2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тарих сабағында оқушылардың негізгі құзіретіліктерін дамытуда АКТ қолдануы

Тарих сабағында оқушылардың негізгі құзіретіліктерін дамытуда АКТ қолдануы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих сабағында оқушылардың негізгі құзіретіліктерін дамытуда АКТ қолдануы мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді пайдалану жолдарын қарастырады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Шаяхметова Жанар Сайлаубековна – тарих пәні мұғалімі. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылы ІТ мектеп-лицейі» КММ


Тарих сабағында оқушылардың негізгі құзіретіліктерін дамытуда АКТ қолдануы


Аңдатпа. Тарих сабағында оқушылардың негізгі құзіретіліктерін дамытуда АКТ қолдануы мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді пайдалану жолдарын қарастырады. АКТ-ны қолданудың әдіс-тәсілдері, цифрлық ресурстармен жұмыс істеу ерекшеліктері және заманауи білім беру платформаларын пайдаланудың тиімділіктері көрсетілген. Мұғалімдерге оқушылардың сыни ойлау, зерттеушілік, коммуникациялық және өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Сондай-ақ, тарих пәнінің мазмұнын меңгеруді жеңілдету және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін интерактивті құралдарды, мультимедиалық ресурстарды және сандық карталарды қолдану мысалдары ұсынылады.


Аннотация. На уроках истории рассматривается использование информационно-коммуникационных технологий (ИКТ) с целью развития ключевых компетенций учащихся. Описаны методы эффективного применения ИКТ, особенности работы с цифровыми ресурсами и преимущества использования современных образовательных платформ. Это помогает учителям развивать у школьников навыки критического мышления, исследовательской деятельности, коммуникации и самостоятельного обучения. Также приведены примеры использования интерактивных инструментов, мультимедийных ресурсов и цифровых карт для облегчения усвоения содержания предмета и повышения интереса учащихся к предмету.

Annotation. In History lessons, the use of information and communication technologies (ICT) is considered with the aim of developing students' key competencies. The methods of effective ICT application, the features of working with digital resources, and the advantages of using modern educational platforms are described. This helps teachers to develop students' skills in critical thinking, research activities, communication, and self-directed learning. Examples of using interactive tools, multimedia resources, and digital maps are also provided to facilitate the comprehension of the subject content and increase students' interest in the subject.



Оқуытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру -қазіргі заман талабы. XXI ғасыр- ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың маңызы зор.

Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми- технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру просецтерінің қарқынды дамуы жан- жақты, жаңа технологияны менгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі -тек білім мен қаруландырып қана қоймай,өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз мінез құлықтарын, ұстанымдарын мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді.

Оқушылардық ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Тарих сабақтарынды ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушының өз бетімен жұмысы;

- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу, - білім білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексер -шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру: - қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; - қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; - экономикалық тиімділігі; - іс әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

- есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

- оқушының ой- өрісін дүниетанымын кенейтуге де ықпалы зор.1(5)

Оқытушы сабағында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігіне жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану оқыту тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.Соңғы жылдары ақпараттық коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық , интерактивті тақта қолдануға айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез келген саласында «Электронды оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда тарих пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электронды оқыту құралдарын жатқызуға болады.1(3)

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты оқыту процесінде үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіске қабілетін дамыту. 6(10),Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне бұрынғы алған білімдерін кеңейтуге үнемі мүмкіндік береді. Әр бір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, теске жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауғада дағдыланады.Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс және музыка таңдауға болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлде қайда әсерлі, әр тиімді.Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор.

Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай -ақ мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық оқушыға оқу материалдарын игеруге, өзін -өзі бағалауға мүмкіндік береді.Тарих пәніне арналған электронды оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша оқушы толық ақпараталып өз білімін тексере алады.

Компьютер оқыту үрдісінің барық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, қайталағанда, білімін , іскерлігін және дағдыларын бақылағанда.

Оқытушыға оқушылардың әрқайсының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылар мен жеке жұмыс жүргізуге болады.

Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергені анықтауға, сол арқылы бағаланады. Презентация ұғымы өзінің толық мағанасында (лат. Praezenij тапсырамын немесе ағыл. Prezeni- ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын , дайын өнім мен қызмет енгізу нәтижесін бақылауды , сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрін ұсыну- бұл әрдайым презентация сайд деп көзге көрінетін күрделі обьектіні айтамыз. Оның құрамын тақырыптар , мәтін, кеселер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейне клиптер мен гиперсілтемелер кіреді.4(8), Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды фикцациялау кезінде қолданылады.

АКТ -ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:

*дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

*әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ -ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою );

*ұйымдастырушылық ( оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтында етіп жұмысты ұйымдастыру).

АКТ-ны тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді?

  • Ақпараттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу;

  • Ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту

  • Сынитұрғыдан талданған ақпараттарын негізінде саналы шешім қабылдауға үйрету;

  • Ақпаратты өз бетінше табу, талдау, іріктеу, сақтау, түсіндіру және ақпараттарды тасмалдау, оның ішінде қазіргі замандағы АКТ -дың көмегі мен жүзеге асыруды қалыптастыру;

  • Оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары мен айналысуына жетешіліктеу;

  • Өзбетінше мақсат және оны негіздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру.3(7)

АКТ -ны тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін артыру үшін сабақты түрлендіріп өтуізу; сабақта ақпарат құралдарын пайдалану; оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету- интернетке шығуболып табылады. Мұғалімдерге АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі. Қазіргі заман талабына сай білім беруді ұйымдастыру үшін АКТ-ның мүмкіндіктерін толықтай пайдалану өте маңызды.






Пайдаланылған әдебиеттер:


1 Ахметова, А. Б., & Дүйсенбаева, Ж. Қ. (2019). Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу процесінде пайдалану. Қазақстандағы білім беру жүйесі: мәселелер мен даму жолдары, 1(5), 34-38.

2 Айтқазина, А. М. (2018). Мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану жолдары. Білім беру саласындағы инновациялар, 1(3), 52-58.

3. Бейсенова, Н. С., & Сейдалиева, М. А. (2020). Цифрлық білім беру ресурстары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Заманауи педагогика және ақпараттық технологиялар, 3(7), 61-65.

4. Мұхамбетова, С. Ж., & Жақыпова, Ә. Ж. (2021). Тарих сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі. Педагогикалық зерттеулер: теория мен практика, 4(8), 22-28.

5. Нұрсейітова, А. А. (2022). Тарих пәні бойынша білім беру процесінде АКТ пайдалану әдістері. Білім инновациялары, 6(10), 40-45.

6. Қожахметова, Г. С., & Әбдіжапарова, Б. С. (2021). Тарих сабағында ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, 2(4), 87-92.

29 Наурыз 2025
113
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі