көптеп пайдаланылуы, балаларды әрдайым жиынтық әр түрлі қиылыстарға даяр, өзінің қабілетіне сенімді және жалпы білім алуда саналы жоғары дәрежеге жететіндігін көрсетеді.
Шығармашылық тапсырмалар толық өз алдына жұмысты талап етеді. Іздену қызметіне негізделген, ілімге шығармашылық кірісу, жеке тұлғаны қалыптастырып және еліміздің ғылыми әлеуетін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақты даярлауға жол ашады.
Қолданылған әдебиеттер:
-
С. Әлімқұлова «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы» Қазақстан тарихы әдістемелік журналы, № 5 2006 жыл.
-
Д.Айтахунова «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы» Жалпы тарих және құқықтану мектепте журналы, №1 2004 жыл.
-
«Қазақ тарихы» әдістемелік журналы №32012ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тарих пәнінен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыны жүйелі ойлауға үйрету

шағым қалдыра аласыз